Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Л дыбысы және әріпі
Мақсаты: Л дыбысымен таныстыру;
Білімділік: Құрамында Л дыбысы бар сөздерді талдау.Л дыбысын дұрыс дыбыстап,оның таңбасын,әріпін таныстыру.Л дыбысы бар сөз,сөйлем құрату.
Дамытушылық: Ойын арқылы тілдерін,ой-өрістерін,сөздік қорларын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Суреттер,текшелер
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,көрнекілік
Оқу іс-әрекетінің түрі: ойын сабақ
Оқу іс-әрекетінің барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар,қәнекей бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебізімізді
білдіріп, көтеріңкі күй сыйлайықшы.
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз аман болсын,
Деніміз сау болсын,
Ақшамыз көп болсын.
Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы
-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізге келген қонақтарымен сәлемдесейік.
-Балалар, бүгін бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті.Біз өткен оқу іс-әрекетінде қандай дыбыстармен танысып едік есімізге түсірейікші.

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.
Ол үшін біз сендермен қәзір «Дауысты, дауыссыз дыбыстар» ойынын ойнайық.Мен сендерге дыбыстарды айтамын,ал сендер қолдарыңдағы көк,қызыл түсті дөңгелек- текшелермен дыбыстарды ажыратып айтып көрсетесіңдер. (Тәрбиеші өткен дыбыстарды айтады).

Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы
ІІІ.Негізгі бөлім.
-Балалар,бүгін бізге қонаққа Алдар көсе келіпті,ол бізге бір жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін «айтпаймын» дейді,ол әріпті табу үшін біз мынадай тапсыр- маларды орындауымыз керек.
-Тапсырмаларды орындаймыз ба? (Балалардың жауаптары).
Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы
1-тапсырма.
-Мынау не? (Лақ)
-Лақ қай малдың төлі және ол қалай дыбыстайды? Лақ ешкінің төлі,ол мә-мә-мә деп дауыстайды
-Лақ сөзінде неше дыбыс бар? (3 дыбыс)
-Лақ сөзін буынға бөліп көрейік? (Буынға бөледі)
-Неше буын бар? (1 буын)
-Сөздің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? (хормен айтқызу)
-Л қандай дыбыс? (дауыссыз)
-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз? (көк)
Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобыАшық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы
2-тапсырма. «Кім жылдам?» дидактикалық ойынын ойнау.
Балаларға ойын ойнату арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардың атауларын атату.
Оларды буынға бөлгізу.Дыбыстың сөз басында,ортасында,аяғында келетінін баланың өзіне байқатып атату.Сөйлем құрату.


Тақтадағы суреттер:
Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы
Піл Ли-мон Лақ Түл-кі А-пель-син.
Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобыАшық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобыАшық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы

3-тапсырма: Дәптермен жұмыс.
Жазбаша жұмыс орындату.Дәптердегі Л әріпінің кіші және бас әріптерін үлгі бойынша жазады. Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобыІV.Сергіту сәті.
Қарлығаш болып ұшамыз,
Лақ болып қашамыз.
Аю болып қорбаңдап,
Орнымызды табамыз.
Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы
4-тапсырма. Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?».
1-ші себетке Л дыбысы бар суреттерді саламыз.
2-ші себетке Л дыбысы кездеспейтін суреттерді саламыз.
Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобыАшық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы


V.Қорытындылау.
-Балалар,бүгін бізге кім қонаққа келді?
-Алдар көсенің тапсырмаларын орындадық па?
-Сонымен, ол бізге қандай жаңа әріпті алып келіпті?
-Л дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?
-Жарайсыңдар,балалар,сендерге Алдар көсе де ризашылықтарын білдіріп жатыр.
-Ал,енді балалар,осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтап Алдар көсе және бүгінгі оқу іс-әрекетімізге қатысып отырған қонақтарымызбен қоштасайық.

Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгін келген қонаққа,
Сау болыңыздар деп айтамыз.

Ашық сабақ Сауат ашу және жазу мектепалды даярлық тобы

© 2010-2022