Статья Я люблю свою работу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Статья Я люблю свою работу

Менің есімім Гүлмира, мен № 121 «Айналайын»балабақшасының

қазақ тілі мұғалімімін.

. Менің, осы мамандық иесі ретінде басты мақсатым өз ісімді сүю, жаңалықты оқып үйрену. Балабақшада тілін үйретуде өз білімімді тынымсыз жетілдіру үстіндемін,

Халық байлығының асыл қазынасы - рухани тіл. Оны меңгеру бесік

тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада жалғасын таппақ. Қазақта

«Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша

табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре

білетін болсақ, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз. Сондықтан тіл тағдырына

терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі

талап, міндеттер үнемі жаңа, заманауи бағыттар бойынша жүзеге асырылуы

керек. Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Басты өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде мақсатымды алтын қазыққа байлап келемін.Қазақ тілін үйретудің түп негізі - балабақшада сондықтанда балабақшада қазақ тілін өзге ұлт өкілдерін үйрету үшін алдыма төмендегідей

мақсаттар қойдым:

  • Ана тілде таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Тез ойлап, ұтымды жауап қайтара білуге, еркін сөйлеуге дағдыландыру.

  • 1. Өзге ұлт өкілдеріне өз ана тіліміздің қадір-қасиетін біліп, тіліміздің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

  • 2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы баланың дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

  • 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді бала бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.

Ата бабамыздан қалған қасиетті қол жетпес асыл қазынамыз ана тілімізді дәріптеу.


  • Салт-дәстүр, әдет ғұрып, асыл қасиеттерімізді бойларына сіңіру.

Елбасымыз айтқандай Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде демекші, өз тілімізді одан әрі дамытуға,көлге тамған тамшыдай еңбектер атқарып келемін.

Биылғы жылы өткен Қ.Р.Тілдер мерекесіне орай апталық өткіздім, «Біз Қазақстанда өте тату тұрамыз» атты апталық өткізіп, онда қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен, ұлт достықтары туралы сөз етсек,

«Қазақ ас үйінің құпиясы аты» жәрмеңке өткізіп, онда қазақтың тағамдары, олардың ерекшеліктерін көрсету мақсаты болды.

Қазақтың ұлттық тағамдары

Жасымнан жақын еді маған бәрі,

Теңгермес ем оларға мен,

Ешбір асты ғаламдағы






Ұрпақ тәрбиесі ата - ана мен қоғамның басты парызы дейтін болсақ, әр азаматтың салауатты тірлігі мен өмірден өз орнын табуына балабақшаның қосар үлесі аз емес. Әрине бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім - тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан - жақты педагогиқалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы кетпестей із қалдырады. Өйткені жас ұрпақтың жан - жақты қалыптасу негізі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алады. Мектепке дейінгі тәрбие - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Сондықтанда ата-аналармен бірлесе отырып көптеген жұмыстар атқарамын.

Мысалы.Ана тілі отбасында.

Мен қазақ тілін білемін.

Әжелер сайысы.

Қазақтың келіндері-ай атты түрлі қызықты шаралар өткізіліп тұрады..

Адамға екі нәрсе керек тегі,
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.
( Жүсіп Баласағұни )


«Қос тіл - қос қанатың» деп ұлы Абай айтқандай, біздің елімізде қос тілді білу - өмір талабы, сондықтанда Педагог өзге ұлт өкілдеріне тіл үйрету үшін көптеген жұмыстар жүргізілді. Мысалы : Тілдер мерекесі қарсаңында, « Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», желтоқсан айында, «Елбасы елімен бірге», « Менің Отаным Қазақстан»« 21 ғасыр көшбасшылары», «Ғажайып алаң» «Тарих дөңгелегі», «Сиқырлы қазан», «Заман тапқырлары» «Наурыз жыл басы», «Қазақтың салт-дәстүрлері» сияқты көптеген шаралар жүргіземін.Бұл жүргізіліп отырған шаралардың мақсаты: Өзге ұлт өкілдеріне тіл үйрету,салт- дәстүр, әдет-ғұрып, қазақ халқының құндылықтарын білуге үйрету. әдеп ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, бойларына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету; Қорыта айтқанда мен өз мамандығымды мақтан етіп, өз жұмысымның нәтижесін көрсем деймін.


© 2010-2022