Жаңа жылым, қош келдің! Шағын орталық Қарлығаш тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жаңа жылым қош келдің»

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.

Жүргізуші:Қымбатты қонақтар, ата-аналар, балабақша ұжымы, балалар! Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ, бірлік тілейміз!

Жүргізушіге бәрі қосылып: Қала нұр, дала нұр.Құтты болсын Жаңа жыл!

«Жаңа жыл» әні орындалады.

Жүргізуші:

Келіңдер жас ұландар,

Ертегімді тыңдаңдар.

Ертегімде сан қилы

Қызық-қызық сырлар бар.

Жаңа жылдың кешінде

Аңдар келіп бір шешімге

Достаспақшы ниетпен

Жиналыпты келісімге.

Соныменен, балалар

Жаңа жылға арналған

Ертегіні көріңдер

Шын бағасын беріңдер.

(Мерекелік музыка ойналады)

Шыршаның артынан қоян секіріп шығадыда:

Ау, жараңдар, ал қараңдар

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, Марстан

Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап,

Билеп-ойнап,

Көп қызыққа батамыз!

Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады.Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, аю паң!

Аю:

Жаңа жылдың алдында

Тойды еске алдым да

Ұйқымды ашып, сергідім

Ұйықтамаймын мен бүгін!

Жылды қарсы алайық

Би билеп, ән салайық.

Жаңа жылдың тойында

Жан салайық ойынға....

Екеуі қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутыңдап тулкі келеді.

Түлкі: Қоянжанға бір салем! Аю паңға мың салем!

Аю, қоян: Аман ба,түлкі, кел мұнда!

Түлкі:

Достарым ,жыл келеді

Сыйлығын ол береді

Жұмбақ шешкіш түлкінің

Өнерін жұрт көреді

Тауып өз сыңарымды

Тайсалмай, биге түсіп,

Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан. Жүрген жерің күлкілі ән!

Аю, қоян,түлкі бірге билей жөнеледі. Осы кезде орталарына кірпі келеді.

Кірпі:

Салем, достар, аман ба?

Нұр берді шырша алаңға

Жылға шашу шашайық,

Тойлап, көңіл ашайық.

Қоян келші биге басайық!

Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.

Тиін:

Тра-ля-ляй! Тра-ля-ляй!

Өнершіл аңдар-ай

Өңкей паңдар тыңдаңдар,

Жаңа жылға әнім бар

Қол ұстасып, биге басып,

Жыл әніне салыңдар

Бәріңізге бір салем.

Бәрі: Салем, тиін! Жақсы-ақ биі! Бәрі қосылып билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.

Қасқыр:Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кане құшақ ашайық, достық тойын жасайық. Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме?

Жұмбақ:

Ақсақалды шал жылына

Бір-ақ рет келіп кетеді

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып келеді. (Аяз-ата)

Жүргізуші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар. Балалар:Аяз ата! Аяз ата! - деп айғайлап шақырады.

Аяз атаның орнына зұлым патшайым ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады. Зұлым патшайым : Пай-пай ! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетсем бе екен? ( Осы кезде зұлым патшайым төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді)

Жүргізуші: зұлым патшайым! (зұлым патшайым оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды) Біз «Жаңа жыл»мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!(зұлым патшайым сөзге мән бермей ,былай дейді)Туу! (маңдайдағы терін сүртіп тұрып) Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой.Сол кезде шыршадағы жалтыраған кілтті көріп қаладыда: мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы мен ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!

Зұлым патшайым кетіп қалады, сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.

Жүргізуші: Балалар, кане тойды жалғастырайық, Аяз ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар...

Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді. Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.

Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?

Ақшақар: Жоқ-жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз Ата:

Қызым-ау, не айтып тұрсың!

Қарашы, біз тойға келдік!

Кәне, балалармен амандасайық.

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бір салем!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

(балалармен амандасады)

Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Канекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. ( ақшақар басын қөтермей тұрады)

Аяз Ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәріде тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық. (сол кезде Ақшақар жылап тұрып)

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым. Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын-дейді.

Ақшақар: Қойыңыз Ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

Жүргізуші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

Жүргізуші: Жаңа мұнда зұлым патшайым болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер. ( сөйтіп жатқанда қоян сиқырлы таяқты тауып алады)

Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! (бетінен сүйеді)

Жүргізуші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік. Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршаны жаққызады.

«Шырша» әні

Ақшақар: Аяз Ата қазір біз ару қыздармен бірге сізге «Ұлпа қарлар» биін билеп береміз, тамашалаңыз.

Қыздар биі.

Аяз Ата: Керемет балапандарым рахмет сендерге.

Жүргізуші: Аяз Ата біздің балалардың бүгінгі мерекеге арналған тақпақтары да бар.

Аяз Ата: Кәне айтағойыңдар.

Тақпақтар.

«Шаңғы тебеміз»- деген ойын ойналады.

Жүргізуші: Аяз ата бүгінгі мерекеге біздің сері жігіттерімізде құр қол келмеген.

«Аңдар» биі.

Аяз Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды бір қуантып, тастадыңдар.

Ән: «В лесу родилась елочка»

Жүргізуші: Аяз Ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?

Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығыменен білмеймін дегендей шара жасайды)

Жүргізуші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?

Аяз Ата: Иә сол кілт шығар.

Жургізуші: Аяз Ата, ол кілтті зұлым патшайым алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.

Аяз Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік. (Осы кезде залға зұлым патшайым кіреді)

Зұлым патшайым: А-а, бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатқанда еріксіз бір күш оны артқа қарай итереді)

Аяз Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды. Зұлым патшайым: Ойбай-тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек. Аяз Ата: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. Аяз Ата: «Кәне таяғым мына зұлым патшайымды қатырып таста» (зұлым патшайым тұрған бойында қатып қалады) Зұлым патшайым: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не істесем екен. Аяз Ата: Бересің ба сандықтың кілтін? Зұлым патшайым: Жоқ, бермеймін. Аяз Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім. Зұлым патшайым: Жоқ, Аяз Ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын: Балалар орманның ең сұлу, ең әдемі перизаты, патшайымы кім, қане кім айтады маған?

Балалар: Әрине, сіз.

Зұлым патшайым: Жарайсыңдар, балалар, мен жеңілдім.

АязАта: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2016шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!





© 2010-2022