Классицизм дәуірінің көрнекті өкілдері

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Классицизм дәуірінің көрнекті өкілдері


XVII - XIX ғасырдың басында өнерде классицизм бағыты қарқындап дами бастады. Ол - латын сөзі, үлгі деген мағынаны білдіреді. Аталмыш бағыт табиғат пен өмірдегі барлық нәрсені жалпыға бірдей тәртіп басқарады, ал адам жаны мен болмысы өзара үйлесімді болады деген көзқарасқа сүйенеді.

Өнердегі бағыт ретінде классицизм Францияда XVII ғасырда пайда болды. Ал аталмыш бағыт негіздері драматургтар П.Корнель мен Ж.Расиннің трагедияларында анықталды. Осы аралықта Ж.Б. Люлли негізін салған «лирикалық трагедия» жанры қалыптасты. Ал XVIII-ші ғасырдың басында оны Ж.Ф. Рамо алмастырды.

Уақыт өте бұл кезеңді тарих сахнасынан ағартушылық кезең ығыстырып шығарды. Осы уақытта философия, ақыл-ой мен ғылымды мойындап, бас иген кезең болды. Сонымен қатар Француз төңкерісі де осы кезеңде болған. Демек, бұл уақытта теңдік, бостандық, еркіндік ұстанымдары жарияланып, ал осы ұстанымдар классицизмнің екінші кезеңінің өкілдері-ағартушылар ұстанымдарымен өзектес болды.

Австрияның ұлттық мектебі де осы кезеңге жатады. Австрияда музыка мәдениетінің дамуы негізінен оның астанасы - Венамен байланысты, жаңа мектеп "веналық классикалық" - деген атауға ие болды. Вена классикасымен симфониялық музыканың гүлдену шағы басталды. Осы мектептің ұлы өкілдері болып Гаидн, Моцарт және Бетховен танылды. Веналық классиктердің басты жетістігі - симфонизм. Музыка өнеріне деген жаңа бағытты тап осы симфонизм ашып берді.

Классицизм дәуірінің көрнекті өкілдері

Шынайы ұлылық уақыт ағынына табынбайды деген сөздің жаны

бар. Соның нақты дәлелі - Й.Гайдн шығармашылығы. Өнер тұңғиығының жауһары саналатын оның туындыларында ертеңгі күнге деген оптимистік көзқарас пен ақынның ішкі жан дүниесі тұтасып, үлкен әлемге айналған.

Дегенмен оның өмір жолының бастамасы жарқын музыкалық танымалдықты әкеле қойған жоқ. Гайдн 1732жылы Венаға жақын Рорау деген жерде дүниеге келді. Қарапайым жұмысшы отбасынан ( әкесі ат айдаушы, анасы ас пісіруші) шыққандықтан, жақсы білім алмады. Отбасында он жеті бала болды. Бірақ балаларға дұрыс түсінік, тәрбие берді. Сол тәрбие Гайднды өмірдің қиындығына өзінше бейімделуге көмегін тигізді.

Оның отбасы өнерді жандарына жақын етті. Болашақ композитордың әкесі жақсы ән айтып, арфада ойнаса, кіші інісі Михаэл кәсіби музыкант болып шықты. Й.Гайдн ұзақ уақыт Зальцбург қаласында тұрды, мұнда ол Моцартпен кездесіп жүрді. Алайда, балалық шақта балаларының дарындылығы ерте танылғандығына қарамастан, ата-аналары оқуға ақша төлей алмады. Дауысы керемет, болашақ атақты композитор, танымайтын үлкен қалаға жол тартып, сонда шіркеуге орналасып, хорда ән айтушы болады. Гайднның дауысы бұзыла бастап, ол енді хорда ән айтуға жарамсыз болған соң, оны капелладан шығарып жібереді. Ол сол уақыттың ірі композиторы Николо Порпораға қызметке орналасады. Ақы ретінде одан пайдалы музыкалық кеңестер алып отырды. Қызметші бола жүріп, Гайдн тыңғылықты, еңбекқор оқушы болып шықты.

Гайдн 1759 жылы Чех аристократы граф Морциннен алғашқы тұрақты қызметі капелмейстрлікке ие болады. Екі жыл өткен соң ірі венгр князі Эстергазиден капелмейстр қызметін алады.

Князьдің сарайы Венадан қашық емес Эйзенштадт қалашығында еді. Жазғы уақытты князь қала шетіндегі қожалығында өткізетін. Онымен бірге барлық ақсүйектер мен музыканттар да көшетін. Дәл осы жерде, Гайдн отыз жылға тарта тұрды. Оның өмірі сырттай бір сарында өтіп жатқанымен, өмірінің мәнін құрайтын музыкаға толы болды.

Гайднның міндеті - тек капеллаға жетекшілік ету емес, сарайда және шіркеуде ән салу, музыканттарды үйрету, тәртіпті қадағалау, аспаптар мен ноталарға жауап беру. Ең бастысы, князьдің талабымен симфониялар, квартеттер, опералар жазуға тиіс болды.

Оны жастық шағында да, әбден қартайған шағында да "папаша Гайдн" деп атаған. Империяның ең бай адамдарының бірі, князь Эстергазидің муыканттары үшін 30 жыл бойына ол "папаша" болды. Оны өзінің ұстазы санаған Моцартта Гайднды "папаша" деп атаған.

1791 жылы қарт князь Эстергази қайтыс болды. Оның мұрагері музыканы ұнатпағандықтан, капелланы қажет етпеді. Ол музыканттарды таратып жіберді. Алайда бүкіл Еуропаға даңқы шыққан Гайдн оның капельмейстері болып қалуы үшін жас князь оған зейнетақы тағайындады. Өмірінің осы соңғы кезеңі Гайдн үшін ең бақытты жылдар еді. Композитордың еркі өзіндеболып, сапарға шығып, концерттер беріп, өз шығармаларына дирижерлік жасай алды, жаңа музыкаларды тыңдады. Гендельдің ораториясының әсерімен оның терең мазмұнды туындылары - "Әлемнің жаратқаны" («Сотворение мира»)және "Жыл мезгілдері" («Времена года») ораториялары жазылды. Гайдн өмірінің ақырғы жылдары Венаның шет жағында тыныштықпен өтті. Гайдн 1809 жылы қайтыс болды.


© 2010-2022