Технологиялық карта Біздің бір күніміз ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта

Білім беру: Қатынас, 05/03. 2015жыл

Оқу іс-әрекеті:Қар.мат.ұғым.калып-ру.

Тақырыбы: «Біздің бір күніміз»

Мақсаты: Апта күндері туралы түсініктерін бекіту,тәулік бөліктері туралы түсінік беру

Білімділігі:Балаларға қарапайым математикалық дағдыларды қалыптастыра отырып,тәулік бөліктері туралы білімдерін қалыптастыру: Дамытушылығы: Баланың логикалық ойлау қабілетін,танымын ,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі:Бір-біріне сыйластыққа, ұқыптылыққа,тез жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі:Шаттық шеңбері, түсіндіру,сұрақ -жауап,ойын-жаттығулар.

Пәнаралық байланыс:Қоршаған орта, сурет, жапсыру.

Көрнекіліктер:Суреттер топтамасы,сандар, слайд,ақ парақша ,үлестірмелі суреттер ,карындаштар,

Іс әрекет -кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын алайық,

Жүрекке жылу салайық.

Жиналған жылы шуақты,

Апайларға шашайық.

Тәрбиешімен бірге қайталап айтады









Іздену

Ұйымдастырушы




















-Балалар, бізге көптеген қонаұтар келіп қалаыпы,қанекей қонақтармен амандасайық.

Біз әдепті баламыз,

Амандасу үлкенге ,

Тәрбиеннің басы ғой.

Алдыменен қонақпен

Амандасып аламыз.

Ал кәнекей бәріміз

Сәлем!- дейік үлкенге!

- Қане барлығымыз түзу отырып,әдемі отырып оқу іс-әрекетін бастайық

Ойын

-Балалар , қазыр қандай мезгіл?

-Көктем айлары қандай еді ,кім атап береді екен?

-Балалар,бүгін аптаның нешінші күні?

-Бір аптаның неше күнін де біз мектепке келеміз ?

-Ал қанша күн демаламыз?

-Апта күндерін кім маған айтып береді екен ,ұмытып қалмадық па ,есімізге түсірейікші?

Дүйсенбі,

Сейсенбі,

Сәрсенбі,

Бейсенбі,

Жұма,

Сенбі,

Жексенбі.

-Ал енді бес күн мектепке келеміз дедік ,кім маған беске дейін санап бере алады екен?

1,2,3,4,5

Беске дейін тура санадық ,енді кім кері санап береді?

5,4,3,2,1

Санамақ

Бір дегенім білеу,

Екі дегенім егеу,

Үш дегенім үсік,

Төрт дегенім төсек,

Бес дегенім бесік,

Алты дегенім асық

Жеті дегенім желке ,

Сегіз дегенім серке,

Тоғыз дегенім торқа.

Он дегенім оймақ ,

Онбір қара жұмбақ

-Өте жақсы, санамақты тамаша айттың.

-Есімізге түсірейікші апта туралы тақпақ білетін едік қой , кім айтып береді ?

Дүйсенбіде доп ойнадық қорада

Сейсенбіде серуен құрдық далаада

Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп,

Ж

Сенбі күні кино көрдік қызықты

Жексенбіде үйде болдық демелдық

Балаларға слайд арқылы тәулік бөліктеріне сәйкес өз суреттерін көрсетеді.

-Балалар мына суртерге қарайықшы?

-Мынау қандай уақыт?

Иә дұрыс айтасыңдар , ал осы таңертеңгі уақтқа кім тақпақ айтып береді?

Ұйқымыздан оянамыз

Бетімізді жуамыз

Анамызға ереміз

Мектепке біз келеміз.

Слайдты одан әрі көрсетемін,сұрақтар қоямын:

-Ал мына суретте не көріп отырсыңдар?

Біз үйге кетуге жиналып , киініп жатырмыз, қалай ойлайсыңдар бұл қай уақыт?

Бұл түс мезгілі,үйге кетеміз,үйге барып тамақ ішеміз,ойнаймыз,ұйықтаймыз.

Түс мезгілі туралы тақпақ кім біледі?

Үйімізге қайтамыз

Тамақ ішіп аламыз

Біз тәртіпті баламыз.

-Өте тамаша ,енді мына суретте қандай уақыт деп ойлайсыңдар, теледидар карап отырмыз , терезеден күн көрінбейді.

Үйімізде ойнаймыз

Анамызды күтеміз

Үйімізге кетеміз

Теледидар көреміз.

Бұл күн батып , жерге қараңғылық түскен уақыт, бұл кешкі уақыт екен.

Үйлерде шам жанады,

Маңай тастай қараңғы.

Ертегіні тыңдап алып,

Тәтті ұйқыға батамыз

Бұл қай уақыт екен?

Түнгі уақыт екен балалар, түнгі уақытта адамдар , жан-жануарлар , өсімдіктер де, құстар да , жануарлар да бәрі-бәрі ұйықтайды екен.

Сергіту сәті

Балаларды слайд арқылы сергіту.

«Маша мен аю»

-Балалар,Аю нені жақыс көреді?

-Балды не жинайды?

-Балалар,бізбен ара жасырынбақ ойнағысы келіп тұр екен,бәріміз тақтаға қарайықшы.

Слайд арқылы пішіндермен таныстыру.

-Балалар күн қандай пішінге ұқсайды екен?Тағы қандай заттар шеңберге ұқсайды есімізге түсірейік.

Мәшинанаң дөңгелегі,қарбыз, бақбақ гүліне,алмаға т.б.

Топпен жұмыс

1 топ тапсырма сурет салу

Балаларға шеңберге ұқсайтын заттардың суретін салу.

«Қай пішінге ұқсайды?» дидиактикалық ойыны

2 топ тапсырма жапсыру

Балаларға суреттер арасынан төртбұрышқа ұқсайтын заттарды тауып, жапсыру.

«Салыстыр» дидиактикалық ойыны

Тақтаға әртүрлі көлемдегі заттардың суреттерін іліп қойып,балалардан олардың көлемдері қандай екені туралы сұрақтар қояды:

Мысалы:шар жеңіл-кір тас ауыр,

Бөшке жуан-бидай жіңішке,

Таза киім-кір киім

Доп астында -гүл үстелдің үстінде

Сергіту сәті

«Бала,бала балақан» әнін айту.



Балалар хормен бәрі қайталайды.





Көктем мезгілі.

Бес күнінде .

Екі күн.

Балалар апта күндерін атайды.



Балалар 5 -ке дейін санап береді.

Кері санайды.



Балалар санамақ айтады .





Балалар өздері білетін санамақты айтады.





Балалар суреттеге назар аударады.

Балалар білетін тақпақтарды айтады.

Сұрақтарға жауап береді.











Түнгі уақыт.



Слайдпен бірге сергіту жаттығуын жасайды.



Допқа,апельсинге т.б.



Балалар тапсырманы орындайды.

Жапсыру арқылы тапсырманы орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.



Әнді қимыл-қозғалыс жасау арқылы орындайды.





Рефлексифті коррекциялаушы

Қорытынды.

-Апта неше күннен тұрады?

-Оның неше күнін мектепке келеміз,неше күнін үйде демаламыз?

-Ал бір күн неше бөліктен тұрады екен?

Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже :

Білуі керек: Апта күндерінің атын атауды.

Игеруі: Аптада бес күн сабақ оқимыз, екі күн демаламыз

Нені білді:Тәулік бөліктерін ажырата алуы.(таңертең,түс, кеш, түн )

Техналогиялық картаны толтырған: Биханова.К.А



© 2010-2022