Урок на тему: Көнерген сөздер (5 сынып қазақ тілі)

Раздел Дополнительное образование
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға көнерген сөздер туралы лингвистикалық білім беру, көнерген сөздерге тән белгілерді жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

Оқушыларды сабақтың мазмұны арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. 146 - жаттығу

  2. Сөздік құрам туралы түсінік

ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

Өлеңдегі сөздік құрамға кіретін сөздердің астын сыз.

Қорамсаққа қол салмай,

Қозы жауырын оқ алмай,

Атқан оғы жоғалмай...

Ерлердің ісі бітер ме? (Махамбет)

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді көнерген сөздер дейміз.

Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер (имам, мешіт, ораза, айт, пітір, құран, т.б.), бұрынғы жыл атаулары( барыс, жылқы, қоян, ұлу, т.б.) ай атаулары(наурыз, сәуір, маусым, қыркүйек,т.б.) Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері қайтадан жаңарып, қолданыла бастады.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей

  • Басқа сөздермен ауысқан көнерген сөздерді жаз.

Үлгі: дуан - облыс

ІІ деңгей

  • Құрамында көнерген сөздері бар, мақал - мәтел мен тұрақты тіркестерді жаз.

Үлгі: ешкіні түлен түрткенде, шопанның таяғына сүйенер.

ІІІ деңгей

  • Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөзді жаз.

Үлгі: бадана - баданадай

VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс

147 -жаттығу І топ

  • Қазіргі кезде жаңадан қолданыла бастаған сөздерден мұнара бейнесін жасаңдар.

148 -жаттығу ІІ топ

* Мәтіндегі жиі қолданылатын атауларды бір бөлек, мүлде қолданылмайтын атауларды бір бөлек көшіріп жазыңдар.

149 - жаттығу ІІІ топ

  • Мақалдардағы көнерген сөздерді атаңдар және олардың сипатын анықтаңдар.

2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс

3. Төмендегі үлгідей сөйлемдер құрастыру.

1)

2)

3)

4)

VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру.

    1. Ереже жаттау.

2.150-жаттығу.

© 2010-2022