Урок Оқу құралдары хикаясы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары хикаясы

Сабақтың мақсаты:

1. Оқу құралдары туралы түсінік беру.

2. Балалардың бойында білімге деген қызығушылығын арттыру.

3. Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сабақтың көрнекіліктері: Оқу құралдарының суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді.

Жаңа сабақ:Жұмбақ жасыру.

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Ұшымен қазық торкөзді жазық

Үстіне өттім асыл сөз жазып. (Дәптер)

Алты қырлы, алты сырлы. (Қалам)

Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған. (Бор)

Қыркүйек айында балалар мектепке барады. Сабақ оқиды. Ол үшін кітап-дәптерлер, қалам-қарындаштар сатып алады.

Дәптермен жұмыс: А.Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен таныстыру, әңгімелесу.

-Жанатбек биыл қайда барады?

-Анасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әпереді?

-Жанатбек дәптерді қалай былғады?

-Қалам, дәптерлер неге ренжісті?

-Атасы немересін қайда апарады?

-Мұғалім Жанатбекке не берді?

-Жанатбек кітаптарды қайда салды?

-Кітап достарына қандай ақыл айтты?

-Кітаптың айтқаны дұрыс па?

-Сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасаған қылығы дұрыс па?

«Бірлік болмай, тірлік болмас» мақал-мәтелді түсіндіру.

Сергіту сәті:

Біз мектепке барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Кітапты да оқимыз,

Суретті де саламыз. (Қимылмен көрсету.)

Дидактикалық ойын: «Қай зат артық?»

Ойынның шарты: Үстел үстіне оқу құралдары мен ойынышықтар араластырып қойылады. Сөмкеге оқу құралдарын жинап, артық заттардың атын атау керек.

Қорытынды:

-Мектепте оқыған сендерге ұнай ма?

-Оқу құралдарын қалай ұстау крек?

-Сабақты жақсы оқитын баланы қалай атайды?

-Оқу құралдарын ата.

© 2010-2022