Әлеуметтік орта: Тақырыбы: Ана

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әлеуметтік орта: Тақырыбы: Ана.

Кіші сала: Көркем әдебиет

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы білімдерін қалыптастыру, анаға деген құрметін, балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуді дамыту.Аналар еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Аяулы ана.

Үш тілділік: Милая мама, Dear Mama.

Көрнекіліктер: суреттер.

Әрекеттің кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Талаптандыру, дәлелдеу.

Шаттық шеңбері:

Кәне балалар тұрамыз

Үлкен шеңбер құрамыз

Отырып бір тұрамыз Құс болып қанат қағамыз

Қайта отырып, орнымызды табамыз

Балалар шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды.











Ұйымдастыру ізденіс.

-Балалар жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

-Көктемнің алғашқы мерекесін білесіңдер ме?

-Бүгінгі оқу іс әрекетінде ақын ағамыз Өтебай Тұрманжановтың «Ана» өлеңімен танысамыз.

Ана

1.Ана әнмен тербетеді,

Күйге бөлеп жаныңды.

Көңілді сергітеді,

Балбыратып тәніңді.

Сен ұйықтасаң әнге балқып,

Анаң жаны жайланар.

Аспандағы ай да қалқып,

Ақ бетінңен аймалар.

-Мына ән кім туралы айтылған?

-Балалар, сендер білесің дер ме? Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.

Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді.Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс.Анасы бар адам бақытты.Ана деген кешірімді жан.Сенің барлық қылығыңды кешіреді, аяйды. Сондықтан әрқашан анамызды сыйлайық, құрметтейік.

Сергіту сәті.

Ана-біздің күніміз,

Ананың біз- гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Аман-есен жүріңіз.

«Мейірім ұшқыны» ойыны.

Әр бала өз анасы туралы мейірімді сөздер айтады.

-Көктем

-Қар ериді, жыл құстары келеді, ағаштар бүршік жарады.

-Аналар мерекесі.


-Мұқият тыңдайды.



-Ана




Музыка ырғағымен қимылдар жасайды.

Ойынды ойнайды

Қорытынды

Бүгінгі оқу іс - ірекетінде не туралы әңгімеледік?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтетін нәтиже :

Біледі: аналар мерекесі жайлы.

Игереді: басқа мейрамдардан айырмашылығын ажыратуды.

Меңгереді: Наурыз мейрамы туралы.

Есепберу:_________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

© 2010-2022