Коучинг. Сыни тұрғыдан ойлауды диалог арқылы дамыту

Раздел Дополнительное образование
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Күні

Сабақ

Коучнигтің тақырыбы:

Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірмелі материалдар,

бейнесюжеттер



Мақсаты:

Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып диалогтің білім берудегі тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру. Диалогтік тәсілдердің түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.

Оқыту нәтижесі:

Мұғалімдер:

1.оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінуге;

üбілім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыруға;

2оқу үдерісінедиалогтік әдістерді енгізуге;

3.сыныптағы диалогтік әдістерді бағалауға;

4диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.

Негізгі (түйінді) идеялар:

Аудиторияға әңгімені енгізу және пайдалану

Әңгімелесу - мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. Ойлаудың осы бағытына орай, сұрау және топтық жұмыс сияқты диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру үшін әлеуеті бар.


Тапсырмалар:

Тапсырманың сипаты

Берілген тапсырманы орындаудағы қолданылған тәсілдер

Топқа бөлу (күннің көзі, көбелек, гүлдер, табиғат) Өз топтары бойынша шағын өлең шығарту


1 тапсырма:

«Тіл-қарым-қатынас құралы»

Кесте толтыру, ой толғау

2 тапсырма:

-Сабақтарыңызда әңгімелесудің қандай түрлерін қолданасыздар?

а) Диалогтан мұғалім өзі үшін не алады?

ә) Оқушы өзі үшін не алады?

Пікірталас. Жұптық және топтық жұмыстар кезінде.

Слайд (Салыстыру түрінде)

Топпен жұмыс.(постер)

1. Сыни тұрғыдан ойлау неге соншалықты маңызды?

2. Оқу бағдарламасындағы сыни тұрғыдан ойлау қалай енгізуге болады?

3. Оқушыларға білікті сыни ойшыл болуға мүмкіндікті қалай туғызуға болады?

Коучинг. Сыни тұрғыдан ойлауды диалог арқылы дамыту

Сергіту сәті «Қызыл өрік

3 тапсырма:

Ашық(қалай,қанша,қашан) және жабық

сұрақтар(иа, жоқ)

Таңдаулы пәннен бір тақырыпқа ашық және жабық сұрақтар дайындау

4 тапсырма:

Әңгіме түрлері

А)Әңгіме-дебат

Ә)Кумулятивтік әңгіме

Б)Зерттеушілік әңгіме

Ойлаудың 6 қалпағы


1.Түсінік беру

2. Драмалау

3.Бейнефильм көрсету

4. Ойлаудың 6 қалпағын қолдану


.. Топ мүшелері бейнефильмді көреді.
7. Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі.
Бағыттаушы сұрақтар:
- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңдар?
- Үш бейнежазбалардың айырмашылығы бар ма? Қандай?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?
8. Диалогті оқыту дегеніміз не?
9. Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түрі бар
- Әңгіме - дебат
- Кумулятивті
- зерттеушілік

. Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.
Сұрақтардың түрлері: Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі
Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау
Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау...
Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды
Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.

Рефлексия.

«Екі жұлдыз, бір тілек!»

Мұғалімдер өз тілектерін айтады.

Ресурстар:

Постер, маркер, түсті қағаз, қайшы, желім, тақта, стикер


Келесі тапсырмалар:

Осы диалогтік оқытуды сабақта пайдалану

Келесі (қосымша) оқу:

Нұсқаулықтан қосымша материал беру




© 2010-2022