Людвиг ван Бетховен - классицизм әлемінің алып жанартауы

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Людвиг ван Бетховен - классицизм әлемінің алып жанартауы

Людвиг ван Бетховен - классицизм әлемінің алып жанартауы

(1770-1827)

Вена классикалық мектебінің биік шыңы саналатын ұлы туындыларды дүниеге әкелген Бетховен тектес кемеңгердің неміс музыкасына, күллі әлемдік музыкаға қосқан үлесі орасан зор.

Бетховен 1770 жылдың желтоқсан айында шағын неміс қаласы Боннда дүниеге келген. Бетховеннің атасы да, әкесі де музыкант болып қызмет жасаған.

Оның музыкаға деген қабілеттілігі өте ерте оянды. Ұлының қабілеттілігін байқаған әкесі оны «екінші Моцарт» етпекші болып, музыкалық білімді күштеп меңгертеді. Ол бала кезінен клавесинде, органда, скрипкада, альт және флейтада ойнай білді.

Он бір жасында Людвиг шіркеудегі органшыны алмастырды. Он төрт жасқа толғанда бала князь сарайындағы органшының орнына ие болды. Мардымсыз табысымен отбасын асыруға талпынған жас бала бай үйлерге барып, сабақ берумен айналысты. Ал бос уақытында өзі шығарма жазуға талпынған. Бетховеннің фортепианоға арналған марш тақырыбындағы вариациялары - оның он екі жасындағы шығарған алғашқы шығармасы болды.

Бала және жасөспірім кезеңіндегі сұрықсыз өмір мен қатал әке тәрбиесі оның өзгелерден оқшау, ұяң адам етіп қалыптасуына себепші болды. өз жанын, мұңы мен қайғысын шертер сырласы - табиғат еді.

Бетховеннің шығармашылық кезеңі 1782 жылы басталады. Жас дарынның өмірін өзге арнаға бұрған - композитор Готлиб Нефемен кездесу. Ол оның бірінші шынайы ұстазы әрі тәлімгері болды. Асқан білімдар ұстазының кеңесімен Людвиг көп оқып, латыннан басқа шет тілдерін меңгереді. Олардың сабақтары аспапта ойнаумен шектелмей, Нефе жас музыкантты неміс классиктерінің ең жақсы дәстүрлерімен таныстырды.

Осы уақытта Бетховен өзінің орган және клависинде шебер ойнаушы ретінде танылғандықтан, ұстазы Нефенің көмекшісі болып тағайындалды. Ол Нефеге органшы ретінде көмектесті, әншілермен бірге опералық партияларды орындады, опералық спектакльдерде речитативтердің орындалуына сүйемелдеді, оркестрде альтте ойнады.

Жұмыс ауқымының кеңдігіне қарамай, Людвиг өз білімін жетілдіруді әрі қарай жалғастырып, Плутархтың, Гомердің, Шекспирдің шығармаларын, неміс әдебиеті шығармаларын жақсы білді, жаңадан шыққандарын қадағалап отырды. Шиллер мен Гете оның табынушылары еді. Бетховен ұлы жазушының кемеңгерлігіне бас иіп, Гетемен дос болуды ұзақ армандады.

1787 жылы шағын қаржы жинақтаған Бетховен шығармаларын қолына алып, Вена қаласына Моцарттан білім алуға аттанады. Бұл - Моцарттың "Дон-Жуан" шығармасын жазып жатырған уақыты еді. Бетховен ұлы композитордың алдында өз шығармаларын ойнады, суырып салмалық қабілетін көрсетіп, Моцарттан болашағы бар, жаңа өнер әлемін дүр сілкіндірер жан ретінде бағасын алды. Алайда анасының қазасы оның Моцарттан білім алу арманын үзді.Отбасының ендігі бар ауыртпалығы Бетховеннің арқасына түсті.

1789 жылы Бетховен Бонн университтетінің философия факультетіне ерікті тыңдаушы болып оқуға түсті. Алайда, мұнда жоқшылық салдарынан ұзақ оқымағанымен, алған білімі оның дамуына зор пайда әкелгені сөзсіз.

1792 жылы Бетховен елуге тарта шығарма жазды. Олар негізінен фортепианолық пьесалар, үш соната, үш квартет т.б.

Осы жылы Лондоннан Венаға сапармен бара жатырған Гайдн Боннға тоқтайды. Людвигтің шығармаларымен танысып шыққан Гайдн, оған Вена қаласына баруға кеңес береді. Жас музыканттың жаңа өмір жолы осылайша басталады.

Бетховен жиырма екі жасында Австрияның астанасы Вена қаласына Гайдннан сабақ алуға келеді. Жас музыкант Боннан өзімен бірге жақсы ұсынбалар ала келді. Бірақ, ол үшін ең жақсы ұсынба оның ойнау қабілеті болатын. Оның аспапты игеру, суырып салу шеберлігі өте жоғары болғандықтан, тез арада мықты пианист атағына ие болып, материалдық жағынан тәуелсіз болды. Оны шет елдерге шақырды. 1796 жылы ол Прагада, Берлинде концерттер қойды.

Пианист Бетховеннің осындай жетістікке қол жеткізуі оның композиторлық жолға бастар соқпақ болды. 1795 жылы ол жазылым бойынша үш трио ор.1. шығарды. Сол бір кезеңнің танымал пионинашы Крамер аталған туындыда Моцарт тектес ұлы данасын жоқтап жатқан әлемді жұбатарлық күш пен шабыт бар екендігін мойындады. Осы туындыдан соң фортепиано үшін жазылған бірінші он жеті соната, үш фортепианолық концерті, екі симфония, алты шекті квартет және өзге шығармалары жазылған еді.

Дегенмен Бетховен әлі де өз біліміне көңілі толмай, Венаның белгілі ұстаздарына сабақ беру жөнінде ұсыныс жасады. Сол ұстаздардың арасында ірі композитор, италиан вокальді стилінің шебері А. Сальери де бар. Осы сабақтар Бетховеннің вокальді хатты игеруіне мүмкіндік берді.

Сол бір кездері композитор есту қабілетінен айырылып, қайғыға душар болды. 1796 жылы 26 жасында ол осы сырқаттың алғашқы белгісін сезген еді. Композитор осы уайымын ұзақ уақыт бойына достарынан жасырғанымен, 1801 жылы ғана ол мұны мойындауға мәжбүр болды.

Есейген кездегі Бетховеннің творчествосы кемел ойлылығымен, музыкалық идеясының тереңдігімен, формасының терең мазмұндылығымен таңқалдырды. Композиторды халықтың тағдыры толғандырды. Ал, бұл тағдырлар тек күресу жолымен шешілетін. Бостандық пен бақыт жолындағы оның кейіпкерінің күресі композитор шығармашылығының мазмұнын құрайды.

Оның жарқын ерлік, табиғатқа деген сүйіспеншілігі мол шығармаларының бастауы - «Героическая» симфониясы.

Осы туындыда қиындыққа толы күрес, қарсы жақтың толассыз шабуылы мен кері шегінулері, бостандық пен еркіндік, әділеттілік үшін күресушілерді тоқтатар еш тосқауыл жоқтығы, шешуші айқастағы айқын женіс шабытты әуенмен кестеленеді. Кенет жерлеу маршы елі үшін жан тапсырған ерлерді жоқтайды. Өз елінің жарқын болашағы үшін жер құшқан батырларын күллі жұрт ақтық сапарға шығарып салуда. Мәңгілік, бас имейтін өмірді шырқайтын әуенмен симфония аяқталады.

Аталған туынды жаңалыққа толы болды. Музыка әлеміне жаңалық лебін әкелген осы туындының құрылымының жаңашылдығы, симфонияның ауқымы кеңдігімен айрықшаланғанымен, қарабайыр түсінігі бар веналық ақсүйектер терең сырлы осы симфония құдіретіне бойлай алмады.

Бетховен адами және рухани әлемінің айнасы болған жалғыз операсы - «Фиделионы» да тыңдармандар дұрыс қабылдай алмады. Бұл шығарманың тағдыры өте қиын болды.

Опера сюжеті - француз драматургі Буйидің өңделген либреттосы.Севильдік губернатор Пизарро өлім жазасына кесілген Флорестанды кек қайтару үшін түрмеге қаматады. Флорестанның әйелі Леанора оны құтқаруға шешім қабылдайды. Ол еркектерше киініп, Фиделио деген есіммен түрмешінің қызметкері болып, оған қанжар сілтеген кезде, Леонора оны өз денесімен жауып, өлімнен құтқарады. Осы сәтте келген министр Пизарроны тұтқындап, Флорестан босатылады. Леонораның батылдығы мен жанқиярлығына бәрі таңқалады.

«Фиделио» операсына Бетховен төрт увертюра жазды. Бірінші увертюра премьераға жазылғанымен, достарына ұнамағандықтан, «Леонора №2» деген атаумен Бетховен басқасын жазған. 1806 жылы екінші қойылымға арнап үшінші «Леонора» шығарылды. 1814 жылы операны қайта қалпына келтіру барысында төртінші увертюра - «Фиделио» пайда болды. Қазіргі заманғы қойылымдарда тап осы увертюра опера сахнасын ашады.

Композитор өте танымал болды. Бетховен бүкіл адамзаттікі еді. Бетховен 1807 жылы императорлар театрының тұрақты опералық композиторы қызметіне орналасуға талпынғанымен, ол жоспары іске аспады.

Осыдан соң Венадан кетуді ұйғарғанын естіп, өз беделдеріне дақ түсетінін сезген үш мырза - эрцгерцог Рудольф, граф Кинский және князь Лобковиц 1809 жылы келісімге қол қойып, композиторға жыл сайын зейнетақы төлеп тұруға міндеттенеді. Ал Бетховен Австриядан асып ешқайда кетпейтін болуы тиіс. Шындығында бұл зейнетақы ең басынан дұрыс төленбеді. Ұлы композитор қарқыны енді бірнеше жыл бойына баяулады. 1813- 1818 жылдар аралығында композитор аса көп шығарма жаза қойған жоқ: фортепианолық сонаталар, «Алыстағы сүйіктіме» («К далекой возлюбленной») атты вокалдық цикл.

Дәл осы кезде ол өз атақ-абыройының биік шыңына жетті. Наполеон әскерін талқандағаннан соң, Еуропада ауыр әсерлестік сызаты орнады. Еуропалық мемлекеттер коалициясы өкілдері Венада конгреске жиналып, онда Бетховеннің шығармасы орындалады. Осы «Битва при Витории» («Витория алдындағы шайқас») пьесалары Бетховеннің қазіргі біздің кезімізде ұмыт қалған, аса көп шығармалар жазбаған жылдарындағы жазылған туындысының бірі еді. Бірақ, тап осы шығарма Бетховенге күтпеген мерейлер әкелді .

Өмірінде қандай қиындықты да жеңе білген композитор санасында жаңа ойлар жетіліп жатты. Оның шығармашылығының тобықтай түйіні саналатын Тоғызыншы симфонияны жазуды 1822 жылы қолға алды.

Осы симфониясында кемеңгердің өмір мен болмыс, адамзат жүрер жолдар туралы кемелденген ойларын сараптап, жас ұрпаққа үн қатады. Күллі өмірді күреспен өткізгенде ғана жеңіске қол жеткізесің деген ой тастайды.

Осы симфонияның алғашқы қойылымы1824 жылғы 7 мамырда өтті. Аталған симфония тыңдармандар бойын еріксіз билеп, Бетховен есімі мәңгілікке алтын әріппен кестеледі.

Өз заманының біртуар перзенті 1827 жылғы наурыз айында көз жұмды.


© 2010-2022