Балабақшадағы педагог қызметкерлеріне қойылатын кейбір талаптар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балабақшадағы педагог қызметкерлеріне қойылатын кейбір талаптар


Алакөл ауданы «Нұрай»

балабақшасының психологі,

Қант зауыты орта мектебі

мектепке дейінгі шағын

орталығы бар мемлекеттік

мекемесінің биолог-психологі

Кыдырбаева Анар Арыстановна


Балабақшадағы педагог қызметкерлеріне қойылатын кейбір талаптар


Халыққа білім беру ісін қайта құру сонымен бірге тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін педагогсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Еліміздің әулеметтік экономикалық дамуын жетілдірудің бағдарламалық міндеттернін шешу педагогтің кәсіби біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты.

Педагог адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін маман иесі. Педагог, яғни балабақша тәрбиешісі қызметі өте күрделі әрі көп салалы. Тәрбиеші баланың жеке басының дамуын қалыптастыратын білім берумен тәрбие және оқыту процестерін басқарады. Сондықтан тәрбиешіден:

  1. Жан-жақты терең ғылыми білім.

  2. Жоғары кәсіби шеберлік.

  3. Адамгершілік ізгі қасиет.

  4. Табанды, ерлік, жігер, парасатты мінез-құлық талап етеді.

Педагогтің басқа маман иелерінен айырмашылығы, айналадағы адамдармен жан-жақты қарым-қатынас жасап барлық күш-қуатын, білімін жұмсайды. Әрбір тәрбиеші өз күндерін, сабақтарын түрлендіре өткізеді. Бала бір сабақта белсенді отырса, бір сабақта селқос, ықыласы болмайды. Осындай жағдайда баламен тәрбиеші арасы бұзылады. Тәрбиеші үстемділік көрсетіп, билік етіп шектен тыс қаталдық жасамай, әдепті түрде педагогикалық сабырлықпен, қатаң талап койып, оның орындалуын дер кезінде қадағалау керек. Егер тәрбиешінің қойған талабы қадағаланбаса, бала салақтыққа, теріс әдетпен қажетсіз дағдыға бйімделіп кетеді. Жасалған жұмыстардың бәрі нәтижесіз қалады. Әр адамның мәдениеттілігі, тек ғана сыртқы кейпінен емес іс-әрекеті нәтижесінен, мінез-құлқынан, сөйлеген сөзінен байқалады. Мәдениеттілік мінез-құлық нормаларын орындауға үйретудің басты формаларын, айналасындағылардың әрекетін бақылап, талдау жасап отыру.

Жалпы тәрбиешінің жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жоспарланып ұйымдастырылады:

  1. Ғылыми бағыт.

  2. Оқу-әдістемелік бағыт.

  3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты.

  4. Басқа орталармен қарым-қатынасы.

  5. Ата-аналармен байланыс, т.б.

Соңғы кездері көп аталып жүрген адамның резервтік мүмкіндіктерінің белсенділігін арттыруға себепкер болатын оқыту әдістемелеріне төмендегілерді еңгізуге болады:

  • сугестопедия- адамды сендіруге, нандыруға негізделген тәсіл;

  • релаксопедия- денені босаңсытуға негізделген оқыту тәсіл;

  • ритмопедия- сезім органдарының ритмикалық ырғағын пайдалана отырып балалардың ақпарат ағынын қабылдауға мүмкіндігін арттыру;

  • гипнопедия- табиғи немесе жасанды ұйқыны оқытуға пайдалану.

Тәрбиеші сабақты дұрыс ұйымдастыру үшін балалардың жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескеру қажет. Бір нәрсемен ұзақ уақыт айналасуда жұмыс кезеңі дем алу кезеңімен алмасып, сергіту шаралары болғанда ғана жеміс беретін ұмытпауымыз керек. Сол сияқты ауа режиміне көңіл бөлу керек. Ауаның физикалық қасиеттерінің ішінде оның температурасы, ылғалдығы мен қозғалыс жылдамдығы балалардың денсаулығымен жұмыс істеу қабілетінің деңгейіне әсер ететіні басты фактор болып табылады. Жеке бас гигиенаны да ескеру қажет. Олар:

1.Шаш гигиенасы;

2.Бет гигиенасы;

3.Тырнақ гигиенасы;

4.Киім гигиенасы;

5.Тері гигиенасы;

6.Тамақ гигиенасы;

7.Ой гигиенасы;

Сонымен қатар жарық режимін ұмытпау керек. Көру арқылы ақпараттың 80-85% қабылданады. Бөлме жарығы табиғи (күн сәулесі) және жасанды (жарық беру көздері) болып келеді. Жоғарыда айтылғандармен бірге тәрбиешіге тәжірибе алмасу мақсатымен өзара сабаққа қатысу қажет. Әрбір сабақта тақырып ашылып,мақсаттарға жетіп, көрнекіліктерді орнымен пайдаланып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, уақытты дұрыс пайдаланып, балалардың сабақты өздері қорытқаны тәрбиеші үшін зор бақыт. Жалпы біздің балабақшада жыл бойы 880 сабақ жүргізілуі жоспарланған. Соның 1,5%, яғни 132 сабағына меңгерушінің өзі қатысуы тиіс. Тәрбиешілерге кеңес беру, қолдау көрсету, кемшіліктерді жою үшін, жаңашылдықты еңгізу үшін әр сабақта әр тәрбиешіге әкімшілік тарапынан көмек көрсетіледі.

Қорыта келе, еліміздің өсіп-өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін, рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, біліммен өмір мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілікті сезінетін, салауатты өмір салтын сапалы түрде таңдаған өркениетті елдің азаматын тәрбиелеу біздің мақсатымыз деп, айтқым келеді.


© 2010-2022