Ата-аналар жиналысыДельфиндер 1-кіші топбыТақырыбы: Баланың балабақшаға бейімделуі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Дельфиндер» 1-кіші сәбилер тобында өткізілген

ата-аналар жиналысы №1

/Күні,айы,жылы,уақыты/------12-қыркүйек,2014жыл

Тақырыбы: «Баланың балабақшаға бейімделуі»

Мақсаты:Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру;ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту;баламен дұрыс тіл табысуға,сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Тәрбиеші:-Құрметті ата-аналар!Біз сіздермен бірінші ата-аналар жиналысында кездескенімізге қуаныштымыз.Біз бен сізді байланыстырып тұрған әрине балалар.Сол балаларымыз аман болсын!Балаларыңыз сіздерді тек жақсы қылықтарымен қуанта берсін дей келе бүгінгі оқу жылындағы алғашқы жиналысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1.Психогимнастика. «Мен сізді көргеніме өте қуаныштымын» жаттығуы.

2.Ата-аналарға ақыл кеңес. «Баланың балабақшаға бейімделуі»

3. «Тазалық-денсаулық кепілі»

4.Ата-аналар төрайымын және мүшелерін сайлау

5.Сауалнама толтыру

6.Қорытынды.

1.Психогимнастика. «Мен сізді көргеніме өте қуаныштымын» жаттығуы.

Мақсаты: қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.

Жаттығу барысы: әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады; «мен сені көргеніме қуаныштымын,себебі...».Бұл сөздерді адамның сыртқы келбетіне қарап емес,мінез ерекшелігіне байланысты сөзбен аяқтау керек.

*Бұл жаттығуды орындау сізге қйын болды ма?

*Көршіңіз «мен сізді көргеніме қуаныштымын» деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

2.Ата-аналарға ақыл кеңес. «Баланың балабақшаға бейімделуі»

Балабақша психологы-Үміт Анатолиқызына сөз беріледі

3.Тазалық-денсаулық кепілі.Балабақша медбикесі-Р.М.Рахметоваға сөз беріледі.(Балалардың денсаулығына,тазалығына көңіл бөлуді өтінеді.Күнделікті таза киім киіндіру,шаштарын тарау,тырнақтарын уақтылы алк керектігін,балабақшаға ауырған балаларды дәрігер анықтамасынан кейін әкелетінін,ауырса дәрігерге қаралу керектігін ескертеді)

4.Ата-аналар төрайымын және мүшелерін сайлау.

-Құрметті ата-аналар төрайымын сайлау осы отырған сіздерге жүктеледі,сондықтан ақылдасып өз пікірлеріңізді білдірулеріңізді өтінемін.Әр ата-ана өз пікірлерін ұсына отырып,дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын.

5.Сауалнама толтыру.

Сауалнама

Балаңыздың толық аты-жөні .

Туған күні,айы,жылы,иин

Әкесінің аты-жөні

Қайда,кім болып жұмыс істейді?

Жұмыс телефоны,мобильді телефоны

Анасының аты-жөні

Жұмыс орны

Жұмыстелефоны,мобильді телефоны

Мекен-жай,үй телефоны

Балаңыздың ленсаулығы туралы

Қандай ойыншықтармен ойнағанды ұнатады?

Балаңыздың қандай шығармашылық қабілеттері бар?

Қандай тамақ түрлерін ұнатпайды?

Теледидардан қандай бағдарлама көреді?

-Құрметті ата -аналар келгендеріңізге рахмет. Алдарыңызда тұрған қағазға бүгінгі жиналыстан алған әсерлеріңізді, болмаса бізге,балабақшаға деген айтар ойларыңыз болса жазып кетіңіздер. Балаларыңыз ауырмасын,сіздерге денсаулық тілейміз.Келесі кездескенше сау болыңыздар. Балаларды себепсіз балабақшадан қалдырмауларыңызды сұраймыз.









«Дельфиндер» 1-кіші сәбилер тобында өткізілген

ата-аналар жиналысы №2

/Күні,айы,жылы,уақыты/-------------------------------

Тақырыбы: «Балалардың тілдерін қалай дамыту керек?»

Мақсаты:Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу,ата-аналармен бетпе-бет кездесе отырып,бала тәрбиесі,балалардың тілін дамыту жайында әңгімелесу,бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру.

Көрнекілігі:тақтаға ұлағатты сөздер жазылған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай,тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан,ұядан өле өлгенше соны танып қиялдайды»

Тәрбиеші:-Құрметті ата-аналар!Біз сіздермен бүгінгі ата-аналар жиналысында кездескенімізге қуаныштымыз.Біз бен сізді байланыстырып тұрған әрине балалар.Сол балаларымыз аман болсын!Балаларыңыз сіздерді тек жақсы қылықтарымен қуанта берсін дей келе бүгінгі жиналысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1.Психогимнастика «Күншуақ» жаттығу

2.Дөңгелек үстел. «Бала деген кім?»

3. «Баланың тілін дамыту» баяндама

4.Ситуациялық сұрақтар

5.Ата-аналармен бірге жаңа жыл мерекесін қызықты өткізейік

6.Қорытынды

1.Психогимнастика. «Күншуақ» жаттығу

Ата-аналар ортаға шығып дөңгеленіп тұрады.Ортада жарқырап тұрған күннің сәулесі мен жылуынан біздің ата-аналарда,балабақшаларда да жайлы.олай болса,әрқайсысымыз мына ғажап баулар арқылы күннің жылуын қабылдайық.күннің жылуын қабылдаған оң қолымызды жүрегіміздің үстіне қоялық.Күннің мейірім жылуы біздің өн бойымызға тарап,біздің жылуымыз көбейді.Енді осы жылуды қолдарымызға ұстасып,бір-бірімізге беріп үлкен шеңбер жасайық.Міне көрдіңіздер ме кішкене күннің мейірім жылуын бір-бірімізге беру арқылы үлкен күн де пайда болды.Әрдайым осындай күн шуағындай бір-бірімізді жылытып,бір-бірімізде мейірімді,сүйіспеншілікте болайық.

2.Дөңгелек үстел. «Бала деген кім?»

Даналық сөз:

«Баланы дұрыс тәрбиелеу-бұл біздің қарттық шағымыз,жаман тәрбиелеу -бұл біздің келешек қасіретіміз»-А.С.Макаренко т.б.Сұрақтар жасырылған алқаптағы гүлдер.

Ой қозғау: «Бала деген кімдер?»

Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының ішіне ата-аналар жауаптарын жазады.Мысалы; бауыр етіміз,болашағымыз,жанымның саясы,асыраушымыз т.б.

Біздің ұрпағымыздан күтеріміз көп.Олай болса,біз тәрбие үрдісіне баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек,қандай жағымсыз тілектерді баламызға тілемейміз.Мысалы,еріншектік,жалқаулық,сараңдық т.б. Біздің балаларымыздың адамгершілік,моральдік бейнесі әр уақытта көңілімізден шыға бермейді.Күнделікті өмірде ашуланшақ,әдепсіз балалар кездесіп жатады.Бала өзінің болашағы екенін ұғынатын әр ата-ана өз баласына көп көңіл бөлу керек.

Гүл теруге шығайық!

(Әуен ойналып тұрады,арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару).Барлық ата-аналар орындарынан тұрып,гүл теруге шығады.Бір-бір гүлден алады.Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған.Осы сұрақтар тқңірегінде сұрақтар өрбиді.

Сұрақтар:

1.Сіздің бойыңызда,сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?

2.Егер сіздікі дұрыс болмаса да балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?

3.Баланың бойына жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз?

4.Шыдамды деген не?Шыдамдылық қасиетін қалыптастыруда сіз қандай рөл атқарасыз?

5. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?.т.б

3. «Баланың тілін дамыту» баяндама,оқитын тәрбиеші-Шарапова.Т.Ш

4.Ситуациялық сұрақтар.

«Қымбат машина әңгімесі»

«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма,қымбатқа сатып алдым»,-дейді.Қандай ойыншық десейші.Қара бояуы жалтылдаған қара машина.Келесі күні Аман жаңа машинасын құшақтап аулаға шықты.Сыртта оны Қанат,Мансүр,Мұра қоршап алды.

-Қараңдаршы, папам әперді.Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі.

-Келші көрейік.

-Жүре ме екен өзі?

-Қандай әдемі кел ойнайық.

Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды.Әрі-беріден соң, Қанат,Мансүр,Мұра да өз беттерімен ойнап кетті.Аман ойыншығын үйге әкеліп,кереуеттің астына қойды да сыртқа шықты.Қараса балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен.Аман қызығып жүгіріп қастарына келді.

-Мен де ойнайыншы.

Ал балалар болса үндемей ойындарын жалғастыра берді.

Сұрақтар:

1.Әңгімеден не түсіндіңіздер?

2.Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?

3.Аман кінәлі ме?

4.Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?

5.Ата-аналармен бірге жаңа жыл кешін қызықты өткізейік.

Ата-аналарға ұсыныс конкурстарға қатысу.

1.Қар қалашығын жасау

2.Топты безендіру

3.Жаңа жыл кешін тәттімен қамтамасыз ету.



-Құрметті ата -аналар келгендеріңізге рахмет. Алдарыңызда тұрған қағазға бүгінгі жиналыстан алған әсерлеріңізді, болмаса бізге,балабақшаға деген айтар ойларыңыз болса жазып кетіңіздер. Балаларыңыз ауырмасын,сіздерге денсаулық тілейміз.Келесі кездескенше сау болыңыздар. Балаларды себепсіз балабақшадан қалдырмауларыңызды сұраймыз.















«Дельфиндер» 1-кіші сәбилер тобында өткізілген ата-аналар жиналысының хаттамасы №1

/Күні,айы,жылы,уақыты/------12-қыркүйек,2014жыл

Кімдер қатысты:тәрбиешілер,ата-аналар,медбике,психолог

Тақырыбы: «Баланың балабақшаға бейімделуі»

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1.Психогимнастика. «Мен сізді көргеніме өте қуаныштымын» жаттығуы.

2.Ата-аналарға ақыл кеңес. «Баланың балабақшаға бейімделуі»

3. «Тазалық-денсаулық кепілі»

4.Ата-аналар төрайымын және мүшелерін сайлау

5.Сауалнама толтыру

6.Қорытынды.

1.Психогимнастика. «Мен сізді көргеніме қуаныштымын»

Жарыс сөзге қатысқандар:

Замзагүл Жұмашқызы:-мен бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараймын,себебі қызымның болашағы мені қатты толғандырады.Қызыма барлық жағдайды жасауға тырысамын.Бос кезімде ойнаймын,сурет саламын,ертегі оқимын.

Майсан Төлегенқызы:-менің отбасымда 4 кішкентайым бар,оларға арналған өз бөлмелері бар,бөлмені сүйкімді етіп әсемдедік,балаларым бөлмеде ойнайды,ойыншықтарын жинайды,біз оларды мерейлендіріп отырамыз.

Аягөз Амангелдіқызы:-мен керісінше болмайтын нәрсені айтып түсіндіруге тырысамын,өйткені бала осы бастан бастап тыңдап өсу керек деп ойлаймын.

Назгүл Серікқызы:-менің қызым ерке,біз оның дегенін орындаймыз,есейген соң бәрін де түсінетін шығар деп ойлаймын.

2. «Баланың балабақшаға бейімделуі», оқыған психолог-Ү.А.Серікбаева.

3.Тазалық-денсаулық кепілі.Балабақша медбикесі-Р.М.Рахметова балалардың денсаулығына,тазалығына көңіл бөлуді өтінді.Күнделікті таза киім киіндіру,шаштарын тарау,тырнақтарын уақтылы алу керектігін,балабақшаға ауырған балаларды дәрігер анықтамасынан кейін әкелетінін,ауырса дәрігерге қаралу керектігін ескертті.

4.Ата-аналар төрайымы

5.Ата-аналар сауалнама толтырды.

6.Қорытынды.

1.Әдепті,тәртіпті,білімді балалар тәрбиелеуге ат салысу.

2.Комитет мүшелерімен тығыз байланыста болу.

3.Ешқандай жағдайға қарамай ата-аналар,жақсы қарым-қатынаста ынтымақтастықта болу.

4.Балаларды балабақшаға таза әкелу,денсаулыққа көңіл бөлу.

Төраға:Айтиева Аягөз Амангелдіқызы

Тәрбиеші:Шарапова Тұрсынай Шамшидинқызы

Хатшы:Айтиева Сандуғаш Қайратқызы



«Дельфиндер» 1-кіші сәбилер тобында өткізілген ата-аналар жиналысының хаттамасы №2

/Күні,айы,жылы,уақыты/------10 желтоқсан,2014жыл

Кімдер қатысты:тәрбиешілер,ата-аналар.

Тақырыбы: «Балалардың тілдерін қалай дамыту керек?»

Мақсаты:Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу,ата-аналармен бетпе-бет кездесе отырып,бала тәрбиесі,балалардың тілін дамыту жайында әңгімелесу,бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру.

Көрнекілігі:тақтаға ұлағатты сөздер жазылған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай,тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан,ұядан өле өлгенше соны танып қиялдайды»

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1.Психогимнастика «Күншуақ» жаттығу

2.Дөңгелек үстел. «Бала деген кім?»

3. «Баланың тілін дамыту» баяндама

4.Ситуациялық сұрақтар

5.Ата-аналармен бірге жаңа жыл мерекесін қызықты өткізейік

6.Қорытынды

1.Психогимнастика. «Күншуақ» жаттығу

2.Дөңгелек үстел. «Бала деген кім?»

Жарыс сөзге қатысқандар:

Анар Жұматайқызы:-менің ойымша әр адамның бойында жақсы қасиеттер баршылық,мәселен мен өзім балажанмын,балам ауырса не жыласа менің де жаным қиналады,сонымен қатар досыма адал жанмын.

Дариға Қайратқызы:-егер менікі дұрыс болмаса да қызымнан әрдайым кешірім сұрауға дайынмын,себебі қызымның кекшіл емес,мен сияқты кешірімді болғанын қалаймын.

Сандыгүл Төлегенқызы:-мен өзімді шыдамдымын деп айта алмаймын,себебі баламның кейбір қылықтары жақпаса ұрса жөнелемін,әрине бұл дұрыс емес деп ойлаймын,сондықтан сіздерге шыдамдылық тілеймін.

Айда Төреханқызы:-«өнегелі отбасы» әрине ол тәрбиелі,ұқыпты отбасы деп ойлаймын,мен өзімнің отбасымды да осындай отбасылардың қатарына жатқызамын.

3. «Баланың тілін дамыту» баяндама.

Оқыған:тәрбиеші-Шарапова Тұрсынай Шамшидинқызы.

4.Ситуациялық сұрақтар:

Жарыс сөзге қатысқандар:

Дариға Қайратқызы:-менің ойымша әкесінің жасағаны мүлде дұрыс емес,ол өз қолынан баласын ынжық етіп тәрбиелеуде.

Алия Қалелқызы:-бұл жерде баланың кінәсі жоқ,ол жай ғана әкесінің айтқанын орындады,сондықтан балаға дұрыс тәрбие беру керек.

Аягөз Амангелдіқызы:-әрине әкесі дұрыс жасамады,егер менің балама әкесі солай жасаса мен қарсы болар едім,тәрбие отбасынан басталады деп бекер айтпайды ғой,сондықтан баланың тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек.

5.Жаңа жыл кешіне дайындық.

Ата-аналар бір ауыздан қолдап,көмектесетіндерін айтты.

6.Қорытынды.

Барлық өнеге отбасынан басталады.Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік-дөрекілікке,қайырымдылық-қатыгездікке,адалдық-арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау ұрпақ алдындағы ұлкен міндет деп түсінейік.Балам үшін барлық жағдайларды жасайық.

Төраға:Айтиева Аягөз Амангелдіқызы

Тәрбиеші:Майтынова Гүлнұр Қуанышбекқызы

Хатшы:Айтиева Сандуғаш Қайратқызы



© 2010-2022