Пән: Педагогика Сабақтың тақырыбы: «Білім берудің мазмұны туралы ұғым»

Раздел Дополнительное образование
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Топ

Күні

ДШ-31

09.10.15

№8 Сабақ жоспары

Пән: Педагогика

Сабақтыңтақырыбы: «Білім берудің мазмұны туралы ұғым»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Білім берудің мазмұны туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Сутуденттерді адамгершілікке, инабаттылыққа, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:Студенттердің алған теориялық білімін өз бетінше өзіндік тұжырымдай білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Қолданылатынәдіс-тәсілдер, технологиялар: топтық технология, «Космос» ойыны, «Ұяшықтар» ойыны, рефлексия.

Пәнаралықбайланыстар: психология, жалпы педагогика, философия.

Сабақтыңжабдықталуы:суреттер,сызбалар.

Қолданылатын әдебиеттер: Бұзаубақова К.Қ. «Оқытудың ұжымдық технологиясы», 2006., М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде», А.,2002., Губайдуллина Г.Н. «Педагогиканы оқыту әдістемесі» Оқу құралы, Ө., 2013.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин

ІІ. Студенттердің білімдерін өзектендіру кезеңі 15 мин

ІІІ. Жаңа сабақ 40 мин

ІV.Жаңа материалды бекіту 10 мин

V. Бағалау 3 мин

VI. Үйге тапсырма 1 мин

VII. Рефлексия 6 мин

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Студенттермен амандасу

Б) Студенттерді түгендеу

В) Студенттердің назарын сабаққа аудару

ІІ. Студенттердің білімдерін өзектендіру кезеңі 15 мин

«Космос» ойыны

Студенттер тақтаға бір бірлеп шығып планеталарды таңдап алады. Әр планетаның артында жасырылған сұрақтар болады. Сол сұрақарға жауап береді.

Сұрақтар:

Оқыту процесінің заңдылықтары?(Марс)

Принцип сөзі қай тілден енген?(Юпитер)

Оқытудың неше принципі бар?(Сатурн)

Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған?(Нептун)

Оқыту принциптері дегеніміз?(Венера)

Көрнекілік принципінің түрлері?(Меркурий)

Ынталандыру принципі?(Уран)

Оқытудың ғылымилығы принципі?(Жер)

ІІІ. Жаңа сабақ 40 мин

Жоспары

1. Білім мазмұны түсінігі жəне оның мəні

2. Білім мазмұнын қалыптастыруға байланысты негізгі теориялар

3.Білім беру жүйесінің құрылымы

1. Білім мазмұны түсінігі жəне оның мəні.Білім беру мазмұны - оңушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі.Табысты оқу қамтамасыздығы үшін неге оқыту қажет, білім мазмұны қандай болуы керектігін анықтап алу міндетті шарт. Білім мазмұны түсінігі бойынша біркелкі пайымдама жоқ. Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған дəстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сəйкестікке келтірілген ғылыми ақпарат жəне оған байланысты тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған Білім мазмұнының мəнін ашуда бұл бағыт білімдік бағдарлы (знаниево- ориентированное) оқу атамасын алған. Мұндай оқу жүйесінде адамзаттың тарихи дамуы барысында жинақталған білімдер ғана əлеуметтік құндылық ретінде танылады. Бұл көзқарастан демократиялық қоғамның басты міндеті- шығармашыл, дербес ой жүргізе алатын адам қалыптастыру - жалаң білім жинақтау талаптарының көлеңкесінде қалып келді. Соңғы кезеңдерде білімді адамиластыру идеясының арқасында білім мазмұнының мəнін айқындауда тұлғалық бағдарлы (личностно- ориентированное) оқу бағыты кең назарға алынуда. Осы бағытқа орай оқушылар белгілі оқу мазмұнын ғана меңгерумен шектелмеуі тиіс. Оқу-тəрбие барысында ең алдымен шəкірттерде құндылықты- мəнді сұраныстар мен ниеттер қалыптастыру міндеті тұрады, олар тұлғаға қажет сапа-қасиеттердің орнығуына негіз ретінде қабылдануы лəзім. Болашақ қоғам мүшесі -тұлға педагогикалық процесс аймағында өз əрекет - қылықтарына, қоғам мен ел тағдырына, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастырып, əділетсіздік пен немқұрайлықтан қашық болуға баулынады, өзінікінен басқаша пікірлерді ымырашылдықпен тыңдап, ұрда-жық ысырып тастамай, қажеттісін қабылдауға үйренуі тиіс. Тұлғалық бағдардағы білім мазмұны мейлінше толық құрылымға келтірілген, педагогикалық тұрғыда икемге түсірілген əлеуметтік тəжірибе күйінде төрт элементтен құралып, төмендегідей іс-əрекеттерде көрініс береді: - нəтижелік формасы -білім (қоғам, табиғат, техника, ойлау, іс-əрекет əдістері жөнінде) күйінде бекіген танымдық іс-əрекеттер;- үлгі бойынша орындау ептіліктері (ақыл-ес жəне практикалық ептіліктер мен дағдылар) формасындағы əрекеттердің белгілі əдістерін іске асыра білу; - проблемді жағдайларда қалыптан тыс шешімдер қабылдау ептіліктері формасындағы - шығармашыл іс-əрекет, қызмет; - тұлғалық бағдар (қоршаған ортаға, дүниеге, адамдарға, өз басына, мораль нормаларына, көзқарастық идеяларға жəне т.б.) формасындағы көңіл-күй құндылықты қатынастарды орындай білу. Білім мазмұнының аталған элементтері бір-бірімен байланысты жəне өзара шарттасқан. Əлеуметтік тəжірибенің осы элементтерін игерген адам жақсы орындаушы ғана болып қалмастан, дербес, өз бетінше шығармашылдықпен əрекет істей алатын, қалыптасқан қатынастар жүйесіне өз үлесін қоса білетін тұлға дəрежесіне көтерілуге мүмкіндік алады.

2. Білім мазмұнын қалыптастыруға байланысты негізгі теориялар. Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. Ол қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде алға тартылатын білім міндеттері мен мақсаттарына орай анықталады. Əрқилы əлеуметтік жүйедегі білім мазмұны біргелкі емес. Ол өмір, өндіріс жəне ғылыми білімдердің даму деңгейіне сəйкес өзгермелі. Білім мазмұнының қалыптасуына байланысты негізгі теориялар XVIII ғ. ақырында- XIX ғ. басында өрбіді. Бұлар мəн-мағынасына қарай білім мазмұнының материалдық жəне формальдық теориялары атауларымен педагогика тарихына енді. Білім мазмұнының материалдық теориясын қолданушылар (дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы тараптарлары) білімнің негізгі мақсаты - оқушыларға ғылымның əрқилы салаларынан мейлінше ауқымды білім игерту деп білді. Мұндай пікірді өткен дəуірлердегі көптеген танымал педагогтар қолдап, қуаттады (Я.А.Коменский, Г.Спенсер жəне т.б.). Аталған теория бүгінгі күнде де өз жүгінушілеріне ие (болмаса, оқушыларды шектен тыс жүктеме ақпаратқа кезіктіру неліктен тиылмайды?). Білім мазмұнының формальдық теориясын қалаушылар (дидактикалық формализм идеяшылдары) оқуды шəкірттердің қабілеттері мен танымдық қызығуларын, олардың зейінін, есін, ұғымын жəне ойлау мүмкіндіктерін дамытудың құралы ретінде пайдаланады. Олар түсінімінде, білім көзі - ақыл. Сондықтан да, ең алдымен адамның ақыл-есін жəне қабілетін дамыту қажеттігіне ден қойды. Білім мазмұнын іріктеуде дидактикалық формализм тараптарлары математика жəне классикалық көне тілдер сынды дамытушылық сипатымен құнды пəндерді басшылыққа алды. (Дж. Локк, И.Г.Петалоцци, Н.Гербарг жəне т.б.). Қазіргі дəуір педагогикасында бұл екі теория да сынға ұшырауда. Таза, жалаң күйінде аталған бағыттардағы педагогикалық жүйе оқу-тəрбиеміндеттерін ойдағыдай орындай алмайды. Мектептің басты мақсаты- адамның ақыл-ес (интеллектуал) күштерін дамытып, сол арқылы білім игеруге, оны қолдана білуге үйрету. Осыдан, бүгінгі педагогика дидактикалық материализм мен дидактикалық формализм бағыттарындағы оқу-тəрбие істерін бірлікте жүзеге асыруды қолдайды. (К.Д.Ушинский). XIX жəне XXғғ. шектерінде білім мазмұнын іріктеудің дидактикалық прагматизм теориясы қалыптасты. Бұл теорияны қолдаушылардың (Дж.Дьюи, Г. Кершенштейнер) пікірінше, білім мазмұнының негізі жеке пəндерде емес, ол оқушының қоғамдық жəне дара іс-əрекеттерінде. Білім мазмұны оқушылардың сол білімді меңгеруге бағышталған ұжымдық еңбегі жəне белгіленген мəселені шешуге сəйкес практикалық əрекеттерді қажет ететін пəнаралық біліктер жүйесімен белгіленуі тиіс. Осы теорияға орай оқушылар мейлінше еркіндікпен оқу пəндерін таңдауға құқылы, оқу- тəрбие жұмысы оқушылардың субъектив сұраныстары мен қызығуларына икемдестіріледі. Европа, əсіресе, АҚШ мектептерінде кең енген бұл теория нəтижесі білімдену деңгейінің күрт төмендеуіне соқтырды. Өткен ғасырдың 20- жылдары Қазақстан оқу -жүйесінде "Төте оқу" атымен қабылданған бұл əдіс өз жалғасын таппады. Дегенмен, материалдық жəне формальдық теориялар, дидактикалық прагматизм бағыты уақыт талаптарын көтере алмағанымен, білім мазмұнын қалыптастырудың осы заманғы бағыттарының өркендеуіне үлкен ықпал жасады. Белгілі поляк ғалымы В.Оконь функционалды материализм атты білім мазмұнын қалыптастыру теориясын жарыққа шығарды. Оның пікірінше, қандай дидактикалық теория болмасын, ол оқушылардың білім алуын қамтамасыз етумен бірге сол білімдерді өз іс-əрекеттерінде пайдалана білу ептіліктерінің де жетілуіне негіз болуы шарт, яғни таным мен іс-əрекет ажырамас бірігімді байланысқа келуі қажет. Жеке пəндер мазмұнында да сол пəннің жетекші ұғымы басты назарға алынуы тиіс. Мысалы, биологияда - эволюция теориясы, математикада - функционалды тəуелсізділік, тарихта - тарихи шарттылық жəне т.б., яғни білім мазмұнын таңдастыруда дүниетанымдық көзқарастарды басшылыққа алған жөн. Дəрістер барысында оқушылар өз меңгерген білімдерін практикада қолданып үйренетіндей жағдайлар жасалуы тиіс. Көзделген нақты практикалық мəселелерді білім негізінде шеше отырып, шəкірт табиғи , техникалық, мəдени жəне қоғамдық болмысқа сай өз мүмкіндіктерін қайта қарап, өзгертуге үйренеді. В.Оконь теориясы өз ішіне қоғамның білімге қойған талаптарын жəне оқушылардың жеке сұраныс -қызығуларын біріктіре қамтиды. Қазақстан Республикасындағы бүгінгі мектептің білім мазмұны ҚР "Білім заңына" сəйкес құрастырылған. Бұл Заңға орай білім мазмұны қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік ілгерілеуінің аса маңыздыжағдайаттарының бірі, сондықтан ол тұлғаның өзіндік қалыптасуына, оның өз мүмкіндіктерін өз бетінше іске асыра алуына жағдай жасап, қоғам дамуын, құқықтық мемлекеттің бекіп жəне жетілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Білім мазмұнының міндеті-қоғамның əлемдік деңгейге сай жалпы жəне кəсіби мəдениетін көтеру, оқушылар санасында осы заман білім деңгейі мен білімдену бағдарламасының талаптарына сəйкес əлем бейнесін (образ мира) қалыптастыру; тұлғаның ұлттық жəне əлемдік мəдениетке араласуына; осы күнгі қоғамның төл тумасына айналған жəне сол қоғамды жетілдіруді мүдделеген адам жəне азамат тəрбиелеу; қоғамның мамандар қорын жаңғырта көбейтіп, əрі қарай дамыту. Білім мазмұнын қалыптастырудағы басты мақсат - расалық, ұлттық, этникалық, діни жəне əлеуметтік тегіне қарамай адамдар, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен қызметтестік қатынастардың орнығуына жəрдемдесу, оқушының ерікті пікір мен наным таңдау құқығын іске асыруға көмектесу, əрқилы дүниетаным көзқарастарды ымырашылдықпен ескеру. Білім мазмұны жалпы жəне кəсіби білімдерден құралады. Жалпы білім мазмұны негізінде тұлғаның жалпы мəдениеті, оның дүниетанымы, азаматтық бағдары, əлемге, еңбекке жəне қоғамдық өмірге болған көзқарасы қалыптасады. Кəсіби білім мазмұны адамға нақты еңбектік іс-əрекет саласындағы білімдер мен ептіліктерді игеру үшін қажет. Педагогика ғылымында білім мазмұнын іріктеудің өлшем-шек (критерий) жүйесі қабылданған. Осы шектер негізінде мектепте берілетін білім мазмұны келесідей талаптардың орындалуына себін тигізуі міндетті: - тұлғаның жан-жақты дамуы жəне оның базалық мəдениетінің қалыптасуына қажет міндеттерді толық та біртұтас күйде берілуін қамтамасыз ету; - оқу пəндері мен қоғамдық практикаға енетін білім материалдарының ғылыми жəне тұрмыстық маңызға ие болуы; - əрқилы жас деңгейіндегі оқушылардың нақты мүмкіндіктеріне сəйкес болуы; - материал мазмұны көлемінің оқушының мүмкін болған игеру уақытына сəйкес келуі; - жалпы орта білімді құрастыруда халықаралық тəжірибені ескеру; - осы заманғы мектепте бар оқу -əдістемелік жəне материалдық базаға сəйкес болуы.

3.Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді:

Жалпы білім беру және кәсіптік білім беру.

Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.
Жоғарғы білім беру - толық орта білім негізінде жоғары оқу орындарында берілетін және тиісті дипломмен куәландырылатын маманныңкәсіби біліктілік дәрежесі.

Орта білім беруҚазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі. Жалпы орта білім - үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға, жалпы орта білім беретін ұйымдардық әр алуан түрлері мен үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Зақында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды.
Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицейлердің ең басты ерекшелігі - ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. Ал оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Бұл оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып табылады.

Кәсіптік бастауыш білім беру

Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады.
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.
Кәсіптік орта білім беру

Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады. Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.
Кәсіптік жоғары білім беру

Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім

Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру

Жұмысшылар мен мамандардың басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім асыру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.
Қосымша білім беру үшін дене шынықтыру - сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді.
Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

IV. Жаңа материалды бекіту 25 мин

«Ұяшықтар» ойыны



20

20

20

30

30

30

40

40

40

Сұрақтарәрұяшықтадеңгейдеңгейіменжасырылған. 20-жеңіл, 30-орташа, 40-қиын.

Сұрақтар:

Білім беру мазмұны?

Білім беру жүйесінің құрылымы?

Кәсіптік білім беру?

Жоғарғы білім беру жүйесі?

Орта білім беру жүйесі?

Гимназия-

Лицей-

Лицейлердің ең басты ерекшелігі-

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

V. Бағалау 3 мин

(Үйге берілген тапсырмалар бойынша балаларды бағалау)

VI. Үйге тапсырма 1 мин

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің мазмұның жазу.

VII. Рефлексия 6 мин

Көңіл-күй ағашы

Пән: Педагогика Сабақтың тақырыбы: «Білім берудің мазмұны туралы ұғым»

Сабақ ұнамады Сабақ ұнады Ештене түсінбедім

Пән: Педагогика Сабақтың тақырыбы: «Білім берудің мазмұны туралы ұғым»

© 2010-2022