Тіл дамыту Қыс көрінісі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы топ балаларына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қыс көрінісі»

Мақсаты: Қыстағы ауа-райының ерекшелігін,табиғаттағы өзгерістер,қысқы мерекелерді білу.Сурет арқылы әңгіме құрастыруға үйрету. Суретке деген қызығушылықтарын арттыру. Зейінін дамыту. Синонимдерді сөздік қорына еңгізу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:ағаш макеті , қысқа байланысты суреттер, жыл мезгілі.

Тәсілдер кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Орнымыздан тұрып шаттық шеңберін

жасайық .

Күннің көзі ашылып,

Жерге шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал қанеки бәріміз

Сәлем дейік үлкенге!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Неше жыл мезгілі бар?

Қыста неше ай бар?

Ауа-райы қандай?

Табиғатта қандай өзгерістер бар?

Ал балалар қыста қандай мерекелер бар?

Адамдар қандай киім киген ?

Орындарынан тұрып, іс - қимылмен шаттық шеңберін жасайды.

Бір-біріне тілектер айтады.


Қыс мезгілі.

Төрт (күз,қыс,көктем,жаз)

Үш (желтоқсан,қаңтар,ақпан)

Күн суық аяз, боран.

Жердің бетін ақ қар жапқан ағаштардың жапырақтары түсіп,ақ қырау жамылған.

Жаңа жыл мерекесі

Жылы

Ұйымдастыру, іздену кезеңі

Дала түгелдей аппақ. Балалар, қыста сендер қандай ойын ойнағанды жақсы көресіңдер?

Балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

Ал енді мен сендерге өлең оқып берейін

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр болып жатады

Балалар өлеңнен өздерін ұғып отырсыңдар, жердің бетін, ағаштарды қар жапқан екен. Айнала әп-әдемі аппақ қар екен. Осы табиғаттың тамаша көрінісін суретшілер мына суреттегідей суреттейді екен.

«Қыс» суретін көріп тамашалату.

Балалар мына ағашты қараңдаршы қандай аппақ жапырақтары түсіп,оны ақ қырау басып өзі аппақ болған.

Ағаштың макетін тамашалау

Сергіту жаттығуы.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштар

Үп-үлкен болып өседі.

Қараңдаршы! Мына ағаштан не көріп тұрсыңдар?

Балалар құстар тонып қалыпты олардың ұясы жоқ екен,оларға қамқорлық жасайық шеберханаға барып ұя жасап берейік

Ойын"Мен шебермін"ұя жапсырады.

Тыңдайды.

Қар атысып ойнағанды, мұзға сырғанағанды,аққала жасағанды ұнатамыз.

Ұнайды.


Суреттерді тамашалап, әңгімелейді.

Балалар қыс туралы тақпақтарын айтады.

Балалар тыңдайды, өз ойларын айтады.

Сергіту жаттығуын мағынасына қарай қимылмен көрсетіп, жасайды.


Құстардың қонып отырғанын айтады.

Балалар қамқорлық жасауға келіседі.

Тәрбиешінің көмегімен қағаз пішіндерінен ұя жапсырады.

Рефлексивті түзету

Балалар, сендердің жұмыстарың қатты ұнады. Қыс мезгілінің ең басты ерекшелігі қандай екен?

Суретте не бейнеленген?

Қысқы ағаштың түсі қандай болады екен?

Себебі неге?

Балаларды мадақтау.

Өз ойларын айтады.

Ағаш, қарлар бейнеленген.

Қысқы ағаш ақ болады.

Ағашты қар басып қалады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек : табиғаттағы тіршілік иелерін біледі.

Үйрену керек : жыл мезгілдерінің айырмашылығын үйренеді.

Қалыптастыру : табиғатты қорғауға қалыптастыру.


№19 орта мектеп КММ





Ашық сабақ





Пәні:Тіл дамыту

Тақырыбы:Қыс көрінісі

Тәрбиеші:Айткужина А.Б













2013-2014 оқу жылы











© 2010-2022