Ашық тәрбие сағаты Менің тұңғыш Президентім шағын орталық тәрбиеленушілеріне

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

КармановЖОББМ

Балалар қолдарына жалаушы ұстап,музыка ырғағымен залға енеді.

Тақырыбы: Менің тұнғыш Президентім

Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы түсінік бере отырып, Отанын,халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриотық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі:Видеоролик «Менің тұнғыш президентім».Рәміздердің,Елбасының суреттері.Ғажайып сәт: «Түлкінің қонаққа келуі»т.б.

Барысы:

Шаттық шеңдері.

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

Ғажайып сәт: «Түлкінің қонаққа келуі»

Сәлеметсіңдер ме балалар!Аң патшасы арыстан маған бірнеше тапсырма беріп еді,ал мен болсам орындай алмай қиналып жүрмін,егерде менің тапсырмамды орындап келмесең мен сені жеп қоямын деді арыстан,- деп түлкі жылайды,қолындағы хатты тәрбиешіге ұсынады.

Тәрбиеші: Ой, түлкіжан сен жылама біздің балалар өте білімді, ақылды балалар.Қандай тапсырма берсекте еш қиналмай орындайды.

Балалар, тапсырманы орындауға дайынбыз ба?

Балалар:Дайынбыз,дайынбыз.

Тәрбиеші:Бізге үш тапсырма беріліпті.

1 тапсырма:

Слайд: «Менің тұңғыш Президентім»

1.Мына суретте кімді көріп тұрмыз?

2.Ол кім?

Тәрбиеші:Құрметті бүлдіршіндер,бүгін ел болып,Тұңғыш Президент күнін тойлағалы отырмыз.Қазақ атын бүкіл әлемге танытқан Елбасымыздың салиқалы саясаты екенін мақтанышпен айтамыз.1991жылы 1желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау болып, сонын нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының президент болып сайланды.Олай болса,бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз Елбасы Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы болмақ.

2 тапсырма:Сөз жұмбақ.

1.Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің толық аты-жөні кім?

2. Президенттің жұмыс орны қалай аталады?

3.Біздің елордамыз қай қала?

4.Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?

3тапсырма:Елбасы,Отан туралы санамақ,тақпақ айту?

Інжу:Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.


Элеонора: Елбасымыз елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.


Айару: Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.


Аружан: Сенің атың Нұсұлтан,

Туған елің Қазақстан.

Мен сізден үлгі аламын,

Қазақстаныммен мақтанам.


Ұлан: Қазақта тұңгыш Елбасы,

Пана боп Алла, қолдашы.

Тіл менен Дінді сақтаған,

Бар Қазақ Сіздей болсашы.


Санамақ:

1дегенім -білім,

Білімсіз жок күнім.

2 дегенім- елім,

Елім мәңгі менің.

3 дегенім- үміт,

Үмітпен жүрмін күліп.

4 дегенім- туым,

Тәуелсіздік жырым.

5 дегенім -береке,

Бірлік пенен мереке

6 - асқар Астанам,

Жарқырай бер жас қалам.

7- желкенге мінеміз,

8- Отанға сенеміз.

9-Тұңғыш Елбасым,

Көрсеткен елге жол басын.

Тәрбиеші:Ал,түлкіжан біздің балалар барлық тапсырманы еш қиналмастан орындап шықты,енді аң патшасы арыстанға мақтануға болады.

Түлкі:Балалар сендер қандай білімді, ақылды балаларсыңдар, сендерге көп рахмет!

Ойын: «Туған жерді гүлдендір»

(балалар алдын ала түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен өз тілектерін арнап, Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады )

Қорытынды:

Бүгін біз қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Бүгінгі тәрбие сағатымызда кім туралы білдік?

Бүгінгі ашық тәрбие сағатында айтылғандарды өнеге етіп,елді,жерді сүюді,Елбасын қадірлеуді өмірлік мақсат етейік дегім келеді. Қатысқандарыңызға рахмет!













Карманов жалпы орта білім беретін мектеп- балабақшасы.



Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім

( ашық тәрбие сағаты)











ШО тәрбиешісі:А.Ихсангалиева.

2014-2015 жыл

© 2010-2022