Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары (5 сынып)

Раздел Дополнительное образование
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет-ғұрыптары.

Мақсаты: 1.Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиаттерінің халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету.

Көрнекілігі: Суреттер ,буклеттер , мақал-мәтелдер,даналардан шыққан сөздер, слайд.

Сабақ барысы:

«Дұшпанға қатал,

Досқа адал-халық»

Кіріспе

Ән: Қазақтың дәстүлері-ай

Орындайтын: Анель, Алина

Мұғалім: Қай заманның болмасын адамзат алдында тұратын міндеті- адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тірбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халыққа ғасырлар бойы бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап , адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп -білген салт-дәстүрлері,әдет-ғұрыптары барлығы да адамның дүние танымын қалыптастыратын өмір сабақтары.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра .Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек , олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс -тіршілік болмысынан туып қалыптасқанын көреміз.

Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.

Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды.Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келу үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.

1. оқушы

Шілдехана-Сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түпкірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып ,сыңғырлаған тиын салады, балаға денсаулық пен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілген күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.

2. оқушы

Қырқынан шығару - сәби дүниеге келгннен соң 40 күннен кейін оның алғашқы рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40 -күннің өзі ананың бой көтеріп ,денсаулығы түзелген кезде болады . Жалпы осы уақыт ішінде ананың да баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс .Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.

3.оқушы

Есімін атау- Бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі . Қазақ аттарының көпшілігінің басқа халықтардан ерекшелігі . Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі . Ат қою "көз тимесін" деген оймен қойылады. Ат таңдағаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.

4. оқушы

Бесікке салу- бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту , шашу , жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі ,яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойнына байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқашта салады ,оны «тыштырмақ» деп атайды. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады. Бесік жырларының сөздері естияр балалардың ой- қиалына жыр етіп ,ананың мейір -шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.

5. оқушы.

Тұсау кесер- бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді.Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.

Тұсау кесер жырлары айтылады.

Қаз, қаз балам қаз балам.

Қадамыңды жаз балам

Әнеки, ақ бесік.

Әлдиіме бақ бесік

Шүмегіңді салайын,

Сылдырмағын тағайын.

Жібек көрпе жабайын,

Бауық барқыт пүліштей

Балдақтарың күмістей,

Жабдығыңмен сыйлысың.

Жатса бөпем жайлысын

Көсем сенен өседі

Жайлы болсын төсегі

6 оқушы

Баланы атқа мінгізу салты-баланың буыны бекіп ,4-5 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр ,жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тірбиелеудің біртүрі.

Балаға ер- тұмарын сайлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта) атқа мінгізіп той жасайды. Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.

Қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстыру

Жораева Камшат

Қара жорға биі: орындайтындар :

Жорева, Тулегнова , Атен, Арзымов. Серикова

Бесікке салу көрніс :

Бата беру Жамболат Асхат

Қорытынды: Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.

Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ», «Батырдың күші - айласында», «Асықпаған арбамен қоян алады», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», «Жаздың бір күні жылға азық», «Жақсыда жаттық жоқ», «Жаман үйді қонағы билейді», «Жақсы жігітке жеті өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелік маңызы зор









Қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет-ғұрыптары (5 сынып)

Қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет-ғұрыптары (5 сынып)

Қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет-ғұрыптары (5 сынып)

Қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет-ғұрыптары (5 сынып)













© 2010-2022