Тренинг для учителей на тему Диалогтік оқыту

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№17 ұлттық өркендеу орта мектеп- кешені КММ















Қазақ тілі сабағында диалогтік оқытудың

тиімділігі





Қазақ тілі мен әдебиет

пәндерінің мұғалімі:

Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы















































Петропавл қаласы,2016 жыл





Солтүстік Қазақстан Облысы

Петропавл қаласы

№17 ұлттық өркендеу орта

мектеп - кешенінің

қазақ тілі мен әдебиет

пәндерінің мұғалімі:

Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында, «диалогтық оқытуды» тиімді пайдалану жолдары

Қазіргі таңда заманның талабына сай елімізде түрлі жаңа әдіс - тәсілдермен технологиялар енгізіліп жатыр.Соның бірі диалогтік оқытудың түрлері. Диалог дегеніміз- өзіне және қасындағы өзге адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыру. Диалогтік оқыту бүгінгі таңда білім алуға, заманауи жаңаша болуға ерекше қызмет атқарады. Диалогтік оқыту шынымен оқушылардын бір - бірімен, мұғалімдермен қарым қатынастарын жақсартуға арналған амал. Диалогтік оқытудың түрлері оқушылардың ой өрісін дамытып қана қоймай сонмен қатар өз ойларын еркін жеткізуге, жан- жақты болуға, қиялын, ой-өрістерін дамытуға көп мүмкіншіліктер береді.Өзге ұлт өкілдерінің балаларын оқытуда, «диалогтік оқытуды» қолдану арқылы оқушылардың сөйлесу мәдениеттері қалыптасады.Диалогтік оқыту арқылы оқытуда жеңілірек болады. Диалогтік сұхбаттасу оқушылар үшін де мұғалімдер үшін де ең тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. Диалог - сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Диалогтік оқыту дегеніміз - оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы сұхбаттар.Оқушылар диалог арқылы білім алуға мүмкіндік берілгенде, олардың өзіндік жеке түсініктері қалыптасады.

Бүгінгі күні тіл мәселесі бұрынғы уақыттарға қарағанда жақсарды деп айтуымызға болады. Ол үшін сабақтарымызда 7 модульді ықпалдастырып соның ішінде «Әңгіме -дебат»,«Кумялятивті әңгіме»,«Зерттеушілік әңгіме» түрлерін кеңінен қолданып жүрмін. «Әңгіме дебат» жүргізгенде оқушылар талқыға, пікірталасқа түсу арқылы ақпаратты көбірек есте сақтай алады.Бір - бірімен тығыз байланыста болады. Кумулятивті әңгімеде жауап беруде топпен біріп шешім қабылдап жауаптарын еркін айта алады. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз құрбы -құрдастарымен өз шағын топтарында жұмыс істеуге үйренеді. Ортақ мәселені бірігіп шешуге тырысады.Ұжымдық жұмыс істеп, баға беруге үйренеді.

Бастауыш сынып оқушыларына көбіне сурет арқылы диалогты қолданғанда сын тұрғысынан ойлау қабілеттері жетіліп, тілдері жақсы дамиды. Өзімнің сабақтарымда диалогтің оқытуды пайдаланғандағы тиімділіктерді айтатын болсам:

1.Оқушылар өз беттерімен сабақты талдай алады.

2. Бір - бірімен қысылмай еркін сөйлеседі

3. Бір - біріне еркін сұрақтар қояды.

4. Білім деңгейлері өседі.

5. Сабаққа деген қызығушылықтары артады.

6. Тілдері жетіледі.

7. Сөздік қорлары молаяды.

8. Өз пікірлерін,идеяларын дәлелдей алады.

Мысалға «Отбасы мүшелері», «Үй жануарлары», «Жабайы аңдар» т.б тақырыптарды өткенде суреттік диалог арқылы тілдері жақсы жетілетіндігін байқадым. Осы әңгіменің үш түрін қолдану арқылы шығырмашылық ізденістері артады, тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың арасында бәсекелестік пайда болады. Сабаққа деген ынталары, қызығушылықтары артады. Сыни тұрғыдан ойлауларына әсерін тигізіп, еркін қарым -қатынас жасауға мүмкіншілік береді.Диалог барысында оқушылар күтілетін нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайды.,ынталанады, ойларымен бөліседі, өз білімдерін толықтырады. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мәтінді талқылау әңгімені бірлесіп құру, ролдік ойындарды ұйымдастыру білім алады.Әр сабағымда оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын дәлелдеуге,айтуға мүмкіндік берем.Диалаог арқылы оқушылар өз ойларын дәлелдеуге тырысады, ынталанады.Сонмен қатар сөйлеу тілі біршама жақсарады.Бір -бірін түсінуге көмектерін көрсетеді.



© 2010-2022