Балабақша Шуақты күн (сенсорика)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлім:Сурет салу
Тақырыбы:Қыстағы шуақты күн
Мақсаты:
1.Қыстың күнгі күн шуағын бейнелеуге уйрету
2.Елестету, қиялдау қабілеттерін дамыту
3.Эстетикалық тәрбие
Сөздік жұмыс:күннің шуағы, шырша, суық, аяз.
Заттық дамыту ортасы:суреттер, үлгі, акварель бояуы, таяқша, су құятын ыдыс, қолорамал.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Жылулық шеңбері:Армысыз қайырымды Аспан Ата,
Алмысыз мейірімді Жер Ана
Армысыз шұғылалы Алтын күн,
Қуанайық, шаттанайық бәріміз.
Күліп шықты бүгін күн.
Балалар шеңбер жасап тұрады.
Ұйымдастыру - іздестіру
Жұмбақ:
Жұрттың бәрі сүйеді,
Бірақ қарай алмайды.
Балалар жауабын шешеді.
-Күн.
Слайдқа назар аударту
Қыстағы табиғат көрінісі туралы әңгіме жүргізу
Сұрақ-жауап
Бүгін күн қандай?
-суық,қар жауып тұр.
Күн қандай болады?
-дөңгелек, суық, ыстық, үлкен
Балалар аспанда күн болмаса дала қандай болады?
-қараңғы, суық болады.
Балаларға сурет салу тәсілін көрсету.
Балалар сурет салады.
Балалардың өзіндік жұмыстары
Балалармен жеке жұмыс
Сергіту сәті:
Күн ұйықтайды,
Күн оянады.
Жел соқты,
Жаңбыр жауды.
Бұлт түнерді,
Найзағай шатырлады.
Күн ашылды,жел басылды.
Балалар қимыл-қозғалыс арқылы жасйды.
Рефлесифтік-түзетушілік
Қыс, күн туралы тақпақ.
Жарқырайды күннің көзі,
Нұрын шашып далаға.
Күн сәулесін төгеді,
Бақыт сыйлап далаға.
Сұрақ-жауап:
Біз не білдік?
Қыстағы шуақты күнді
Қандай сурет салдық?
Сөздік жұмыс:
Дид.ойын:күн, ауа, су
Балалардың өздері таңдайды.
Қорытынды:Оқу іс-әрекетінде не білдік?Не салдық?
Жақсы салынған суреттерді мақтап-мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Қыстың күні күн шуағын бейнелеуді;
Нені игерді:таяқшамен, бояумен жұмыс жасау;
Нені біледі: түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолданады.

© 2010-2022