Сайыс сабақ Наурыз-думан (мектепалды даярлық топ)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Наурыз-думан!

Мақсаты:

  • Балалардың танымдық белсенділіктерін пайдалана отырып, шығыс күнтізбесіндегі жаңа жылды қарсы алу жоралғыларын орындауға бағдарлау.

  • Халықтық салт-дәстүрді құрметтейтін, елжанды азаматтардың қалыптасуына ықпал ету.

Қолданылатын техникалық көрнекіліктер: Бейнефильм, қима суреттер, күн мен түннің макеті, төс белгі, графопроектор, слайд.

Қанатты сөздер:

Жыл басы наурыз жасасын!

Ұлыс тойы құтты болсын!

Ұлыс құт береке әкелсін!

Береке мен бірлік болсын!

Барысы:

І. Кіріспе бөлім.

Балаларды 2 топқа бөлу.

Ұлдар - «Түн»

Қыздар - «Күн»

  • Үнтаспадан Р. Рымбаеваның орындауындағы «Наурыз» әнін тыңдата отырып, тәрбие сағатының тақырыбын оқушыларға айқындау. Тәрбие сағатының тақырыбын ілу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Көктемнің қандай айы? Көктем айының мерекелерін атаңдаршы! Алдымызда наурыз мерекесі келе жатыр. Наурыз мерекесі- жаңарудың, тазаланудың белгісі. Мектепте жаңа әндер үйреніп,үйде аналарың дастархан мәзірін әзірлеп, ауылда тазалық және әртүрлі дайындықтар жасалып жатыр. Мұның өзі - Наурыз мерекесінің алдында жылды жақсылықпен қарсы алуға бағытталған шаралардың бірі.

Наурыз-жыл басы,көктем мейрамы.Шығыс елінің бүкілхалықтық мерекесі,яғни,Ұлыстың ұлы күні.Наурыз мерекесінде наурыз көже даярланады,дастархан жайылады.Наурызда алтыбақан құрылады,ән салынып,би биленеді.Әртүрлі ойындар ойналады.

Халық түсінігі бойынша наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы Қыдыр ата аралайды екен.Бұл түн «Қыдыр түні» деп аталады.Қыдыр адамдарға дәулет дарытып,бақ қондыратын,ақсақал кейпінде көзге көрінуі мүмкін.Қыдыр ата даланы кезіп жүріп назары жерге түссе,оның тоң кеудесін жібітеді.Ал тасқа түссе,тасты ерітіп жібереді екен.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Танымдық тапсырмалар орындау.

1-тапсырма: "Күн" тобы: Наурыз сөзі қандай мағына береді?

"Түн" тобы: Қыдыр ата кім?

Әр топ берілген сұрақтар бойынша жауап әзірлейді.

Тапсырма жауаптары: «Наурыз» - парсы сөзі. Нау-жаңа, руз-күн. Қыдыр ата-бүкіл халық қамқоры, қасиет иесі, әулие көріпкел, жарылқаушы.

Мұғалім сөзі: Жаңа енген жаңа күнде әр үйді Қыдыр ата аралайды. Қыдыр ата күн демей, түн демей, тілекші болып, үй - үйге енеді екен.

2-тапсырма: Мұғалімнің сөзі:Наурыз мерекесіндегі сәлемдесу түрі қалай аталады? Балалар, Наурыз мерекесінің ең негізгі жоралғысы - құшақтасып көрісу, жаңа тілек тілеу.

(Балалар құшақтасып көріседі, төс қағыстырады)

Наурыздың тағы бір жоралғысы - «Саумалық» айту. Наурыз келгенін бір-біріне хабарлау «саумалық» деп аталады. Саумалық өлеңмен айтылады. Ал, ендеше, саумалық айтып көрейікші.

Ұлдар:

Саумалық, саумалық,

Наурызымның көк құсы

Ұйқыдан көзін ашты ма?.

Қыздар:

Иә, нәурізек келді!

Саумалық, саумалық,

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме, көрдің бе?

Ұлдар:

Иә, көк тас еріді.

Екі топ бірге:

Ескі жыл кетті,

Жаңа жыл келді.

Ескі жыл есіркей кет,

Жаңа жыл жарылқай кел.

3- тапсырма

Мұғалімнің сөзі: 2 топқа мынындай тапсырма: топ- Көктемгі табиғаттың, 2- топ- Наурыз көже ге қосылатын тағамдарды таратылған суреттерден керегін алып құрастырма жасайсыңдар және түіндіріп бересіңдер. Құрастырманы (коллаж) орналастыруға уақыт беремін. (3 мин).

Құрастырған топ өз жұмысын тақтаға іледі.

"Күн":

Құстар, бұлттар, бәйшешек, ағаш отырғызу.

"Түн":

Наурыз көжеге қажетті тағамдарды қазанға апарып жапсырады.

Мұғалімнің сөзі: Наурыз мерекесінің ең басты тағамы қалай аталады? Наурыз көже қанша дәмнен жасалады? Өзі жасаған наурыз көжені ұсына отырып, көженің құрамын анықтату.

Танымдық материал: "Күн мен Түн" бейнефильмін көрсету арқылы Нәурізек құсы мен бәйшешек гүліне тоқталу.

4-тапсырма.

Наурыздық тілектер айтқызу.

Ақ мол болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ілулі тұрған тілектерге тоқталу.

Мұғалімнің сөзі: Наурыздың тағы бір жоралғысы- «Селт еткізер» сыйы. Бұл сыйлықты қыздарды таң қалдыру мақсатында ұлдар әзірлейді. Селт еткізу үшін айна, тарақ, иіс су ұсынылады.

Айна-сұлулықтың белгісі.

Тарақ-талғампаздықтың белгісі.

Иіс су- жұпар иіс белгісі.

Әр топ оқушылары өнерлерін көрсету.

«Көкпар» биі .О «а» тобының топтық биі.

«Қаражорға» О»ә» тобының қыздарының топтық биі.

Мұғалімнің сөзі: Наурыздың ең қасиетті жоралғысы-ағаш отырғызу .Біздің аулаға ағаш отырғызуға әзір мүмкін болмай жатыр.Көктем әлі де қардың астынан шыға алмай жатқандықтан құмыраға гүл егеміз.Себебі, наурызда айтылған тілек, жақсы ырымдар періштенің құлағына тиеді. Әрқайсың гүлдей жайнап,құлпырып өсіңдер.

ІІІ. Бекіту.

Наурыз жоралғыларын қайталау. Оқушылардан бүгінгі айтылған, орындалған наурыз жоралғыларын сұрау.

Наурыз жоралғылары:

Құшақтасып көрісу,

Төс қағыстыру.

Қыдыр атаның енуі.

Саумалық айту.

Наурыз көже.

Селт еткізер.

Ағаш отырғызу.

Қорыту. Мұғалімнің қорытынды сөзі:Наурыз мерекесі біз үшін -той, жаңа күн. Тойдан мынау сенднрге шашу.(Шашу шашу)

Қыс өтіп,қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын,бұл наурыз!

  • Оқушыларға алғыс айтып, ертеңгілікті аяқтау.











Өзіндік талдау.

Наурыз-думан» атты ертеңгілік 2 топты топтастырып ұйымдастырдық. Ертеңгілікке 2 топтың да балалары қатысты.

Ертеңгілікке жоспарлаған кезеңдер мен ертеңгілік мақсаттары толық орындалды. Балалар сұрақтарға түсініп ,толық жауап беруге дағдыланып қалған. Наурыз мерекесіне орай дәстүрлер мен салттарды үйреніп,мағыналары туралы түсінік алды.

Ұлыс мейрамында өтілетін жоралғылар:

Құшақтасып,көрісу,

Төс қағыстыру;

Саумалық айту;

Наурыз тілектер;

Селт еткізер;

Ағаш егу;

Наурыз көже құрамы және әр жоралғының орындалу рәсімі туралы үйренді.Балалар наурыз жоралғыларын қызығушылықпен орындап белсенділік танытты.

Ертеңгілік соңында келген атаналарға тілек айтып,шашу шашылды.

О»а» тобының тәрбиешісі:С.Касенова.













© 2010-2022