Жасыл шырша жанындамектепалды даярлық тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»

Ертегі кейіпкерлері:

  1. «Қар адамы» -Ата-ана

  2. Сайқымазақ: ( Бегайдарова Дамегуль)

  3. Петрушкалар: (Балалар)

  4. Аяз ата: ( Мұғалім)

  5. Қаршақыз: (Жанабаева Балжан)

  6. Жаңа жыл кейіпкерлері:Жылқы -қой -(ата-аналар)

  7. Жүргізуші: Топ жетекшісі Калымбетова Б.К

Іс шараның мақсаты: Жаңа жылдық қойылым балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамыту, өнерлерін көрсете білуге тәрбиелеу. Ата-ана, бала мектеп арасындағы қарым-қатынасты арттыру, балаларға және ата-аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

(Музыка ойнап тұрады)

Жүргізуші: (даусы тыс жерден шығады)

Тезірек тездетіп жиналыңдар,

Басталады жаңа жылдық карнавал

Маска да бар, би де бар асығыңдар

Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар

Аяз ата шақырғанның бірідағы қалмайды

Басталады, басталады жаңа жылдық карнавал!!!

(Балалар музыкамен залға кіреді)

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар,ата-аналар және балалар

Сіздерді 2015-жыл жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жылым жаңа жауған қардай бол!

Жақсы тілек адамдарға арнай бер,

Қуат алып әр жыл сайын арманым,

Биіктерден биіктерге самғай бер!

Ән: « Шырша әні»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!

Енді біз кезек биге: «Жұппен би» (Новогодние елочки)

Жүргізуші: Балалар қандай керемет сыйлық алу, шырша түбін қарайық сыйлық ау мынау қәне қарайық! Ой, мынау не өзі? қорапты қара (музыка ойнайды) Қораптан Клоун шығады

Сайқымазақ: Амансыңдар ма , балалар? Бұл менмін Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар әрі қап-қараңғы Ал мұнда сондай керемет екен сендермен жаңа-жылды қарсы алайыншы. Сендермен қызықты ойын ойнағым келеді.

Сайқымазақ: Балалар менімен ойын ойнағыларың келе ме?

Жүргізуші: Әрине ойнағымыз келеді.Клоун кел балалармен бірге ойнай ғой, жаңа жылды да бізбен бірге қарсы алағой.

Ойын: «Кім жылдам?»

Ойын:«Море волнуется»

Сайқымазақ:Бұл не, балалар қандай дыбыс, әлде Аяз ата дыбысы ма? Алыстан есітіледі ғой қәне тыңдайықшы.

Қар адамы: Бұл мен ғой Мен кіммін? Мен болмасам қыстың сәні кірер ме еді? Сендерді көңілденсін қыс сәнімен болсын деп әдейі іздеп келемін, егер

мені жылы қабылдамасаңдар қазір бұрқасын қылып, жолды көміп тастаймын.

Жүргізуші: Жоқ,жоқ біз сені әрине қабылдаймыз, бізбен бірге болып көңілді кештің қонағы болыңыз!

Жүргізуші: Тақылдасын таңдайларың

Тамдандырсын талайларды

Қол соғыңдар қонақтарым!

Сайрасын бір балаларым!

Қар адамы: Балалар менімен ойын ойнағыларың келе ме?

Ойын «Кім жылдам»

Жүргізуші: Ал балалар біздің кешімізге қонақтарымыз жетіспей тұрған сияқты оны кім деп ойлайсыңдар? Әрине Аяата мен Қарша қыз ғой

Балалар:Бірге дауыстап шақырайық Аяз ата-3рет

Аяз ата: Амансыңдар ма балаларым!

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем әндерің

Асаулармен алысқан,

Боран желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан!

Армысыздар қонақтар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын!

Дауыстарыңды естіп, сендерді сағынып жеттім алыстан, алыс-алыс орманнан, биік-биік таулардан, ақ қар басқан шыңдардан сендерді көрейін деп келдім, сыйлығым тағы бар

Жүргізуші; Қош келдің Аяз ата, Ақшақар! Көптен сағынып күттік сіздерді!

Ақшақар: Сәлем достар аман ба?

Нұр берді шырша алаңға

Жылға шашу шашайық

Тойлап көңіл басайық

Біз балалар бос келген жоқпыз сыйлықтарымыз бар.

Балалар сендерге жұмбағым тағы бар.

Ақшақар: Шымшиды Аяз бетіңді

Ширатады етіңді,

Терезеңе әр күні әдемілеп өрнек салып кетеді. (Аяз)

Аяз ата: Тікен-тікен тік пісте

Қысы-жазы бір түсте.

Қыста үйге кірмейді ,

Жазда жүрмейді.

Ая-ата: Қайқы тұмсық қос табан .

Қос табанмен ұштаған,

Итерсең алға зулайды,

Шойын жолдан аумайды.

Жүргізуші: Аяз ата; Ақшақар сіздерге арнап біздің балалар тақпақтар жаттады.

5-бала. Нурсила 5-бала Гаухар

Зарина Асылзат

Аяжан Нәби

Нурасыл Мағжан

Еламан Ырысбек

Ақшақар: Қандай тамаша тақпақ жаттап еңбектенген екенсіңдер, жарайсыңдар балалар!

Жүргізуші: Балаалар мен дыбыс есітіп тұрмын бұл ненің дыбысы болды екен?

Петрушкалар: БІз көңілді Петрушкалармыз көңілді жүргенді қалаймыз.Қәне бәріңізде бірің қалмай би билейсіздер!

Аяз ата: Бәрекелді балалар! Бір сергітіп тастадыңдар-ау, рахмет сендерге көңілді Петрушкалар.

Жүргізуші:Олай болса балалар бұл мереке құрметіне тақпақтарың дайын ба?

5-бала Жанерке 6-бала Аружан

Назерке Асел

Темірлан Максат

Мұхит Назерке

Әдия Ш.Темірлан

Айдана

Аязата,Қаршақыз: Балалар біз енді сендермен келер жылға дейін қоштасамыз, басқа балаларға да сыйымызды беруіміз керек, олар бізді күтіп қалды, қош болыңдар балалар!

(Сыйлықтарын тарқатады)

Жүргізуші: Олай болса балалар ескі жылды қош айтысып шығарып салайық

Жаңа жылды күтіп алайық. (Жаңа жыл кіреді Қой-жылы)

Жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын бәріңізге! Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін! Қой жылы мерекелі, берекелі жыл болсын, аманшылық заманымыз тыныш, жылымыз қойдай жайлы жыл болсын деп тілейміз.

Жүргізуші: Жаңа жыл мерекесіне арналған кешіміз аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

(Музыка ойналады)

Сценарийді түзген: Топ жетекшісі: Калымбетова Б.К.

22.12.2014ж

© 2010-2022