Сценарий. Тақырыбы: «Ұлт бірлігі – ұлы байлық»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұлт бірлігі - ұлы байлық»

Мақсаты

Қазақстан Республикасындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқандығын түсіндіру.
Балаларды бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ,балалар!

Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ұлт бірлігі - ұлы байлық» атты мерекелік ертеңгілімізге қош келдіңіздер!
І жүргізуші: Қазақ жері - қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі - қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
І жүргізуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

ІІ жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Олай болса «Күншуақ»тобының балаларының тақпақтарына берейік.

Мұқамеджан Мамырдың бірі,
Көңілдің жыры.
Көгілдір аспан,
Бітпейтін нұры.

Арсен Мамырдың бірі
Достықтың жыры.
Адамы асыл,
Қадамы ірі,

Мумина Мамырдың бірі,
Ынтымақ жыры,
Көңіліндей жұрттың,
Күніде жылы

Балауса Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Достық жырын біліңдер,
Еңбекті де сүйіңдер.

Аспандияр Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Мирас Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Татулықтың белгісі,
Кел, қуанып күлейік.

Ілияс Бірінші бүгін мамырда,
Тойлады қала ауылда.
Айналады халықтар,
Дос, туысқан, бауырмал.

Нұрдаулет Ақпыз, қара сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау.
Жеміс толы бақша бау.
ІІ жүргізуші: «Достық»әні
І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
І жүргізуші: Келесі кезекті «Жұлдыз»тобының балаларының тақпақтарына берейік.

Бейбарыс Көктем келді май келді,

Шақырады тойға елді.

Кел,бірге жүр жақсы май,

Гүл терейік тысқа шық.

Ақбөпе Келді мамыр көркем ай,

Гүл өсті қыратта.

Қуанып ту алып,

Шықтық біз парадқа.

Данияр Көктем келді май келді ,

Мамыражай ай келді.

Тал -теректер түрленіп,

Жапырағын жайды енді.

І жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік.
Қазақ биі «Көгершіндер»
ІI жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі ертеңгілігімізде біз 5 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
І жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл - ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Келесі кезекті «Балапан»тобының балаларының тақпақтарына берейік.

I -топ Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
І -топ Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
І жүргізуші: Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы,- дей отырып, орыс биін тамашалауға шақырамыз.
Орыс биін «Жұлдыз» тобы балаларына берейік.
ІІ жүргізуші: Мы дружной семьюй живём в Казакстане,
Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов.
І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
ІІ жүргізуші: Бүгін біздің мерекемізге өзбек ұлтының өкілі келіп отыр. Олай болса. Өзбек биін тамашалаңыздар! «Балапан»тобы балаларына берейік.
І жүргізуші: Ағайын - туған - бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!

ІІ жүргізуші: сахнамыздың төріне Испан биін орындау үшін «Құлыншақ»тобынан ортаға Әділ мен Жансая бүлдіршіндерімізді шақырайық.

І жүргізуші: Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!

ІІ жүргізуші: сахнамыздың төріне Шығыс биін орындау үшін «Құлыншақ»тобының бүлдіршіндерін шақырайық.
І жүргізуші: Жер - анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, «Күншуақ» тобы бүлдіршіндеріміздің, Кәріс биін тамашалауға шақырамыз.
ІІ жүргізуші: «Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге - қазақтарға керек» деп Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі.
І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын!

І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

Келесі кезекте балалармен «Тез ойла »ойының ойнау.

Келесі кезекті «Құлыншақ» тобының балаларының тақпақтарына берейік.

Әділ Бейбітшілік әніміз,

Бауырласпыз бәріміз.

Қазақстан даласында,

Жарасады сәніміз.

Ұлы Отан аясында,

Жадырайды жанымыз!

Мирас Барлық елдің бөбегі!

Бір-бірімен туысқан

Бәрімізге төгеді

Өз шуағын күміс таң.

Полина Мы хотим чтобы повсюду

Раздавался детский смех

Чтоб в стране у вас звучали

Языки народов всех!
ІІ жүргізуші: Біз әр түсті баламыз
Қол ұстасып барамыз
Күн сөнбесін ешқашан
Деп, шырқап ән саламыз

Ән: «Ақ көгершін»

Елімізде тыныштық болып, бірлігі жарасқан ел болайық, әр кез ынтымақта, достықта болайық!

Бір ата бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда - тірлік бар деген бабам
Бірлік деп, бірге соқсын жүрегіміз

ІІ жүргізуші: Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!
Осымен, бүгінгі ертеңгілімізді аяқтаймыз.
Сау - саламатта болыңыздар!







«Өнер және спорт»мектебі жанындағы «Еркетай»шағын орталығы

Ертеңгілік

«Ұлт бірлігі-ұлы байлық»







«Күншуақ» тобының тәрбиешілері:

Омарова Күлшай Тыныштыққызы

Манкебаева Индира Кариқызы


Приозерск қаласы

2015 ж

















Ортақ біздің жеріміз

Тақырыбы: «Ортақ біздің жеріміз»
Мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқандығын түсіндіру.
Балаларды бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Жүргізуші: Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!- деп, «Ортақ біздің жеріміз» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 - мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.


Жүргізуші: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ - шуақты мамырым - ай.
«Қазақ» биі
Жүргізуші: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы
«Орыс» биі
Жүргізуші: Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

Жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату - тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат - мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт - дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай - ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы - өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
Қазір бізге қонаққа келіп отырған ұлт өкілдерін қарсы алыңыздар!
Ұлт өкілдері келіп, амандасады. Мерекеге өз тілектерін айтып, ұлттық билерін билейді.
Жүргізуші: Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат!
«Өзбек» биі

Жүргізуші: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

Жүргізуші: Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!- деп, 1 - мамыр бірлік күніне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар

1 - мамыр бейбітшілік достық мерекесіне орай орыс, ұйғыр, украин, өзбек татар ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін ән айтып, би билеп бейбітшілік құсын ұшырып, алаңға шеруге шығады.
Мамырдың бірі,
Көңілдің жыры.
Көгілдір аспан,
Бітпейтін нұры.
Мамырдың бірі
Достықтың жыры.
Адамы асыл,
Қадамы ірі,
Мамырдың бірі,
Ынтымақ жыры,
Көңіліндей жұрттың,
Күніде жылы.
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Достық жырын біліңдер,
Еңбекті де сүйіңдер.

Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.

Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Татулықтың белгісі,
Кел, қуанып күлейік.
Мақал - мәтел.
1. Татулық - достық кепілі.
2. Әрқашан тілектес.
Досыңа көмектес.
3. Татулық - табылмас бақыт.
4. достық - мызғымас қол.
5. Бірлігі - жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
6. Достық малға емес басқа жарасады.
7. Досыңа өтірік айтып, сеніміңді кетірме.
8. Адал болса досың жақын.
9. Досы көппен сыйлас.
10. Достық деген ізгіліктің алаңы.

Бірінші бүгін мамырда,
Тойлады қала ауылда.
Айналады халықтар,
Дос, туысқан, бауырмал.

Ақпыз, қара сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау.
Жеміс толы бақша бау.

Балалар хормен достық мерекесі құтты болсын, ынтымақ күні құтты болсын, бірлік күні құтты болсын - деп қолдарында шар, лента, гүл залға кіреді.
Тәрбиеші: Мамыр айы табиғаттың жайма шуақ берекелі кезеңі. Айналамыз бәрі жасыл желек жамылып ерекше бір реңге енеді. Мамыражай май айын ақындар да жырлап өткен.
Жамила: Көктем келді май келді
Шақырады тойға елді
Кел, бірге жүр жақсы май
Гүл терейік тысқа шық
Даниела: Келді мамыр көркем ай
Гүл өсті қыратта
Қуанып ту алып
Шықтық біз парадқа
Марат: Көктем келді май келді
Мамыражай ай келді
Тал - теректер түрленіп
Жапырағын жайды енді
Ислам: Ананың баланың
Сый толы құшағы
Шарықтап қалықтап
Ақ кептер ұшады

Ән: «Достық»
Тәрбиеші: Жер ана бәрімізге ортақ. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Осынау кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті, ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.
- Балалар қазақстанда тұратын қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?
- Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз. Ендеше, сол ұлттың балалары өздерінің өлең жолдарын арнасын.
(Әр ұлттың киімін киген балалар тақпақ айтады)
Би: «Әр ұлттың биінен попурри»
Тәрбиеші: Иә, біз қазақ елі көңіліміз көл дариядай кең халықпыз, осыншама халықты шеттетпей, достық қарым - қатынаста, татулықта тұрып жатырмыз.
«Кең болсаң кем болмайсың» деген сөз бекер айтылмаған.

Ән: «Ағайынбыз бәріміз»
Тәрбиеші: Қуанып елмен бірге мереке күні, жұптасып құрбылармен би билесе - деп Поляк елінің биі «Полька» биін тамашалаңыздар.
Әр ұлттың өзіне тән ойыны бар. Соның бір Башқұрт халқының ойыны «Киіз үй». Беларус халқының ойыны «Шарбақ» деп аталады.
- Ал, балалар күніміз ашық болсын деп елімізге тыныштық тілеп, ортадағы күннің көзіне тілек шоғымызды қойып, күннің шуағын жинайық.
1-бала: Достық болсын.
2-бала: Бірлік болсын.
3-бала: Аспанымыз ашық болсын.
4-бала: Әрқашан күн сөнбесін.
5-бала: Бейбітшілік болсын.
6-бала: Ынтымақ болсын.
Рахат: Біз әр түсті баламыз
Қол ұстасып барамыз
Күн сөнбесін ешқашан
Деп, шырқап ән саламыз

Ән: «Ақ көгершін»
Тәрбиеші: Елімізде тыныштық болып, бірлігі жарасқан ел болайық, әр кез ынтымақта, достықта болайық! (Осы кезде балалар бірлік, достық, ынтымақ деген сөздерді ұстап шығады)
Барлығы хормен: Бір ата бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда - тірлік бар деген бабам
Бірлік деп, бірге соқсын жүрегіміз





© 2010-2022