Білім беру саласы: Қатынас тақырыбы М дыбысы және әрпі (0 класс)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы №23


Білім беру саласы: Қатынас

Түрі: сауат ашу және жазу

Күні: 28.01.2016

Тақырыбы: М дыбысы және әрпі

Мақсаты:

Білімділік: М дыбысы және таңбасымен таныстыру. Баспа түрінде жазуға үйрету.

Дамытушылық: Ойын арқылы тілдерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: М дыбысы бар сөздерді ойлап табуға дауысты-дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға, ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу.

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің-тәсілдері

Баланың іс-әрекеті

Ұйымдастыру. Сезімді ояту.




Ұйымдастырушы, ізденуші

Оқу іс-әрекет барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

А) Шаттық шеңбері

Армысың, алтын күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, алтын жер!

Армысың, достарым!

Сәлеметсіз бе, қонақтар!

Сәлеметсіз бе, ұстазым!

Ә) Өткен дыбыстарды еске түсіру.

«Сөз ойла-тез ойла»

Да-ла, да-на, до-ға, да, до, ду, Ай-да-на

Б) «Кім зерек?» дидактикалық ойыны.

Т Ш Д

І.Негізгі бөлім

1)- Балалар, бүгін бізде қонаққа «Аққала» келіпті.Бірақ Аққаламыз толық құрылмаған. Оның бөлшектері әр жерде. Аққала толықтай жасауымыз үшін біз тапсырмалар орындауымыз керек.

І тапсырма

Жұмбақ

  • Еріксе құйрығымен ойнайды.

Зеріксе ұйқыға тоймайды. (мысық)

  • Қыздар тағар сәндеп,

Бір жіпке тізіп ап.

Атын білсең айтшы.

Қай дыбыстан басталады. (моншақ)

  • Мысық, моншақ сөздері қай дыбыстан басталып тұр?

ІІ тапсырма

Буынға бөлу.

  • М дыбысын айтқызу.

  • М дыбысына дыбыстық артикуляция жасау. (кедергі арқылы айтылады, ерін жұмылады)

  • М дыбысынан басталатын қандай сөздер бар екен танысайық.

ІІІ тапсырма

ІІІ.Электронды оқулықпен жұмыс.

ІV тапсырма

ІV. Тіл ұстарту.

  • Ра-ра-ра ұшып келді ара

  • Ма-ма-ма жалқау бала болма.

V тапсырма

V.Әліппе дәптермен жұмыс

А) қам-шы, ма-ши-на, қа-лам сөздерін буынға бөлу. М-ның кездесетін орнын табу.

Ә) Дәптердегі сөздерді оқыту

Ма, мо,му

Май,мой, май-мақ, мой-нақ.

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық.

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп

Бір тынығып алайық.

Орнымызға қонайық.

Педагог жұмбақ жасырады.

VІ тапсырма

Б) Жазу жұмысы

Мм әрпінің үлкен-кіші баспа түрде жазу.

В) Кестені толтыр.

МАЙ МАТА ШАМ

VІІ тапсырма

Г) «Сөйлем ойла» Схема бойынша сөйлем ойлап айтқызу.

Шеңберге тұрады

  • Балалар қимылмен көрсетеді.


Берілген сөздерді оқиды.




М дыбысынан басталады.



Электронды оқулыққа қосылып қайталайды.

Тіл ұстартуды қайталап айтады.

Суреттегі сөздерді атайды. Сөз басы, сөз ортасы, сөз соңы.


Сергіту сәтін орындайды.


Баспа түрде жазып үйренеді. Үлкен және кіші таңбасы.

Кесте толтырады.

Сөйлем ойлайды.

Рефлексивті

Реттеушілік

Оқу іс-әрекетін қорытындылау

  • Бүгін бізде қонақта не болды?

  • Кәне, «Аққалаға» бүгін не үйренгенімізді көрсетейік.

  • Алдарындағы сөздерден «М» дыбысын сөз басында, ортасында, аяғында екенін тауып сандықшаларға саламыз.

  • М қандай дыбыс?

  • Бүгін сабақ ұнады ма?

  • «Аққала» сендерге рахмет айтып, жұлдызшалар таратуымды өтінді.

  • Кәне, бәріміз орнымыздан тұрайық.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Үш сандықшаға сөздерді орналастырады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Мм дыбысы мен әрпін түсінеді, біледі.

Нені игеру керек: Дауысты-дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратады, м дауыссыз екенін игереді.

Нені қолдана алады: Сұрақтарға жауап береді, баспа түрде жазуды меңгереді.





© 2010-2022