Тәрбие сағаты шағын орталық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Құстар - біздің досымыз
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әлем құстарымен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.
Көрнекіліктер: Альбомдар, суреттер, плакаттар,
Барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Келген қонақтармен танысу
3. Тәрбие сағатын ашу
4. Қорытындылау
Мұғалім:
Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
1-сәуір десе , ойымызға Күлкі күні оралатыны анық. Сонымен бірге бұл күні әлем жұртшылығы Құстар күнін де атап өтеді.1906 жылдың 1сәуірінде құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын.Қазір аталған құжатты әлем елдерінің барлығы дерлік қолдады.
Марғұлан: Сәуір келді,
Тірлікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды,
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.

Бөкейхан:Тірлікке жан кірді көктем кеп,
Айнала, сай-сала көкпеңбек,
Диқанның арқасы босады.
Қытымыр қысымыз өтті деп.
Арай: Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек-қаз қонды.
Елдар:

Қызыл тал, қызыл тал,
Қызыл талда бүршік бар,
Бүршігін сол жарғаны,
Көктем келіп қалғаны.

Нұрдаулет:
Ұшып келген ең алғаш,
Қараторғай қырағы.
Ұяларға қонақтап,
Дейді «менің» тұрағым.

Тәрбиеші: Балалар, біздер жыл сайын көктем айында қанатты достарымыз құстар мерекесін тойлаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді.
тәрбиеші: Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі - құстар.Халық ежелден -ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі шексіз ,ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп отырады.
Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса ,екіншілері -құрылысшы. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен. Құстардың келтіретін пайдасы көп екен.
Ендеше қанатты достарымызды қарсы алайық.

Інжу: Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.

Жанерке: Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл құстарын ілестіріп,
Көрікті көктем келді.
Самалына нұр есіп.
Жанболат: Сағынышпен жеткен,
Қуана бер көктем.
Жайнап нұрлы гүлің,
Басқар құстар күнін.
Көктем: (Залға қарап бас иіп)
Сәлем, достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Шат шадыман көктеммін,
Шаттық болсын әманда.
Ән құрадым үніммен,
Сән құрадым гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт-береке күніммен.
(Сахнаға құстың ұясын көтерген бір топ қыз шығады. Көктемге сәлем береді.)
Хор: Сәлем елдің көктемі,
Әлем енді көктеді.
Құрметпенен бас идік,
Құстарыңа көктемгі.
Көктем: Рахмет, балалар,
Сендерде ой-сана бар.
Бау-бақшаның дұшпанын,
Бастырмады құстарым.
Кербез құстар әні мен,
Келді міне сәнімен.
Тәрбиеші: Халық « көкек келді-көктем келді » - дейді. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы бір құстың аты неліктен ең тамаша ай атына теңеу болады екен.
Бұл кезде қар еріп, ағыл-тегіл бұлақтар ағады. Жер беті жасыл көрпе жамылып,көзге ыстық , көңілге жарқын жауқазындар гүлдеп алқа тағады.Осы кезде көкек келеді .Не деген ғажап «кө-кек,кө- кек» деп ән салады.Сондықтан да «сәуір» айы «көкек» айы деп аталады.
Би : «Аққу» биі
Ән: «Ақ көгершін»

Ал ендеше балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын

Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар?
(Қараторғай)
Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды.
(Түйеқұс)
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс?
(Сауысқан)
Дамылсыз барабан қағады
Сол жерден тамағын табады
(Тоқылдақ)
Ұя салып ,балапан баспайды
Өз атын атап қақсайды
(Көкек)
Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,
Қонса көл суы сирақтан келмейді
(Тырна)
Сайыс жеңімпаздарын анықтап,сыйлықтар беру.

Мұғалім: Міне, құрметті көрермендер осымен құстарға арналған
«Құстар - біздің досымыз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

2



© 2010-2022