Тіл дамыту Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас Мерзімі___________________

Бөлім: Тіл дамыту

Тақырыбы: Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстырып, Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы «Жануарлар қалай дыбыстайды?»сұрағына жауап беруге үйрету.

Міндеті: Балалардың тілін дамыту.Сөздік қорын байыту. Қызығушылығын ояту.Ойлау есте сақтау қабілетін дамыту.Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарлары бейнеленген сурет, ойыншықтар(сиыр,ат, қой, ботақан), үнтаспа.

Сөздік жұмыс: мөңірейді, маңырайды.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Есеп

Мотивациялық-қозғаушылық





Ұйымдастырушылық-ізденістік




Рефлексиялық-түзетушілік

Балаларды шеңберге тұрғызып,

«Угәй-ай» әнімен:

-Угәй,угәй әніміз,

Арпа-бидай дәніміз,

Ашық болып аспанымыз,

Сәтті болсын күніміз!-деп, балаларға бүгінгі күнге сәттілік тілеу.Балалардың көңілін суретке аударту.-Мынау-сиыр, мынау-ат, мынау-қой.Бұлар-үй жануарлары,себебі оларды адамдар бағады, күтеді.Олардың сүті, еті-тамақ, жүні, терісі-киім.Суреттен көрсетіп, аттың, сиырдың, қойдың түстерін сұрайды.Үй жануарларын қайдан көргендері туралы сұрайды.

Әкелген ат, ботақан, қой, сиыр ойыншықтарын алып, осылардың қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз.

-Қой «мә-мә» деп маңырайды

-Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді

-Ботақан «бө-бө» деп боздайды

-Ат «иҺо-иҺо» деп кісінейді.

Сергіту сәті

Дидактикалық ойын: «Даусынан таны?»

Балалар бүгін біз не жайлы әңгімелестік?Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар өлеңді тыңдап, қайталайды.


Балалар суретке көңіл аударып, түсінуге тырысады.

Сұрақтарға жауап беруге талпынады.

Ойыншықтарды әкеліп, сипаттауға ұмтылады.-Мынау-сиыр., түсі қара, үлкен т.б.

Ойыншықтарға қуанады.


Бірге қайталайды.

Дауыстарын салады.


Қимыл қозғалыстар жасайды.

Жануарлардың аттарын айтады.

Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже: Біледі: Үй жануарларының аттарын;

Игереді: сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын;

Меңгереді: Үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті.




© 2010-2022