Жемістер Балаларға жемістер туралы түсінік беру

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы : Қатынас

Бөлімі : Тіл дамыту .

Тақырыбы : Жемістер .

Мақсаты : Балаларға жемістер туралы түсінік беру , ой - өрісін , тілдерін дамыту .

Әдіс - тәсілі : Әңгімелеу , көрсету , үйрету , түсіндіру , сұрақ - жауап .

Көрнекілігі : Жемістердің суреттері , муляждар .

Сөздік жұмыс : Жеміс , бақ .

Биллингвальды сыңары : Алма - яблоко , алмұрт - груша .

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Жаздыгүні шілдеде ,

Жеміс пісіп толады .

Қызыл жасыл гүлдерге ,

Көбелектер қонады .

Сұрақ - жауап арқылы балалармен әңгімелесу .

Шеңберге жиналып өлең жолдарын қайталайды .

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Балалар бір жылда неше мезгіл бар ?

Күз айларын атайықшы ?

Жемістердің суретін көрсетіп , балалардан бір сөзбен қалай айтатынын сұрау .

Мынау қандай жеміс ?

Түсі , пішіні қандай ?

Мынау не ?

Түсі , пішіні қандай ?

Жемістер қайда өседі ?

Балалар жемістер туралы тақпақ білемізба ?



Жарайсыңдар балалар .

Биллингвальды сыңары : Алма - яблоко , алмұрт - груша .

Суретпен жұмыс .

Балалар суретте не көріп тұрсыңдар .

Алмадан не жасаймыз ?

Иә , алмадан тосап , кампот қайнатады .

Жемістер туралы көп нәрсе білдік , енді есеп құрастырып жіберейікші .

Ағаштың басында үш алма өсіп тұр . Оның біреуі жерге түсіп қалды . Сонда ағаштың басында неше алма қалды ?

Сергіту сәті .

Ағаштар тербеледі ,

Алдынан жел еседі .

Кіп - кішкентай ағаштар ,

Үп - үлкен болып өседі .

Ойын : "Кім жылдам ?"

Балаларды екі топқа бөліп жемістерді жинау . Қай топ жылдам әрі көп жеміс жинайды .

Төрт мезгіл бар .

Қыркүйек , қазан , қараша .

Жемістер деп аталады .

Алма .

Домалақ , қызыл .

Алмұрт .

Сопақша , түсі жасыл .

Ағашта , бақта өседі .

Нұралы :

Мен алмамын, алмамын ,

Балдай тәтті бар дәмім .

Аруна :

Мен шиемін ,шиемін,

Күннің көзін сүйемін .

Жаннұр :

Мен алмұртпын,алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың .

Жансель :

Мен өрікпін,өрікпін,

Табиғатқа көрікпін .

Балалар қайталап айтады.

Балалар суретке қарап әңгімелейді . Балалар алма бақта алма теріп жүр т.б.

Сок , кампот жасайды .

Екі алма қалды .


Балалар өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды .

Балалар жемістерді жылдам жинай бастайды .

Рефлексивті түзетушілік

Бүгінгі оқу іс - әрекетіміз ұнады ма ?

Біз не жайлы білдік ?

Жемістерге нелер жатады екен ?

Балаларды мақтап , мадақтау .

Балалар жауап беруге тырысады .

Күтілетін нәтиже

Біледі : Жемістердің қайда өсетіні туралы

Игереді : Жемістер және жыл мезгілдері жайлы

Меңгереді : Жемістер жайлы тақпақты айта алады



© 2010-2022