Урок на тему Қысқы ойындар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ембі қалалық №7 орта мектебі



Тақырыбы:

«Көңілді қыс және қысқы ойындар»

Тіл дамыту



Өткізген:А.К.Куразбекова.



2014-2015 оқу жылы

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:Көңілді қыс және қысқы ойындар

Мақсаты: 1.Балаларды қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу. 2.Табиғат көрінісін сипаттап,қызықтарын әңгімелету арқылы бүлдіршендердің шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3.Бір-біріне қамқор болуға,ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1.Кіріспе бөлім.

А)Жұмбақ шешу.

Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп.

(Аяз)

Ә)Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу. -Аяз жылдың қай мезгілінде болады? -Қыс мезгілінде болады. -Аяз қандай болады? -Қатты,суық.Бетті,қолды үсітіп жібереді. -Аязды күні ойнауға бола ма? -Болады.Суықтан қорықпау керек. -Қандай қысқы ойындарды білесіңдер? -Аққала соғамыз,сырғанаймыз,шаңғы,шана,коньки тебеміз. -Хоккей ойнаймыз.

2.Негізгі бөлім.

А)Педагогтың түсіндіруі.

-Дұрыс айтасыңдар.Қарлы боранымен,сықырлаған аязымен қыс келді.Бірақ біз қыстан қорықпаймыз,денемізді шаңдаймыз,жылы киінеміз.Сырғанақ ойнап,аққала жасаймыз.(Есік тықылдатып,Аққала келеді.)

-Бүгін,бізге аққала қонаққа келіпті. Ауыл алды ақшақар, Ақша қарда балалар. Соғып жатыр аққала, Жалқауы жоқ жұмысқа.

Ә)Аққаламен қосылып,1-2 жалпы дамыту жаттығуын орындату.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен сендермен бірге ойнайын деп келдім.Дала өте суық екен.Біз тоңып барамыз,денемізді қыздырып жаттығу жасайық.(Аққаламен қосылыпғсергіту жаттығуын орындау). Қыздырайық денені, Келғбалалар,кел бері. Қыздырайық денені, Орнымызда тұрып-ақ.

Жүгірейік бір уақ бір,екі,үш,(Орындарында тұрып жүгіреді).

Бір,екі,үш! Екпіндей түс, Аяқты алға созайық.(Аяқтарын алға кезек-кезек көтереді) Тік көтеріп қозғайық! Б)Аққаланың келесі тапсырмасы: «Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме не ертегі құрастыру.Аққала дорбасынан төмендегідей тірек сөздерді шығарады.Педагог сөздерді балаларға оқып,осы сөздерді қатыстырып,сөйлемдер,әңгіме құрастыру керектігін айтады.Тірек сөздер: Ақ қоян,мәнерлеп сырғанау,сұр қасқыр,шаңғы,хоккей, шайба, таяқ, шанасымен жүйткиді. Тірек сұрақтар: 1.Ақ қоян,сұр қасқыр,түлкі және кірпі қандай ойындар ойнайды? 2.Ақ қоян не істеді? 3.Хоккей ойнау үшін қандай құралдар қажет? 4.Кірпі сыртқа не алып шықты? Қыс түсті.Ақ қоян,сұр қасқыр,түлкі және кірпінің іштері пысты.Олар ойнамақ болды.Мұзайдында қоян конькимен мәнерлеп сырғанады.Сұр қасқыр шаңғы тепті.Түлкі хоккейге қажетті құралдарды алып шықты.Барлығы хоккей ойнады.Кірпі қырдан (дөңнен) шанамен сырғанады. В)Дәптерге қысқы ойынға қажетті құралдың суретін салады. Г)Жұмбақ шешу. 3.Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Кембридж әдісі: «Өрмекші торы» А) «Не артық,кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Ә)Балалар қысқы ойындар туралы сабақ барысында алған білімдерін ортаға салады.

© 2010-2022