Ашық сабақ Алтын күз!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖШС «Салтанат-Эль» мектепке дейінгі балалар мекемесі.

Тәрбиешісі: Ақбаева Зита Түгелбайқызы

Тақырыбы: Алтын күз ертеңгілігі

Мақсаты:

Күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.Көкөністер мен жемістердің пайдасы туралы түсінік беру.Тазалыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Ойлау қабілетін, сөздік қорын, жарысқа деген қызығушылығын дамыту.

Барысы:

Тәрбиеші: Мереке бүгін, күздің міне келгені,

Күздің бізге бақыт- байлық бергені.

Құтты болсын мерекесі «Алтын күз»,

Бәрімізді қуаныш күй тербеді.

(Осы кезде жапырақтар жерге түседі)

Күз: Сәлеметсіз бе, құрметті халайық! Мен Күзбін!

  • Балалар қараңдаршы бұл не? (жапырақтар)

  • Бізге табиғат ғажайып жапырақтар дайындап қойыпты. Жапырақтар өзі әртүрлі екен.

  1. Мынау қызыл түс- достарға деген махаббат

  2. Қызғылт түс- өз отбасыңа деген махаббат

  3. Сары түс-күнге деген махаббат

  4. Сұры түс-өзіңе деген махаббат

  5. Жасыл түс-бұл табиғатқа деген махаббат.

Осындай әртүрлі жапырақтарды қандай жыл мезгіліндеболады?

Балалар:Күз мезгілінде көруге болады.

Ән:«Күз келгенде»

Тәрбиеші: Балалар, күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар: Күн салқындайды, жапырақтар сарғаяды, жаңбыр жауады, көкөністер, жемістер піседі.

Тәрбиеші:Олай болса, балалар, мына жерде көкөністер дауласып жатыр екен. Олар неге ашуланды екен тыңдайықшы!

«Көкөністер айтысы»

(Нұрталап,Баянәлі,Б.Нұрислам,Азамат,Ербол,Санжар)

Көкөністер (хормен):

Жианлып қалыппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз.


Бұршақ:Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріне.

Дәмді тағамдарыммен,

Сый жасаймын бәріңе! (Нұрталап)

Қызылша:Менде бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Винегрет те үстелде. (Баянәлі)

Қырыққабат:Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана. (Б.Нұрислам)


Қияр:Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаға піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне. (Азамат)


Шалқан:Кім білмейді шалқанды,

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын,

Тауып көр менен дарханды. (Ербол)


Жүгері: Ел жүгері жинайды,

Қырманға да сыймайды.

Біздің дала бай дала,

Алтын ыстық айнала. (Санжар)


Күз: Мына жерде не шу болып жатыр? Дауласпайық, тату болайық.Барлық көкөнстердің де адам ағзасына пайдасы зор. Қане, одан да барлығымыз «Алтын күз» байқауын тамашалайық.

Би:«Көкөністербиі»

Нұрәли,Бекбол,Нұрталап,Б.Нұрислам,М.Нұрислам,

Ербол,Әлихан,Баянәлі,Азамат,Жаннұр


Тәрбиеші: Күз дегенің ақындардың дастаны,

Қандай ғажап бейбіт күздің аспаны.

Бізбен бірге болыңыздар бәріңіз,

Алтын күздің той думаны басталды,- дей отырып, бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

Байқауымыздың шарттары:

  1. Бал биі

  2. Сұрақ- жауап

  3. Сән үлгісі

  4. Күзгі компазиция

  5. Күзгі дәм

Қазы баға береді

Өздеріңе тиісті

Өнерде кім жеңеді

Алады сол сыйлықты.

Байқауымыздың қазылар алқасымен таныстырып өтейік.


Ал енді сайысымызға қатысатын жұптарымызды ортаға шақырайық:

Танымайтын жан болар,

Таныстырып өтейік.

Сайысқа дайын тұрған,

Ханзада мен ханшайымды.

1.Жансая-Ернұр

2.Ұлтужан-Бердіғали

3.Жанерке-Мәди

4.Томирис-Досжан

Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Келіңдер күз тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық.

Байқауымыздың бірінші бөлімі- Бал биі.

Ән: «Алтын күз»

Байқауымыздың бірінші бөлімінің бағасын сұрамыз.

ІІ-бөлімі

«Кім жылдам, кім тапқыр» бөліміне беріледі.

1.Жылдың қай мезгілінде сары жапырақтар көп болады?

2.Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көп киім.

Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат-қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді. (Қырыққабат)

3.Күз мезгілінде құстар қай жаққа кетеді?

4. Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні. (сәбіз)

5.Көкөністерді ата

6.Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.(жуа)

7.Жемістерді ата

8.Табиғатымыз таза, қоршаған ортамыз көрікті болу үшін не істеуіміз керек?

Би: «Жапырақтар биі»

Жанерке,Жансая,Ербол,Нұрталап

Байқауымыздың «Кім жылдам, кім тапқыр» бөлімінің бағасын сұраймыз.


Ханзада мен ханшайым

Сән көрсетуге де дайын

Сән үлгісін тамашалап

Қуанышпен қол соғайық.

ІІІ-бөлім «Сән үлгісіне» кезек беріледі.

Тәрбиеші: Байқауымыздың қатысушылары келесі бөлімге дайын болғанша, көкөністер мен жемістердің жыр шумақтарын тыңдаңыздар.

(Нұрәли,М.Нұрислам,Бекбол,Абдурахман,Жаннұр,Әлихан)

Алма: Мен алмамын, алмамын,

Таңдай татар бал дәмім.

Мен алмамын, алмамын.

Аузындамын бар жұрттың. (Нұрәли)

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Мен өрікпін, өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін. (М.Нұрислам)

Сәбіз: Сәбіз, сәбіз,

Тағам нағыз.

Тағам дейтұғын,

Бала жейтұғын. (Бекбол)

Қауын: Білесіңдер ауылды,

Ауылда өскен қауынды.

Қауын деген сары алтын,

Еңбекпенен табылған. (Абдурахман)

Құлпынай: Піскен кезде құлпынай,

Қандай әсем, шіркін-ай,

Қарай бергң келеді,

Дүркін, дүркін, дүркін-ай. (Жаннұр)


Сәбіз:Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген.

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшке де. (Әлихан)

Ән: «Жемістер мен көкөністер»

Сән үлгісі бөлімінің бағасын сұраймыз.

ІV бөлім- «Күз ғажайыптары» көрсету.

Байқауымызға қатысушылар табиғи күзгі қалдықтардан шығармашылықтарын ортаға салып берілген бір уақытта өз шеберліктерін көрсетулері қажет.

Қатысушыларымыздың шығармашылықтары дайын болғанша біздің бишілердің биін тамашалаңыздар.

Би: «Ергежейлер биі»Санжар,Бақытбек,Батырхан,Мейірбек,Алижан,Ясин

Ата-аналармен ойын ұйымдастыру.

Шарты: Күз мезгіліне байланысты сұрқтар қою арқылы ортаға ата-аналар шығарылады, әр ата-ана конфет ішіндегі ситуациялық сұрақтарға жауап берілуі тиіс.

Сұрақтар:

  1. Күзде саяжайда, бау-бақшаларда, көкөністерден басқа нелер өсіп шығады? (гүлдер)

  2. Бақта не өседі? (жемістер)

  3. Бақшада не өседі? (көкөністер)

  4. Әртүрлі гүлдерден жасалған гүлшоғыры қалай аталады? (Экибана)

  5. Ол күздің соңында өледі, көктемде қайта тіріледі,

Онсыз сиырларға тірлік жоқ, ол -сиырлардың басты тағамы. (шөп)

  1. Суретшілер күзді бейнелеу үшін негізгі қандай бояуды пайдаланған? (Сары)

Ата-аналарға арналған конфет ішіндегі сұрақтар:

  1. Балаңыз жұмсағанға бармаса, қалай көндіресіз?Сахналап беріңіз

  2. Тапсырманы орындауда көмек сұрайды, сіздің қолыңыз тимей жатады, не істейсіз?

  3. Қырсық мінез көрсетсе, не істейсіз?Сахналап беріңіз

  4. Отбасында баланы кім тәрбиелейді?

  5. Балаңызбен ойнайсыз ба және қалай ойнайсыз?

  6. Балаңыз жылағанда қалай алдатасыз?мысал келтіріңіз

Байқауымыздың төртінші бөлімінің бағасын сұраймыз.

Ү-бөлім

Кезек Күзгі дәмге беріледі.

Хор: «Күзгі бақ»

Күзгі дәм бөлімінің бағасын сұраймыз.

Байқауымызды қорытындылау үшін сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.Байқауға қатысушыларды марапаттау.


© 2010-2022