Родительское собрание для воспитателей предшкольной группы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№36 «Аққу» бала бақшасы























Ата-аналар жиналысы №1

Тақырыбы: Тренинг: «Бірге мектепке дайындаламыз»



















Тәрбиешілер: Каримова Г.Қ.

Шайханова А.Ш.











Көкшетау қаласы-2015ж.

Ата-аналар жиналысы №1

Тақырыбы: Тренинг: «Бірге мектепке дайындаламыз»

Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар»
Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ата аналарды отырғызу
Парақшалар тарату
Кіріспе:
1.1. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Тәрбиеші:
Құрметті ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы - дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
2. Қызығушылығын ояту.
Ата - аналар бір біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық лебізін білдіреді.
3. Баяндама: «Ата-ананың бала дамуына әсері»
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы - бала. Бала - дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы - ата - анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Бізде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу - үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата - ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?
Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата - ананың қолында.
4.«Қызықты сұрақтар»
1. Балаңыз бала бақшаға барғанды жақсы көре ме?
2. Баланы кім тәрбиелейді?

3. Балаңыздың мінезіне көңіліңіз тола ма?
4. Балаңыздың қиналатын жері бар ма? (киіну, тамақтану, жуыну, ұйықтау кезінде)
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Баланы отбасында қалай тәрбиелейміз?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

11. Сіздің ойыңызша отбасындағы жағдай балаға әсер ете ме?

12. Баланы үнемі сынау, ескерту, тежеу дұрыс па?


1.2. Ата - аналарға «Сөйлеу дамыуының деңгейі, мектепке дайындығының маңызы құрамдасы»

Бала тілі ересек адамдардың сөйлеуі әсерінен қалыптасады және үлкен дәрежеде бала өмірінің алғашқы күнінен бастап сөйлеу тәжірибесінің жеткілікті болуына, қоршағандардың қалыпты сөйлеуіне және тәрбиелеу мен оқытуға тәуелді.

Сөйлеу туа пайда болған қабілет болып табылмайды, ол онтогенез үрдісінде баланың физикалық және ақыл-ой дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші қызметін атқарады. Баламен ана тілін меңгеруі қатал заңдылықтармен өтеді және барлық балаларға жалпы бірқатар белгілермен сипатталады. Сөйлеу тілі патологиясын түсіну үшін қалыпты балаларда сөйлеу тілі дамуының барлық реттік жолын нақты елестету керек, осы үрдістің заңдылықтарын және шарттарын білу қажет, осыдан оның жақсы дамуы тәуелді.

Бұдан басқа, осы үрдісте бұл немесе басқа ауытқушылықтарды уақытында байқау үшін бала тілі дамуының әр кезеңін нақты елестету керек. Мысалы, 1 жыл 4 айдағы бала әлі сөйлемейді. Бұл қалыпты жағдай ма, жоқ па екенін шешу үшін педагог қалыпты дамыған кезде бірінші сөздер қай уақытта пайда болу керек екенін білу қажет.

Балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдылықтарын білу сөйлеу тілі бұзылыстарын дұрыс тексеру үшін қажет. Осылайша, кейбір мамандар 3 жастағы балаларды дыбыстарды айту кезіндегі ауытқушылықтарды жою үшін логопедке жібереді. Ол дұрыс па? Жоқ. Өйткені сөйлеу тілінің қалыпты дамуында да осы жастағы балаларға кейбір дыбыстарды дұрыс емес айтуы тиісті болады. Физиологиялық тіл мүкістігі деп аталатын бұл көрініс толығымен заңға сыйымды және артикуляциялық аппараттың әлі толығымен қалыптаспауымен шартталады.

Зерттеушілер балалардың сөйлеу тілі даму кезеңдерінің әр түрлі санын бөледі, оларды әр қилы атайды, олардың әр алуан жас шекараларын көрсетеді. Мысалы, А.Н.Гвоздев баланың сөйлеу тілінде әр түрлі сөйлем мүшелерінің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің сан алуан түрлерінің пайда болу реттілігін бақылайды және осының негізінде бірқатар кезеңдерді бөледі.

Г.Л.Розенгард-Пупко бала тілінің дамуында 2 кезең ғана бөлді: дайындық (2 жасқа дейін) және сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі.

А.Н.Леонтьев бала тілінің дамуында 4 кезеңді белгіледі:

І кезең - дайындық - 1 жасқа дейін;

ІІ кезең - тілді бастапқы меңгеру мектепке дейінгінің алдыңғы кезеңі - 3 жасқа дейін;

ІІІ кезең - мектепке дейінгі кезең - 7 жасқа дейін;

ІV кезең - мектептік - 17 жасқа дейін.

Осы кезеңдердің сипатталуына тоқталайық.

Осымен,І кезең - дайындық (туғаннан бастап 1 жасқа дейін) кезеңі.

Бұл кезең неге осылай аталады? Өйткені осы уақытта сөйлеу тілін меңгеруге дайындығы болады.

Балада туғаннан бастапдауыс реакциялары пайда болады: айқай және жылау. Олар адам сөйлеуіндегі дыбыстардан өте алыс екені рас. Бірақ айқай да, жылау да сөйлеу аппаратының үш бөліміндегі жіңішке және түрлі қозғалыстардың дамуына көмектеседі.

2 жұмадан кейін балаланың сөйлеп тұрған адамның дауысына назар аудара бастауын байқауға болады. Ол жылауын қояды, оған қарап сөйлегенде тыңдап жатады. Бірінші айдың аяғында баланы әуенді әнмен (бесік жырымен) тыныштандыруға болады. Әрі қарай ол сөйлеп тұрған адамның жағына қарай қарауға немесе сол адамды көзбен бақылай бастайды. Жақында сәби интонацияға назар аудара бастайды: нәзік дауысқа мәз болады, ал қатты дауысқа жылайды.

2 айға қарай гуілдеу және 3 айдың басына қарай былдырлау пайда болады. Былдырлау - бұл белгілі бір артикуляциясы бар дыбыстардың бірігуі.

Бала 5 айдан бастап дыбыстарды естиді, қоршаған адамдардағы еріннің артикуляциялық қозғалыстарын көріп, еліктеуге тырысады. Белгілі бір қимылдардың көп рет қайталануы қозғалыс дағдысының бекітілуіне әкеледі.

6 айдан бастап бала жеке буындарды еліктеу арқылы айтады (ма-ма-ма, па-па-па және т.б.).

Әрі қарай бала еліктеу арқылы сөйлеу тілінің барлық элементтерін ақырындап иеленеді: фонемдерді ғана емес, үнді, қарқынды, ырғақты, әуенді интонацияны.

Екінші жарты жылдықта бала белгілі бір дыбыс тіркестерін қабылдап, оларды затпен немесе әрекетпен байланыстырады. Бірақ осы уақытта ол әлі де әсер етудің барлық кешеніне назар аударады: жағдайға, интонацияға, сөзге. Осының барлығы уақытша байланыстың пайда болуына көмектеседі (сөздерді есте сақтау және оларға реакция).

7-9 айдағы бала әр түрлі дыбыстардың бірлесулерін ересектердің артынан қайталай бастайды.

10-11 айда сөздердің өзіне реакция пайда болады (жағдайға немесе сөйлеушінің интонациясына тәуелді емес).

Осы уақытта аса үлкен мағынаны баланың тілі қалыптасып жатқан орта иеленеді (қоршағандардың дұрыс сөйлеуі, ересектерге еліктеу және т.б.).

1 жасқа қарай алғашқы сөздер пайда болады.

ІІ кезең - мектепке дейінгінің алдыңғы (1 жылдан 3 жасқа дейін) кезеңі.

Балада алғашқы сөздердің пайда болуынан дайындық кезеңі аяқталады да, белсенді сөйлеу тілінің қалыптасу кезеңі басталады. Осы уақытта балада қоршағандардың артикуляциясына ерекше зейіні пайда болады. Ол сөйлеушінің артынан өте көп және ынтамен қайталайды, өзі де сөздерді айтады. Осы кезде бала дыбыстарды шатастырады, оларды орындарымен алмастырады, бұрмалайды, түсіріп тастайды.

Артикуляцияның ең ауыр және соңғы, төртінші түрі келесі кезеңде көрсетіледі..

2 және 3 жаста балада сөздік қордың жиналуы байқалады.

Әр түрлі зерттеушілер балалардың сөздік қоры туралы әр алуан сандық мағлұматтарды көрсетіп кеткенін белгілеген жөн.

Осы кезеңде балалардағы сөдік қордың қарқынды дамуы туралы кең таралған мағлұматтарды келтірейік: 1 жыл 6 айға қарай - 10-15 сөз; 1 жылдың аяғына қарай - 300 сөз (6 ай ішінде 300-ге жуық сөз); 3 жасқа қарай 1000-ға жуық сөз (яғни бір жыл ішінде 700-ге жуық сөз).

Сөздің мағынасы нақтылана бастайды.

3 жасқа қарай балада сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы қалыптаса бастайды.

Ең алдымен бала өз тілегін, өтінішін бір сөзбен айтады. Кейін арасында байланысы жоқ қарапайым сөз тіркестерін қолданады. Одан әрі сөздер арасындағы байланыс элементтері және сөйлемдегі сөздердің бағынуы біртіндеп пайда болады.

2 жасқа қарай балалар зат есімнің жекеше және көпше түрлерінің, етістіктер шақтарының формаларын қолдану дағдыларын меңгере бастайды, кейбір септік жалғауларын қолданады.

Осы кезде ересектердің сөйлеуін түсінуі дыбыстау мүмкіншілігінен біршама асып түседі.

ІІІ кезең - мектепке дейінгі (3-тен 7 жасқа дейін) кезең.

Осы кезеңде артикуляция түрлерін қарастырайық, яғни дыбыстардың пайда болу кезектілігін байқайық.

Бірінші, екінші және үшінші артикуляция түрлерін алдыңғы кезеңнен көрсек, енді төртінші кезеңге көшейік. Артикуляцияның төртінші түрі - діріл (вибрация). Ол тіл арқасындағы ортаңғы бөлігінің және тіл ұшы бұлшықеттерінің қалыптасуында ғана ([р], [р'] дыбыстарын дұрыс айту), яғни 4 жаста пайда болады (қалыпты дамыған балада 2 ай ерте немесе кеш дамиды).

Мектепке дейінгі кезеңде балалардың көбінде дұрыс емес дыбыстауы әлі де белгіленеді. Ысқырық, ызың, үнді дыбыстарды айту кезінде, сирек жұмсарту, қатаңды ұяңға айналдыру, йотация кемістіктерін байқауға болады.

4-тен 5 жасқа дейін бала барлық дыбыстарды меңгеру және олармен дұрыс қолдану қажет. Егер де бала дыбыстарды бұрмаласа, онда оған арнайы көмек керек, яғни арнайы түзету. Дыбыстардың бұрмалануы әр жаста дизонтогенездің белгісі болып келеді.

3 және 7 жас аралығында балада өзінің дыбысталуын есту арқылы бақылау дағдысы, кейбір мүмкін болған жағдайда оны түзету білігі аса дамиды, басқаша айтқанда, фонематикалық қабылдауы қалыптасады.

Бұл кезеңде сөздік қордың тез ұлғаюы жалғасады. Балаланың белсенді сөздік қоры 4-6 жасқа қарай 3000-4000 сөзге жетеді. Сөздің мағынасы одан әрі нақтыланады және біршама байытылады. Бірақ балалар жиі сөздерді қате түсінеді немесе қолданады. Осымен қатар мұндай көрініс «тілді сезуді» куәландырады. Бұл балада сөйлеу арқылы қарым-қатынасы тәжірибесінің өсуін білдіреді және оның негізінде тілді сезінуі, жаңа сөздерді шығару қабілеті қалыптасады.

Сөздік қордың дамуымен қатар сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы да дамиды. Мектепке дейінгі кезеңде балалар байланыстырып сөйлеуді меңгереді. 3 жастан кейін баланың сөйлеуіндегі мағынасының біршама күрделенуі болады, оның көлемі ұлғаяды. Бұл сөйлем құрылымының күрделенуіне әкеледі. А.Н.Гвоздевтің анықтауы бойынша 3 жасқа қарай балада барлық негізгі грамматикалық категориялар қалыптасқан болады.

4 жастағы балалар сөйлеуінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады. Осы жаста дыбыстаудың аса таралған формасы - жай, жайылма сөйлем (Мен қуыршаққа әдемі көйлек кигіздім. Мен жігітпін).

5 жастағы балалар салалас және сабақтас сөйлемдердің құрылымымен салыстырмалы оңай қолданады.

Осы жастан бастап балалардың сөйлеуі қысқа әңгімені еске түсіреді. Әңгімелесу кезінде олардың сұраққа жауабы сөйлемдердің көп және одан да көп сандарын өзіне қосады.

Балалар 5 жасында қосымша сұрақсыз 40-50 сөйлемдердің ертегінің (әңгіменің) мазмұнын құрастырады. Ол сөйлеу тілінің ең қиын түрінің бірі монологиялық сөйлеу тілін меңгерудегі табыстар туралы куәландырады.

Бұл кезеңде фонематикалық қабылдауы біршама жақсарады: алдымен бала дауыссыз және дауысты дыбыстарды, кейін жұмсақ және қатты дауыссыз дыбыстарды, соңында үнді, ызың және ысқырық дыбыстарды ажырата бастайды.

4 жасқа қарай қалыпты дамыған бала барлық дыбыстарды ажырату керек, яғни фонематикалық қабылдауы қалыптасқан болуы қажет.

Осы уақытқа қарай дұрыс дыбысталудың қалыптасуы да аяқталады және бала өте таза сөйлеуді.

Мектепке дейінгі кезеңнің аралығында контекстік сөйлеу (жалпыланған, көрнекілік тіректен айырылған) біртіндеп қалыптасады. Контекстік сөйлеу ең алдымен баламен ертегі, әңгіме айтқан кезде, кейін оның жеке тәжірибесінде болған қандай да бір жағдайды, оның өзіндік уайымын, әсерін бейнелеу кезде пайда болады.

1.3.Педагогикалық ситуация: «Ата-аналармен пікір-талас»

1. Екі бала кездесті. Бір бала біреуіне күш көрсетіп, «екінші рет айтылған ақшаны әкелмесең, мен саған көрсетемін» - дейді. Оның үстіне ағасы келіп қалды.
- Не үшін? - деді.
- Біз анада күш сынастық, ол жеңіліп қалды, енді 200 теңге ақша әкелуі керек,-деді.

Ағасы: - Ол дұрыс екен, жеңілдің бе, төле онда! Бар, бар жылтырат табаныңды, - деді де құйрықтан бір теуіп жіберді.
Осы ситуация жөнінде Сіз ағасы болсаңыз не істер едіңіз? Пікірлеріңіз.
2. Педагогикалық ситуация
2 сыныпта оқитын бала бір қыз баланың сумкасын лақтырып, өзін жылатып қойды. Қыз бала ұрған баланың ағасын көріп: «Сәкен аға, сәкен аға, тоқтатыңызшы анау Маратты, сіздің ініңіз мені мазақтап, «кетші»деп едім, мені ұрды... «Қой» деп айтыңызшы!»
Сәкен (ағасы)
- Не, мазақтаса, сен де мазақта, не, ұрса, көзің шығып, қолың сынды ма? Сонша айқайлап, бар, баршы өзің, жабысқақа пәлесің ғой.
Осы ситуация жөнінде Сіз не айтар едіңіз? Пікірліріңіз...

Тәрбиешінің сөзі: Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - балапан ұшыру емес» деген мақал - мәтелдерден көруіңізге болады.
5. Қорытынды бөлім:
Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік - дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

  • Кембридж тәсілімен оқыту

  • Ұстаздарға

  • Сценарий

  • Қазақ тілі және әдебиеті

  • Орыс тілі және әдебиеті

  • Ағылшын тілі

  • Информатика

  • Математика

  • Физика

  • Химия

  • Биология

  • География

  • Тарих

  • Сурет және сызу

  • Технология

  • Музыка

  • Кітапхана

  • Дене шынықтыру

  • Алғашқы әскери дайындық

  • Мектепалды дайындық

  • Бастауыш сынып

  • Өзін өзі тану

  • Бала бақша

  • Тәрбие сағаты

  • Әдістемелік көмек

  • Психология

  • Аттестаттау материалдары

  • Родительское собрание для воспитателей предшкольной группы.Жақсы сөз - көңіл кілт

№36 «Аққу» бала бақшасы























Ата-аналар жиналысы №2

Тақырыбы: Эксперимент жүйесінде дөңгелек үстел «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дамуында отбасы ахуалының ықпалы».



















Тәрбиешілер: Каримова Г.Қ.

Шайханова А.Ш.











Көкшетау қаласы-2016ж.

  • Мақсаты:
    1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
    Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар»
    Жиналыс барысы
    1. Ұйымдастыру кезеңі:
    Ата аналарды отырғызу
    Парақшалар тарату
    Кіріспе:
    1.1. Жиналыс мақсатын айту
    2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
    3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
    Міндеті:
    1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
    2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
    3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
    Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
    Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар»
    Жиналыс барысы
    1. Ұйымдастыру кезеңі:
    Ата аналарды отырғызу
    Парақшалар тарату
    Кіріспе:
    1.1. Жиналыс мақсатын айту

  • Родительское собрание для воспитателей предшкольной группы.Ш. Уәлиханов және сурет өнері

  • Родительское собрание для воспитателей предшкольной группы.Лирикалық шығармаларды әдеби - теориялық ұғымдармен байланыстыра оқыту

  • Родительское собрание для воспитателей предшкольной группы.Еңбек етсең ерінбей

  • Родительское собрание для воспитателей предшкольной группы.Ас - адамның арқауы

  • Родительское собрание для воспитателей предшкольной группы.«Абайды оқы, таңырқа...»

  • Родительское собрание для воспитателей предшкольной группы.Мұқағали - жыр ғұмыр

  • Родительское собрание для воспитателей предшкольной группы.Тіл дамытуБұлшық ет, оның типтері, құрлысы және маң

Ата-аналар жиналысы №2

Тақырыбы: Эксперимент жүйесінде дөңгелек үстел «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дамуында отбасы ахуалының ықпалы».

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы, ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі, шығармашылық іс - әрекетіне жағдай туғызу. Өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс - әрекетіне қабілетті, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Ата-аналар жиналысы болатын залда музыка әуені ойналып тұрады. Жиналыс ата - аналар мен балалардың дайындаған кішігірім көрінісімен басталады.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:
Шақыру билеттерін дайындау.
Слайд: "Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту".
Балабақшадағы балалардың шығармашылық жұмыстарынан көрме.
"Мастер-класс" көрсету үшін атрибуттар дайындау.
Жабдықтар:
Бояулар, қылқалам, шар (шар ішінде сұрақтар жазылған), балалар жұмыстарынан көрме (суреттер, жапсырмалар т.б).
Зал ішінде үстел, үстел үстінде сурет сабағына қажетті құралдар тұр (бояу, қылқалам т. б.).
І. Түлкішек келеді. Ол достарын сурет салуға шақырады. Аянұр келіп отырады, ал Арслан болса ұзақ келмейді, біраз уақыттан соң келеді. Арслан отырғаннан кейін, Түлкішек балаларға Гүл періштесі туралы ертегі айтып береді.
Түлкішек:
-Бүгін балалар, түймедақ гүлінің суретін саламыз.
Түлкішек суреттің салу жолын түсіндіреді, суретті салып көрсетеді. Мұқият тыңдап отырған бала суретті Түлкішек түсіндіргендей бейнелейді. Ал Арслан болса тыныш отырмай, суретті дұрыс салмайды. Түлкішек салынған екі суретті салыстырады. Аянұрдың салған суретін мақтайды. Арсланға ескерту айтады.
1.1. Жиналыстың барысы:
-Құрметті ата-аналар! Бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дамуында отбасы ахуалының ықпалы»

Бала - біздің болашағымыз. Олай болса мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту - баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу - бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық - тарихи іс - әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
«Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиялық «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: «...шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс - әрекет, - деп түсіндіріледі.
Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіде, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттіңайырмашылығы - ол баланың өзін - өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек.
Енді қойылымның мән-мағынасына оралайық. Аянұр мен Арсланның іс-әрекеттерін талқылайық. Осы екі баланың қайсысының шығармашылық қабілеті жақсы дамыған? Осы орайда, балалардың шығармашылық қабілеттерін қалай дамытамыз?




1.2. Мектепке дейінгі балаларға арналған майтабаның алдын алу жаттығулары.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын жаттығулары
3 - 4 жас
4 жасқа аяқ басқан балада өз бетімен әрекет жасауға тырысуы бұрынғыдан да арта түседі. Осы кезде оның зейіні де тұрақсыз болады, ол алаңдағыш келеді және бір әрекет жасаудан екінші әрекетке жиі ауысып отырады. Сондықтан, бұрынғы топтағы сияқты, үлкен адамдардың бала мінез - құлқын ұйымдастыруда үлкен рөлі бар. Бұл жаста бала салыстырмалы түрде алғанда көптеген қимылдың қорын меңгереді, бірақ ол әлі өз әрекетінің нәтижесі жөнінде ойланбайды, ол сол қимыл барысын, оның эмоциялық әсері арқылы қабылдайды. Бала енді өз қалауынша немесе тәрбиешінің ұсынысы бойынша қимылды қайталай алады. Қимылдың бағытын сақтай, оның кейбір тәсілдерін айыра да алады. Бұл жастағы балаларға қимылдың жаңадан сан алуан түріне кірісіп кетуге ықыласты болушылық тән. Әрекетті жасай отырып, бала олардағы белгілі қимыл жүйелілігін сақтай алады. Қимыл дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру таныс бейнелер әрекеттер еліктеу негізінде жалғастырылады. Бұл жаста баланы қимыл орындалуға тиіс жағдаймен алдын ала таныстырудың бұрынғыдай маңызы зор. 4 жасқа аяқ басқан балаларға заттар арқылы ойналатын жаттығуларға бейімділік тән.
Көжектер
Баланы бірінші кішкентай көжектерге ұқсап секіртіп, содан кейін үлкен қояндарға еліктеп секірту. Жаттығуды түрлендіріп қақпадан, тас қамалдан құлыншақ, кенгуру, бақа, түлкіге ұқсап секіріп өту ұсынылады. Жаттығуларын түрлендіріп өткізуге болады. Балаларға әр түрлі бағытқа қарай секіруді және қайта орнына оралуды үйрету қажет.
Таяққа асыл
Таяқтан ұстаңыз да (хоккей клюшкасын) балаға таяқтың екі ұшынан қолымен ұстап алып, ауада ілініп тұратындай ұстатыңыз да таяқты жоғары көтеріңіз. (ата - анасы да ұстаса болады, жаттығу орындау барысында иілуге, қолды көтеріп түсіруге және аяғын бүгуге болмайды)
Допты ұста
Балаға допты еденге қатты ұрып лақтыру қажет, лақтырған кезде доп қабырғаға тиіп, қайта ұшып кететіндей болуы керек. Бала допты қағып алып қайта лақтыруы қажет.
Доптың астында бұрылу
Балаға допты еденге жоғары ұшатындай етіп лақтыруы қажет, доп жоғары ұшқан кезде бала өзі жылдам айналып допты қағып алуы керек. Бұл жаттығу баланың қозғалысын сезімнің бірыңғайлы және допты қағып алу дағдысын дамытады.
Жоғары - төмен
Баланың жанында тұрыңыз және онымен бірге баяу отыра бастаңыз, кейін тепе - теңдікті сақтай отырып баламен бірге орныңыздан тұра бастаңыз. Жерден тұрған кезде аяқтың ұшына тұруға тырысыңыз. Жаттығу балаларға тепе - теңдік сақтай білуді жылдам меңгеруге көмектеседі.
Тепе - теңдік сақтаймын
Баланың жанында тұрыңыз, әр балаға аяқтарын тізеден бүгіп көтерілу тапсырылады. Бірте - бірте аяқтың табанын жоғары көтеру ұсынылады. Алғашқыда бұл жаттығуды қабырғаның қасында орындау керек. Себебі керек уақытында тепе - теңдік сақтау үшін қабырғадан ұстауға болады.
Жіптен жасалған допқа тигізу
Жіптен жасалған допты баланың белінің деңгейіне жететіндей етіп іліп, қолына үстел теннисінің ракеткасын беріп, жіп добын ракеткамен ұруы қажет. Ұрған кезде дәл тигізуді көздеу. Бала жіп добын ұрған кезде екпінмен ұру күшін алмастырып отырған тиімді.
Маймылдар
Ата - аналары балаларымен бірге шеңберге тұрады, бір - бастаушы тағайындалады. Бастаушы әр түрлі жаттығулар ойластырып өзі орындайды, содан бәрі бірге қайталайды.








1.3. Балалардың білім деңгейлеріне қорытынды жасау.












Қорытынды бөлім:
-Құрметті ата-аналар, сіздерді балалық шаққа оралуға ұсынамын. Өздеріңізді "мектеп жасына дейінгі баламыз" деп ойлаңыздар.
Мастер-класс "Бояуға қолды батырамыз"
Ата-аналарға өз баласының портретін саусақпен салуды ұсыну. Жұмыс соңында көрме ұйымдастыру: "Тәп-тәтті - балалар".
- Бала сезімі ерекше сезімтал болып келеді. Олар барлық нәрсені жұмсақ қабылдайды. Өз ойларын еркін айтады. Олар театр көріністерінен, ертегілерден ерекше әсер алады. Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін дамытамыз.
Балаларына көп көңіл бөлетін, үнемі көмектесетін ата-аналарға алғыс хаттар тарату.

© 2010-2022