Серуендегі қимыл –қозғалысты іс-әрекетінің ұйымдастырылған «Ертегі әлемі» сабағының конспектісі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Серуендегі қимыл -қозғалысты іс-әрекетінің ұйымдастырылған

«Ертегі әлемі» сабағының конспектісі

Мақсаты: Балаларды қазақ халқы «Ару Айсұлу» ертегісімен таныстыру.

Білімділік: Балаларды қазақ халқы «Ару Айсұлу» ертегісі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:, Қимыл қозғалыс арқылы баланың денсаулығын, дене түзілісін,сөздік қорын молайту,ой қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Бір біріне деген сыйластық қамқорлық қарым қатынасын нығайту Ептілікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа,батылдыққа тәрбиелеу.

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп,өніп толамыз

Күнге қарай талпынып,

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз,

Бір отырып,бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз!

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы,мына күннің сәулесінде біз орамалды көріп тұрмыз.Ол орамал «Ару Айсұлу» ертегісіндегі орамал болса керек.Ал қане,алып көрейікші.Расында,мына орамал ару Айсұлудың орамалы.Мен ойлаймын ол бір жағдайға тап болған.Ой! жалмауыз кемпір оны ұрлап кеткен болса керек,содан да орамалы жерге түсіп қалған.

-Сәлеметсіңбе күн!сен мына жерден ару Айсұлудың өткенін көрдің бе?оны іздеуге жол көрсетші?

Күн: - Сәлеметсіңдерме балалар,ия оны жалмауыз кемпір ұрлап баражатқанын көрдім егерде сендер менің шартымды орындасаңдар,жол көрсетемін.Менің шуағым жарқырау ұшын мына сәулелерді менің шеңберіме лақтырып дорбамды толықтырыңдар

Балалар «допты дорбаға лақтыру» ойынын орындайды

Ойынның шарты: Ағашқа ілінген обручтің ортасына, сары түсті кішкентай доптарды оң қолыммен лақтырады.

Тәрбиеші:-Күн көмек берші қай жаққа қарай жүреміз? Рахмет саған шуақты күн,сенің жақсылығыңды ұмытпаймыз.

Күн:Сендер жолдың үстіне жылан жолымен жүріп өтсеңдер,аюдың апанына тап боласыңдар?

Балалар жылан жолымен жүріп сөздерін айтады

Жолмен біздер барамыз,

Айсұлуды табамыз.

Балалар қараңдаршы алыстан қоянның іні мен аюдың апанын көріп тұрмын.

Тәрбиеші:Ой,балалар мына жерде аю ұйықтап жатқанға ұқсайды,көктем маусымы келді ғой,аюды оятайық ол үшін «Ормандағы аюдың» Қ/О ойнайық мүмкін аю оянатын шығар.

Аю оянады.

Ойыннан кейін ару Айсұлудың блезігін тауып алады

Тәрбиеші:Балалар! Мына біздің ару Айсұлудың білезігі емеспе?

Балалардың жауабы

Тәрбиеші:-Аю,сәлеметсізбе!

Аю: -Ия ұйықтап жатып жалмауыз кемпірдің өтіп бара жатқанын сездім.

Тәрбиеші:аю, біздер ару Айсұлуды іздеп жүрміз сен көмек көрсетесіңбе?

Аю:-Жарайды көрсетейін анау алыста алдарыңда ағаш тур көріп тұрсыңдар ма?Ол сиқырлы ағашқа дейін барып сауысқан құсын көресіңдер. Ағып жатқан сулардан секіріп,өтіп барасыңдар.

Балалар тапсырманы орындайды.( жайылған ленталардың үстінен секіреді)

Тәрбиеші:Сәлеметсіңбе сауысқан,сен осы жерден жалмауыз кемпірдің Ару Айсұлуды ұрлап бара жатқанын көрмедің бе?

Сауысқан:Сәлеметсіңдерме балалар әрине көрдім,Ару Айсұлу кетіп баражатып айнасын түсіріп алыпты.Сендер менің көңілімді көтеріп бір ойын ойнап берсеңдер жол көрсетемін.

Балалар «Ыстық доп» Қ/Қ ойынын ойнайды

Ойынның шарты:допты бір-біріне лақтырғанда құстардың атын атайды жылдамдығын, білімдерін дамыту. Мысалға:үкі,қарлығаш,бұл-бұл,көкек,торғай

Сауысқан:-Рахмет балалар сендердің тапқыр,жылдам екендеріңді дәлелдедіңдер,бір қуанып қалдым.Ару Айсұлуды табу үшін сендер биік және төмен таулардан өтүлерің керек.

Балалар:-Біз аттадық

Біз отттік

Айсұлуға біз жеттік

Балалар тапсырманы орындайды

Тәрбиеші:Балалар тұрған үйді көрдіңдер ме? Осы үйде Жалмауыз кемпір Ару Айсұлуды жасырып қойған шығар?

Тәрбиеші:Жалмауыз кемпір шық! Біздер Ару Айсұлуды құтқаруға келдік оны өз ертегіне қайтар.

Жалмауыз кемпір:Жоқ,жоқ қайтармаймын!

Тәрбиеші:Ой балалар Жалмауыз кемпір Ару Айсұлуды қайтаруы үшін біз оның көңіл күйін ойын ойнап көтеруіміз керек.

-Балалар қандай ұлттық ойындар білесіңдер?

Балалар: «Соқыр теке» «Асық» «Арқан тарту» «Ортаға түспек» «Қыз қуу» т.б

Жалмауыз кемпірмен «Қыз қуу» ойынын ойнайды.

Жалмауыз кемпірмен:Ой мына ойыннан кейін өзімде мен бір керемет сезініп тұрмын,мен мейірімді,әдепті болған секілдімін.Балалар мені кешіріңдерші!мен енді олай жасамаймын.

Ару Айсұлу сен де менің жасаған әдепсіздігімді кешіріңдер!

Ару Айсұлу сенің ізіңнен келе жатып,мына заттарды тауып алдық

Орамалды,білезікті,айнаны Айсұлуға береді.

Ару Айсұлу:Ия мынау менің заттарым,сендер мені құтқарғандарыңа рахмет!Менің де сендерге сыйлығым бар .Балаларға тәтттілерін таратады

Жалмауыз кемпір балалармен қоштасып өз үйіне кіріп кетеді.Ару Айсұлу өз ертегісіне қайтады

Рефлексивті-түзетушілік:

Тәрбиеші:Балалар ертегіде қандай кейіпкерледі кездестірдік?

Балалар:Күн,аю,сауысқан құсын ,жалмауыз кемпір мен Ару Айсұлуды кездестірдік.

Тәрбиеші:Ертегі немен аяқталды?

Балалар.Жақсылықпен аяқталды.

Тәрбиеші:Көрдіңдер ме балалар «ертегі әлемінде»саяхатымыз жақсылықпен аяқталды

Балалар топқа қайтады

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:.Ертегідегі кейіпкерлерді және «Ару Айсұлу»қазақ халық ертегісімен танысты

Қандай түсініктерді игерді:Бала тап болған жағдайларды түсіне отырып өзінің ойын білдірді

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:Ертегіден алған әсерлерімен бөлісті және өмірде бір-біріне жақсылық жасайтынына ықпал етті.



© 2010-2022