Разработка по казахскому языку

Раздел Дополнительное образование
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка по казахскому языкуРазработка по казахскому языкуРазработка по казахскому языкуҚазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Буын туралы түсінікті еске түсіре отырып, буын түрлеріне тоқталу, сөз қолданыста, мәтін құрауда буын түрлерін ажырата білгізу,буын түүрлерін мәтін ішінде тапқызып, жасалу жлдарын ұғындыру.
Дамытушылығы: Интербелсенді тақта арқылы суреттер көрсетіп сөздік қорларын молайту, тілін дамыту,өз бетінше кез-келген сөзді буынға бөле білуге дағдыландыру және мәтін құру арқылы оқушыны сөйлеу шеберлігіне төсілдіру.

Тәрбиелігі: Өнердің құдіретін, ана тілінің байлығын сезініп, құрметтеуге тәрбиелеу. Анаға деген сүйіспеншілік махаббатты арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, дәлелдеу, мәнерлеп оқу, ойын түрлері...
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, тақта,
Пәнаралық байланыс: Әдебиет. Бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(Оқушылармен амандасу, түгендеу, жинақтау.)

Кәдірбек Амангелдиевтің «Ана тілін ардақта » атты өлеңімен бастау

Өнердің алды - қызыл тіл,

Анаңдай оны құрметте!

Қажымай,талмай, үйрен, біл,

Асылын сөздің өрнекте!

Ана тіл - асыл қазына,

Байлығың білсең,ол сенің.

Жеткізер өмір жазына

Сонымен өсер өркенің, - деп ақын ағамыз жырлағандай, тілдің тазалығын сезінетін кезекті қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Дыбыстардан өткенді еске түсіру.

1.Дыбыс дегеніміз не?

2.Дыбыстың қандай түрлері бар?

3.Дауысты дыбыс деген не? Жікте.

4.Дауыссыз дыбыс неше түрге бөлінеді?

5.Буын деген не? Қай дыбыстар буын құрай алады?

6. Сөздердің буынға бөлінуі неге байланысты?

ІІІ. Жаңа сабақ
1.Шартты белгілер:-дауысты, ∆- дауыссыз.
Буын сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
А Т Б

∆ ∆ ∆∆

Оқушылардан қазақ әдебиетінен өтілген «Ақын қонақтар» әңгімесі бойынша бірнеше сөздер айтулары сұралады. Мысылы: Абай,домбыра, ақын, жыр,Ұлжан т.б

Тақтадағы жазылған сөздерді буынға бөлу.Буын саны сөздегі дауысты дыбыстарға байланысты екенін естеріне салу.

Көрініп тұрған буын бойынша ереже құрастырып айту.
Буынның түрлері: Ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
Ашық буын деп - жалғыз дауысты дыбыстан құралған буын. Дауыссыздан басталып, дауыстыға бітеді.

Тұйық буын деп - дауыстыдан басталып, дауыссызға бітеді.

Бітеу буын деп - дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді.
2.Ендігі кезек «Дыбыс лақтырыспақ» ойыны

Екі қатардан екі оқушы шығады. Оқушылар тақтадағы оқушыға дыбыс лақтырады, екінші оқушы сол дыбыстан буын құрайды, қалған оқушылар сол буынннан сөздер құрайды. Осылайша бірнеше сөз жазылады. Осы сөздерден сөйлем құрау тапсырылады.

3.Оқулықпен жұмыс.

Жаттығулар орындалады.

1) 302 - жаттығуға назарымызды аударайық.Сөздерді дефис арқылы буын санын көрсетіп,буынның қай түріне жататынын айтайық.Өзім талдап көрсетемін.
\Ел қон - ба - са жер же - тім, Құс қон - ба - са көл же - тім
\т.б. б.б. а.б. а.б. бб. а.б. б.б. б.б. б.б. а.б. а.б. б.б. а.б. б.б.
Қалғанын оқушыларға талдату.

IVСергіту сәті. Дыбыс түрлерін еске түсіруге байланысты. «Адасқан атаулар» ілінеді.Әріптерді дұрыс орналастыру

Қолына алып қазықты

Ашқарақ асқа асықты (з-с)

Көпен қатты ысқырды

Кепсерлерді ұшырды (с-т)

Атам шапан байырғы

Қойын кері қайырды (а-о)

Жазда ауылда атама

Шөп шабыстым шаңғымен (ң-л)

Балық аулай барғанмын мен,

Шортан ілдім бармағыммен. (б-қ)

Адасқан әріптерге талдау жасау.

4. «Әріп қысқарса» ойыны бойынша сөздегі дыбыстардың орын тәртібі болатыны айтылады, бір дыбысты өзгертсең , сөз мағынасы да өзгеретіні ескертілед, өздеріне қорытынды жасату, қысқарған сөздерді буын түріне талдау.

Палау, Қанар, Жолақ, Дауыс, Қатаң, Ашық

Алау, Анар,

Лау, Нар,

Ау, ар


V Сабақты қорытындылау. Бірінші логикалық сұрақтар қойылады.
1.Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?

2.Шалға қарағанда балада не көп?

3.Ант- қант,

Оқ -тоқ,

Ұрт -мұрт сөздерінің ерекшелігі неде?

4.Бота мен қозы неге ұқсас?

Буын туралы түсінікті бір оқушыға айтқызу. Содан соң барлық оқушылар ортаға шақырылады,сағат тілімен әрбір оқушы өткен тақырыптан бір сөзден айтып шығады.

VI Үйге тапсырма. Жаттығулар, Буын түрлерін оқып келу.


VII Бағалау.

VIII . Блум таксономиясы бойынша бекіту

Білемін Білгім келеді Түсіндім









Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы:

«Буын түрлері»



Иманғали Білтабанов атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Доскалиева Анар Рамазновна

Ақтөбе облысы,Қобда ауданы, И.Білтабанов ауылы

Жұмыс телефоны: 8(71341)-24-7-16

Электрондық пошта: [email protected]







Аты-жөні

Доскалиева Анар Рамазановна

Қала (аудан)

Қобда ауданы

Ғылыми дәрежесі

Бірінші санатты

Жұмыс орны

Иманғали Білтабанов атындағы орта мектебі

Лауазымы

Мұғалім

Мекен-жайы

Қобда ауданы, И.Білтабанов ауылы

Телефон, е-maij

8(713-41)24-7-16, [email protected]

Сабақтың атауы

Буын түрлері



Мектеп директоры: Даржан Н.Б.







Аты-жөні

Даржан Айнұр Нурадиновна

Қала (аудан)

Қобда ауданы

Ғылыми дәрежесі

Екінші санатты

Жұмыс орны

Иманғали Білтабанов атындағы орта мектебі

Лауазымы

Мұғалім

Мекен-жайы

Қобда ауданы, И.Білтабанов ауылы

Телефон, е-maij

8(713-41)24-7-16, [email protected]

Сабақтың атауы

Қазақтың ұлттық ойындары



Мектеп директоры: Даржан Н.Б.







© 2010-2022