Конспект тех. карта Балаларға әсемдік сыйлайық

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балалар өміріне әсемдік сыйлайық!

І бөлім: «Ардақтайық ананы!» атты әдеби-музыкалық монтаж.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Сүйікті аналар, әжелер, көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік кешімізді тамашалауға шақырамыз!

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Бұл кім?

Балалар: Ана! Ана! Ана!

Жүргізуші: бүгінгі кешіміздегі айтылар ән де, би де бәрімізге өмір сыйлаған ардақты аналар сіздерге арналады.

Қабыл алыңыздар!

1.Ән: «Құттықтаймын!» Хор.

2. «Ардақтайық ананы!» атты әдеби монтаж.

3.Ән: «Балдырғандар».

4.Би: «Қуыршақтар».

5.Ән: «Біз өмірдің күніміз» Хор.

ІІ бөлім: «Әдемі-ай!» атты кішкентай арулар байқауы.

Мақсаты: Көктем мерекесіне орай кішкентай қыздарымызды әсемдікке, әдемілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстану барысында сөйлеу, жүріп-тұру мәдениетін бала бойына қалыптастыру. Өнерге деген талпынысын жетілдіру.

Барысы: Тамаша ойын-сауық басталады,

Күй тартылып, әсем ән шырқалады.

Қошеметпен қол соғып отырайық,

Өнерлі өрендерге ортадағы.

Байқаудың бөлімдері:

1.«Сәлем- сөздің анасы».

(Өзін таныстыру).

2. «Өнерлі өрге жүзер».

(Өз өнерлерін көрсету).

3.Мәнерлеп оқу.

(Аналарының мерекесіне арнап

тақпақтарын мәнерлеп айтып береді).

4. «Сұлулықтың сыры».

(«Көктем-жаз-2016» арналған

сән киім үлгісін көрсетеді).

Жүргізуші: Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім тапқыр,

Таланттарды табайық.

-Байқауымыздың сарапшыларымен таныс болыңыздар!

1.

2.

3.

Жүргізуші: Қызғалдақтай құлпырған,

Көмейінен жыр тұнған.

«Әдемі-ай» байқауын бастайық,

Неше түрлі сыр тұнған.

-Олай болса, ортаға «Әдемі-ай» аруларын шақырайық.

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

-Әр шаңыраққа әсем үнмен, ерке қылығымен бақыт сыйлайтын, әр отбасының базары мен ажары болған бүлдіршіндер, бүгін міне «Әдемі-ай» байқауында өнерлерін ортаға салмақшы.

-Ортада «Әдемі-ай» арулары:

Еркежанның ән салғаны әдемі,

Іңкәрімнің ойнағаны әдемі.

Айзеренің сұлулығы әдемі,

Ақжарқынның қос бұрымы әдемі.

Айзаданың балдай тілі әдемі,

Айкөркемнің билегені әдемі.

Ділдәміздің күлген кезі әдемі.

Арулардың бар өнері әдемі!

1.Жұмабекова Еркежан.

2.Акиянова Іңкәр

3.Алкей Айзере.

4.Досмұханбетова Ақжарқын.

5.Айбек Айзада.

6.Бақанова Айкөркем.

7.Байділдә Ділдә.

Жүргізуші:Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

«Әдемі-ай»-да арулар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

1.Еркежан: Мен балдырған әншімін,

Әнді жақсы айтамын.

Би де билеп, әр кезде,

Талантымды шыңдаймын.

Сұрасаңыз атымды,

Еркежан ару мен болам!

2.Іңкәр: Сұрасаңыз атымды,

Іңкәр сұлу мен болам.

Толған айдай толықсып,

Білім менен ақылды,

Ұштастырар жан болам!

Елім Тәуке, әкем Дикарь,

Тобымның ең аруы, сұлуымын.

Отбасымның еркесі, кенжесімін,

Әкемнің сенім артқан үмітімін!

3.Айзере: Мен әкемнің күнімін,

Мен анамның гүлімін.

Өзім жайлы баламын,

Апамның тілін аламын.

Мейлі қайда жұмсасын,

Бәріне де барамын.

Ақылды Айзере деген атты,

Жадымда әркез сақтаймын.

Ата-анамның маған деген,

Зор сенімін ақтаймын.

Алма бағы жайнаған,

Бұлбұл құсы сайраған.

Менің туған ауылым,

Қарасуым жайнаған.

4.Ақжарқын: Әке-шешем мақтаған,

Атым менің Ақжарқын.

Тақпағым бар жаттаған,

Осы күнге сақтаған.

Жарыс десе жайнаймын,

Намысымды қайраймын.

Тоты құстай құлпырып,

Сандуғаштай сайраймын!

5.Айзада: Ән де айта аламын,

Би де билей аламын.

Өзім жап-жас болсам да,

Таудай үлкен талабым.

Өнерімді көріңіздер, Сұрасаңыз атымды,

Көріп баға беріңіздер. Айзада ару мен болам!

6.Айкөркем: Қазақтың мен қызымын қара көзді,

Айтатын жүрегіммен жалын сөзді.

Алдында барша жұрттың тізе бүгіп,

Беремін баршаңызға сәлемімді.

Би билеймін дөңгелеп,

Ән саламын сызылып.

Сұрасаңыз атымды,

Айкөркем ару мен болам!

7.Ділдә: Армысыздар, қадірменді қонақтар!

Армысыздар, ақ жаулықты аналар!

Бүгінгі кеш арулардың сайысы,

Сіздердікі тамашалау, бағалау.

Таныстырсам өзім жайлы қысқаша,

Елім Шәлтеке, Әкем Абай, Анам Еркежан.

Ата-анамның, тобымның еркесімін,

Әкемнің сенім артқан үмітімін!

Жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салады.

Бүгінгі «Әдемі-ай»-да бәйге алуға,

Арулар аянбай-ақ, жан салады.

2-ші бөлім: «Өнерлі өрге жүзер».

Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

1.Еркежан: Ән: «Балапандар».

2.Айзере: Би: « ».

3.Іңкәр: Ән: «Анама».

4.Ақжарқын:

5.Айзада: Гимнастикалық акробатика.

6.Айкөркем: «Үнді биі».

7.Ділдә: Қазақ биі:»Қамажай».

Жүргізуші: 3-ші бөлім: Мәнерлеп оқу.

Аруларымыз аналарының мерекесіне арнап

тақпақтарын айтып береді.

Жүргізуші: Сымбатына киімі жарасатын,

Аспандайтын ай менен таласатын.

Өнеріне сай келіп дайын тұрған,

Аруларға қызығып қарасатын.

4-ші бөлім: «Сұлулықтың сыры».

(«Көктем-жаз-2016» арналған киім үлгісін көрсетеді).

«Әдемі-ай» аруларына қол соғып, қошеметтеп қойыңыздар.

Жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осыменен кешімізді аяқтайық,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа!

Кешімізді «Болайықшы осындай» әнімен аяқтаймыз.

Сөз кезегін сарапшылар алқасына береміз.

  1. «Әдемі-ай» аруы

2. «Өнерлі ару».

3. «Білімді ару».

4. «Инабатты ару».

5. «Көрікті ару»

6. «Көрермен көзайымы»

7. «


© 2010-2022