Сценарий спортивного мероприятия 1-4классы

Раздел Дополнительное образование
Класс 13 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы «Жастар» спартакиадасының пионербол жарысының сценариі

Мақсаты:

Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар арасында мықты командаларды анықтау және дене шынықтыру мәдениетін дамыту.

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар, қымбатты спортшылар, спорт сүйер қауым және спорт жаңашырлары! Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы пионерболдан «Жастар» спартакиадасын жоспарлы түрде жарыс өткізгелі тұр.

Ендеше, бүгінгі жарыстың қонақтарымен таныс болыңыздар:

  1. Арқалық қалсы әкімдігі білім беру мекемесі спорт және дене шынықтыру бөлімінің әдіскері Даркенов Ораз Ғазезұлы;

  2. Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роговой Игорь Иванович;

Бүгінгі өткелі отырған «Жастар» спартакиадасына қатысушы командалар қала мектептерінің 1-4 сынып оқушылары.

Бас төреші:

Спортшылар, сапқа түзу тұрыңдар! Ортаға тіктел!

Жолдас Даркенов Ораз Ғазезұлы бүгінгі пионербол жарысына қала мектеп командалары сапқа дайын тұр!

Рапорт беруші Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының спорт бөлімінің жетекшісі Н.Құрманғалиев.

Ораз Ғазезұлы: Рапорт қабылданды. Еркін тұрыңдар!

Бас төреші: Еркін тұрыңдар!

Жүргізуші:

«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы «Жастар» спартакиадасының пионербол жарысын ашық деп жариялаймын!

/ҚР Гимні шырқалады/

Жүргізуші:

Алғашқы құттықтау сөз кезегі Арқалық қаласы әкімдігі білім беру мекемесі спорт және дене шынықтыру бөлімінің әдіскері Даркенов Ораз Ғазезқлына беріледі.

Жүргізуші:

Келесі құттықтау сөз кезегі «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роговой Игорь Ивановичке беріледі.

Жүргізуші:

Сөз кезегі жарысқа төрешілік ететін «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының спорт бөлімінің жетекшісі Құрманғалиев Нұрлыбек Асанұлына беріледі. /кестемен таныстыру/

/ән шашу/

/Сахан Ерхан. «Жаса, қазағым» әні/









Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі

«Жас - Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы



«Жастар» спартакиадасы

қала мектептері 1-4 сынып ұлдар арасында өтілетін пионербол жарысының сценариі





Спорттық және сауықтыру

жұмыстарын ұйымдастырушы-педагог: Курмангалиев Н.А.






Арқалық - 2015

© 2010-2022