Тәрбие сағат Жаңа жыл

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші

Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар,қонақтар «Күншуақ» тобының «Қуант бізді жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!!!

Жүргізуші Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың!

Көргендерде көрмегенде арманда,!

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да,

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға,

Ертеңгілік басталсын

« Күншуақ» тобында!!!

Балалар,айнала неткен тамаша әсем безендірілген,ортада шыршамыз тұр жараса Балалар бүгін қандай мереке айтыңдаршы?

Балалар\ Жаңа жыл!!!

Жүргізуші\ Ия,балалар бүгін жаңа жыл мерекесін тойлаймыз!Олай болса мерекемізді мерекелік таппақтармен бастайық!

Тақпақтар

1-Аида

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!


2- Шерхан

Оралды өлкеме

Жаңа жыл армысың

3-Меруерт

Тауда туып тауда өскен

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз

Жүргізуші\

Кәне балалар,орнымыздан тұрып мерекелік әнімізді шырқайық!

Ән « Аяз Ата!»

\Залға жүгіріп мыстан кіреді\

Мыстан кемпір «Мына жерге адамдар каптап кетіпті ғой! Әй балалар, неге жиналдыңдар

Балалар / Сәлеметсізбе әжей! Біз бұл жерде «Жаңа жыл» мерекесін қарсы алып жатырмыз

Мыстан кемпір\ Қайдағы мереке? Бұл менің жерім! Ал,мынау не ағаш? Бұл менің шыршам ғой ,орманда өсіп тұрған Ойбай! Ойбай! Мыналар ұрлап кетіпті! Қандай әсем болып кеткен тіпті танымай қалдымғой

Жүргізуші Иә,бүгін барлық жердегі шыршалар өте әсем әдемі Өйткені «Жаңа жыл» мерекесін тойлап жатыр! Оданда Мыстан әжей ,бізде қонақ болып балалардың өнерін тамашалаңыз! Төрлетіңіз!

Жүргізуші\ Балалар,мыстан әжейге мерекелік таппақ айтып берейікші

Тақпақтар

Жансая,Әмина,Мадияр

Жүргізуші\Ортада «Күнщуақ»тобының қыздары Би»Қытай ханшайымы»! Қарсы алыңыздар!

Мыстан кемпір\ Қандай тамаша,керемет өнер! Ал балалар, сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдерме? Менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр Олай болса «Орныңды тез тап» ойынын ойнайық Жеңіске жеткен балаға тәтті кәмпит беремін!

\Ойынға Мыстан 2қыз бала,2ұл бала шығады Ортаға 4үстел қойылып музыка қосылады,

Жүргізуші\Өте тамаша балалар,сендерге сыйлыққа кәмпит берейін \деп себеттегі кәмпитты таратайын десе\

Мыстан\ Қызым,әкелеғой мен таратайын \деп» алдадым,алдадым!»-деп қашып шығып кетеді

Жүргізуші Ой өзі неткен қу еді!Бәрімізді алдап кетті! Балалар,көңілдерің түспесін !

Бүгін мерекелік көңіл күйімізді ешкім бұза алмайды!

Жүргізуші Балалар,мерекелік ертеңгілігіміз өте көңілді өтіп жатыр,ортада әсем шыршамыз бар , !Бірақ балалар біздің мерекемізге біреу жетіспей тұрған сияқты? Ол кім балалар?

Балалар Аяз Ата мен Ақшақар!

Жүргізуші Ия Балалар,дұрыс айтасыңдар Олай болса барлығымыз бірге шақырайықшы Аяз Ата!Аяз Ата!Аяз ата!3рет

Жүргізуші Қуаныңдар ағайын тамсаныңдар

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар!

Аяз Ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып,қошеметпен қарсы алыңдар!

Музыка ырғағымен Аяз Ата мен Ақшақар келеді

Аяз Ата\ Сәлеметсізбе,балалар!Көңіл күйлерің қалай?

Аяз Ата\ Құтты болсын балалар

Келген жаңа жылдарың»

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп ұл-қыздарым!

Өткен жылы келіп ем,

«Жыл өткізіп келем»деп!

Уәдемді беріп ем,

Бәрің өсіп қалдыңдарма?

Мені тани алдыңдар ма?

Балалар\ Аяз атасыз!!! Деп барлық балалар бірдей жауап береді

Жүргізуші\ Сәлеметсізбе Аяз Ата Ақшақар!

Ақшақар\ Сәлеметсізбе балалар! Қандай әдемі шырша,қаншама ойыншықтар,ал шыршамыз неге жанбай тұр? Кәнеки балалар,Аяз Атадан сиқырлы таяғымен шыршамызды жандырып беруін сұрайық!

«Қуант,бізді таңырқат,Шамдарыңды жарқырат!!!

\Шырша жанады,балалар қол соғады\

Жүргізуші\ Өте тамаша балалар, Аяз Ата мен Ақшақарға әнімізді айтып берейік!

Ән»Шырша жанындағы би»

Жүргізуші\ Аяз Ата,сіз алыс жолдан шаршап қалған боларсыз ,отырып демалып алыңыз,балалардың өнерін тамашалаңыз!

Ақшақар\ Кәне менің кішкентай ұлпақарларым келеғойындар Аяз Ата ыстықтап кетті оны салқындатайық!

Би»Ұлпақарлар»

Жүргізуші\Өте тамаша Ақшақар ,Ұлпақарлар салқындап қалдық!Рахмет сендерге

Балалар,Аяз Атага тақпақтарымызды айтып беремізба?Олай болса кезек тақпақтарда!

Тақпақтар

Сәния \ Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым,Араластым биге де!

Арайлым\ Жылдың әнін бастайын

Аяз-Ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды

Гүлсезім\ Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр!

Нұрым \ Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұртыда

Аяз Ата сағынған,

Сәлем берді жұртына!

Динара\ Аяз Ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Сақалының ұзын-ай

Кесіп алсам шіркін-ай!

Мадияр\ Жылдың әнін бастайын

Аяз Ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды

Жанерке\ Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп!

Алихан\ Тауда туып,тауда өсіп

Шырша келді ортаға,

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз!

Ерасыл\ Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқан ән

Жақсы әпкелержаңа кеп

Мерекені бастаған!

Аяз Ата\Жарайсыңдар балаларым, менімен ойын ойнайсыңдарма?

Ойын»Сиқырлы таяқпен қатыру»

\Жүгіріп Күлдірген кіреді,аузында ысқырық,қолында шар\

Аяз Ата\ Тоқта Тоқта,саған не болды? Өзіңмен өзің асығып жүрсіңғой!

Күлдірген\ «Мен мына шарларды үрлеген едім,ұшырып сендердің орталарыңа әкелді!Мен осы қайда келдім?

Жүргізуші\ Сен біздің «Шағала» балабақшасына келдің!

Күлдірген\ Тоқта тоқта,сонда мына мама папалар да балабақшаға келе ме?

Жүргізуші\ Жоқ,бұл балалардың ата-аналары бізге қонаққа келген!Күлдірген,айналаңа қарашы не өзгерген?
Күлдірген\ Балалар неткен әдемі! Ой неткен әсем шырша!

Жүргізуші\ Күлдірген,бізбен бірге көңіл көтер!

Күлдірген\ Ал менің сендерге сыйлығым бар! Мен сендерге сыйқыр көрсетемін !

\Залдың ортасына жәшік кіргізіледі\ №1 Сиқыр -жәшікке қуыршақты салып,шын қызды шығарады

№2сиқыр Қазір мен мына шыршаның жанынан» кішкентай гномдарды»шығарып беремін!

Жүргізуші\ Ой,қызық қандай керемет Күлдірген! « Күншуақ»тобының ұлдарының орындауында «Кішкентай гномдар »биі қарсы алыңыздар!!!

Күлдірген \ «Жарайсыңдар,балалар «Күншуақ»тобының балалары өнерлі екен! Балалар ойын ойнағанды ұнатасыңдарма? Олай болса «Жаңа жылға анамызды әсемдейік» ойынын ойнайық балалар! Кәне ортаға 2ұл бала өзінің анасын ертіп келсін,олар аналарын «жаңа жыл «мерекесіне қалай әсемдейді екен көрейік!

Аяз Ата\ Ал Ақшақар қызым ,балаларға сыйлық үйлестірейік! Менің қапшығымды әкеле ғой!

Ақшақар\ Ой,Ата сіздің қапшығыңыз жоқ!

Жүргізуші\ Ақшақар, сыйлықтарды мүмкін сиқыршы күлдірген жасырып қойған болар!Кәне балалар,»сиқырлы жәшікті» қарайықшы!

Ақшақар\ Табылды,табылды

\Қапшық табылып Аяз Ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарын үлестіреді де балалармен қоштасады

Аяз Ата \ Ал, балалар біздің де қоштасатын уақыт таяп қалды!Бізді сендер сияқты асыға күтіп отырған балаларым көп!Жаңа жылда ақылды ,тәртіпті,үқыпты бала болып ата-анаңызды,тәрбиешінің айтқанын тыңдап жүре беріңдер!Қош сау болыңдар!-деп шығып кетеді

Жүргізуші\Құрметті ата-аналар,қонақтар!Осымен «Күншуақ»тобының жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз аяқталды!Жаңа жылда жаңа табыс,отбастарыңа амандық,бүлдіршіндерімізге денсаулық тілейміз! Енді сөздің кезегін балабақша басшысы Жұмағалиева Нұрзина Олжабай қызына береміз!

« Бекітемін»

№11»Шағала» балабақшасы»

МКҚК директоры

Н.О.Жұмағалиева

« «

Қуант бізді Жаңа Жыл!



№ 7 «Күншуақ» тобы

Тәрбиеші:Сегізбаева Г

Тендесбаева Ж

Мұнайлы

2015-2016ж

Жүргізуші-Сегізбаева Г

Аяз Ата-Сапар Г

Ақшақар-Джалғасбаева Ж

Аққала- Арайлым

Мыстан - Бақтыгүл

Күлдірген- Камила

Гном- Тендесбаева Ж





2015-2016ж

№3 Ән «Сәлеметсіз бе Аяз Ата»

Таяғы бар қолындат

Қар борайды соңында

Қандай сыйлық бар екен

Арқалаған қабында?-2рет

Қаптың аузы ашылды

Ойыншықтар шашылды

Аяз Ата би билеп

Әнімізге қосылды-2рет

Сақалының ұзын ай

Саудыраған мұзын ай

Жарқыраған оттары

Жаңа жылдың қызығы ай-2рет



,


Балалар
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

Тәрбиешіге 6әpi қосылып:


Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!

«Жаңа жыл» әні орындалады.

Тәрбиеші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.

(Мерекелік музыка ойналады.)

Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:


Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.


Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Аю:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!


Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.


Түлкі
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!


Тулкі


Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!


Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді

Kipni:

Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян Келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.
Тиін:
Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.
Бәpi:
Сәлем,тиін!
Жақсы-ақ биі!


Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.


Қасқыр
Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайъқ, достъқ тойын жасайъқ
Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын!


«Полька» биі биленеді


Бәрі Жаңажылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.


Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаньң орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.


Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түьірімен жұлып алғысы келеді. /
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!

Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.


Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әніміз



© 2010-2022