10 саны мен құрамы (МАД)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Ж.Нұрмаханова күні:28.01.2016 жыл

Cабақтың тақырыбы: 10 саны мен құрамы.

Сабақтың мақсаты: 10саны мен цифрын таныстыру. 10санының құрамын анықтап білу.
6 санын төңкерген кезде 9 саны пайда болады. Сандарды таныту.
Сабақтың білімділігі: 1 ден 10-ға дейін сандарды таныту. Есептер шығару.
Сабақтың дамытушылығы: Есептерді есептеу логикалық ойлау шеберліктерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сандар, электрон оқулық,интерактив тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

- Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен. Қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жайнай түсті қаламыз.
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн, апайлар!

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

- Балалар біз осы кезге дейін нешеге дейінгі сандарды өттік.

(оқушылар 1 ден 9 ға дейінгі сандарды санайды).

Оқушыларға 1 ден 9 ға дейінгі сандарды тура және кері санату.

Оқушылар өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін саралау үшін тақтақтар айтады.

1 саны
Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол бастап
Ең басында тұрамын.
2 саны
Бірден кейін тұрамын
Сандар іші тұрағым
Бірге - бірді қосқанда
Мен шығамын шырағым.
3 саны
Екіден соң әрқашан
Үш саны мен шығамын
Орныма барамын
Қос айшық саламын.
4 саны
Үш сызықтан таяғым
Оқушылар қояды
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы.
5 саны
Оқушылар 5-ті
Білу оңай десті
Санасаң қолдың саусағын
Оңай табасың бесті.
6 саны
5-тен кейін тұрамын
Сандар іші тұрағым
Басым бірмен басталып
Нольмен бітер аяғым.
7 саны
Қара мына қызықты
Кесуді кім ұмытты
Жеті болам бір тартсаң
Бел ортамнан сызықты.
8 саны
Жетіден соң әрқашан
Сегіз саны шығамын
Орныма барамын
Қос дөңгелек саламын.
9 саны
Сегізден соң әрқашан
Тоғыз саны шығамын
Басым бірмен басталып
Нольмен бітер аяғым


ІІІ.Жаңа сабақ.
Бүгінгі жаңа сабағымыз « 10» саны
10 саны құрамымен таныстыру.
5+5=10
9+1=10
5+5=10
8+2=10
4. «Көршісін тап» ойыны
5. «Қатесін тап» ойыны
6. Тақтаға есеп шығару.
2+3=5
5+5=10
7-3=4
6+4=10
7. 1-ден 20-ға дейін ауызша тура, кері санау.
8. Геометриялық пішіндерден үй құрастыру.
9. Топтық жұмыс
10-ға толтыр.

IV.Өтілген тақырыпты бекіту. Балалар бүгін біз қандай санмен таныстық?
V.Сабақты қорытындылау.
Жарайсыңдар, балалар бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Бәрің де жақсы, үлгілі, білімді екенсіңдер. Олай болса қонақтармен қоштасайық.



© 2010-2022