Толағай көңілді старт эстафеталық турнирі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар, әріптестер және сайысқа қатысушылар! «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, мереке қарсаң-ында ұйымдастырылып отырған «Толағай» көңілді старт эстафеталық сайысына хош келдіңіздер!

Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың,
Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың!
Оқушылар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер - күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.
«Спорт» десе таза біздің арымыз,
Сайысатын сыныптарды бүгінгі
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.
Ортаға сынып жетекшілерімен оқушылардан құралған, сайысқа түскелі тұрған топтарымызды шақырамыз.

1-топ:

2-топ:

3-топ:
4-топ:

5-топ:

6-топ:

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып ешқашанда мойымайтын,

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

Алты топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады. Барлығымыз бірге сергіп алайық. Нұсқаушының көмегімен жаттығуларды қайталау.

Құрметті жарыс қатысушылары және әділ қазылар сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.
Сайысымыз 5 турдан тұрады.
Олар:
1-тур: Таныстыру және ұран.

2- тур: Ақылды шегірткелер сайысы.

3-тур. Аспазшылар сайысы.

4-тур. Кім жылдам?

5-тур. Топ басшылар сайысы.

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.

1.______________________________________________________________________

2.______________________________________________________________________

3.______________________________________________________________________

4.______________________________________________________________________

Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін -ел гүлі.
Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі.

1-тур: Тобын таныстыру(әр топ өзінің тобын таныстырып ұрандарын айтады).
Таза ауа, спорт болсын дәріміз.
Еңбек етіп келгенінше әліміз,
«Алға» - деген бір - ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!

2-тур. Ақылды шегірткелер. (ойыншылар бір аяғын бүгіп, оны қолымен ұстап межеленген жерге дейін секіріп барып сол жерде көрсетілген есепті шешіп, қайта жүгіріп келіп, келесі оқушыға қол беруі тиіс)

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!

3-тур. Аспазшылар сайысы.(шариктерді қасықпен қазанға тасу)

Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

4-тур. Кім жылдам? (шарды екі тізесінің ортасына қойып кедергілер арасынан өтіп межеленген жерден айналып келіп, келесі ойыншыға қол беру)

Ойнайық та, ойлайық,

Ойынға бір тоймайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

5-тур. Топ басшылар сайысы. (әр топтың басшылары шығады барлығына бірдей жұмбақтар қойылады. Жұмбақтың дұрыс жауабын тауып, оны қазақша, орысша айтулары тиіс).


  1. Табанынан тыз етіп
    Жүрсе дағы сыз өтіп.
    Күні - түні ерінбей
    Үйді жүрер күзетіп. (Ит - собака)

    2. Таңмен көзін ашады
    Әлемге нұрын шашады (Күн - солнце)

    3. Ат сабылтып алыстан
    Борандатып жетеді,
    Үш ай төрде қонақ боп
    Аунап, қунап кетеді (Қыс - зима)

    4. Менің үш көзім бар
    Бір көзім: «Кідір!» дейді
    Бір көзім: «Жүгір!» дейді
    Бір көзім: «Абайла!» дейді
    «Қарап ал, маңайға!» дейді (Бағдаршам - светофор)

    5. Еркін самғап ұшсын деп
    Мәпелейміз баптаймыз
    Бейбітшілік құсы деп
    Қайсы құсты мақтаймыз? (Көгершін - голуб)

    6. Сөзі дана, үні жоқ,
    Сөйлемейді тілі жоқ
    Қолыңа алсаң шешен
    Ақылы асқан көсем. (Кітап - книга)

Осымен біздің 5 турымызда аяқталды. Әділ қазы алқасы шешім шығарғанша кезекті Қосқуат Інжудің гимнастикалық биіне береміз.

Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
Әділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!

Марапаттау рәсімі! Сайысымыздың бас жүлдесін _____ұпаймен «_________» тобы иеленіп, арнайы сый - сияпаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Жас ұрпаққа сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» көңілді старт эстафеталық сайысына қатысқандарыңыз үшін барлығыңызға алғысымды білдіреміз!Сау болыңыздар!



© 2010-2022