Другие методические материалы Золотая осень утренник

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жомарт күз

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Балалардың қолдарында жапырақтар.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгін балалар дайындаған «Жомарт күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
Ән: «Күз»

Балалар отырады.

(Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)
- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:

Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен - Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Досым екеуіміз сендердің өнерлерінді тамашалауға келдік
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбаќ жасырайын.
Ағайынды бірі,
Шықса - жасыл,
Түссе - сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар біледі. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ойын: «Жапырақтар»
Тәрбиеші:

Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?- деп көкөністерімізді қарсы алайық.

1-Сабина: (Бұршақ)
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!

2-Альтаир: (Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.

3-Али: (Орамжапырақ)
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.

4-Нұрхат: (Қияр)
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!

5-Альбина: (Шалқан)
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң ќалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды.

6-Дінмұхамет: (Сәбіз)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!

7-Мирас: (Асқабақ)
Әсем бақша-бауында
Қатты ұќсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға.

8-Айша: (Қызанақ)
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?

9-Сұлтан: (Пияз)
Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
10-Алима: (Картоп)
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық!
Көкөністер барлығы:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Ќайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші:
Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер
Жұмбақ :

Көктен түседі

Жер ішеді.

Ән: «Жаңбыр»
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен. Ой,мынау қолшатыр кімдікі?
Тәрбиеші: Ол біздің биші қыздарымыздікі ғой. Олай болса
Би: «Қолшатыр»
Тәрбиеші:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Жемістерді қарсы алайық.

(Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.)

11-Александр: (Алмұрт)
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттын.
12-Тоқтар: (Алма)
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
13-Ерәлі: (Анар)
Бұтақтан үзілген
Жарылса анармын
Моншақтай тізілген,
Дәндерін аламын.
14-Арсен: (Жүзім)
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
15-Ерсұлтан: (Шие)
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен бас иемін.
16-Айсана: (Өрік)
Өрікпін, мен Өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін.
Би: «Жемістер»

Ойын: Көмекшілер»
Күз ханшайымы:-Өте тамаша,балалар!

Тәрбиеші:Күз ханшайымы, менің балаларым өнерлі, ақылды және де білімді. Оны қазіргі мақалдардан білеміз.

«Мақал-мәтелді жалғастыр»
1.Еңбек түбі--------------------
2.Еңбек етсең ерінбей--------------------
3.Адам жерге нәр береді,Жер адамға----------------
Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы көп бола берсің. Туған жеріміз тыныш болып, сол жерімізде, елімізде сіздердің, біздердің балаларымыз аман болсын! Сол балаларды «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» мәпелеп өсіріп жүрген ата-аналар аман болсын деп...

Ән: «Біз бақытты баламыз!»
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізбен бірге болыңыз, мерекемізді топта жалғастырамыз. Рахмет!




© 2010-2022