Үйірме сабақтарында танымдық іс-әрекет арқылы жетістік мотивациясын дамытуға жағдай туғызу

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үйірме сабақтарында танымдық іс-әрекет арқылы жетістік мотивациясын дамытуға жағдай туғызу


Білім - қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты.

Бүгінгі таңда адамның білімді болуы, нақты бір ғылым бойынша ғана емес, сонымен қатар, тұлға ретінде жан-жақты дамыған, отандық, әлемдік дүнетанымы кең, заман ағымына қарай жаңа құндылықтар жүйесімен таныс, қоғамда белсенді әлеуметтік бейімделуге икемді, өз еркінше өмірлік шешім қабылдауға, өзінің біліктілігін көтеруге, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігімен анықталады. Тәжірие көрсеткендей, аталған білімді адам талаптарын - базалық білім берумен ғана қанағаттандыру мүмкін емес. Базалық білім - қызығушылықты, қабілетті және әлеуметтік, кәсіптік өзін-өзі айқындау факторларын дамытатын қосымша бейресми білім беруге қашанда зәру. Елімізде балаларға негізгі білім беру мен қосымша білім беру алғаш рет тең құқылы, бірін-бірі толықтыратын компонент ретінде қарастырылып және екеуі бірігіп әр баланың толыққанды және жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін бірыңғай кеңістік ретінде қарастырылды. Мұндай екі жақты жағдайда, мектеп, оқушыларының дамуындағы танымдық қарама-қайшылықтарын еңсереді және қоғамда табысты тәрбиелі жан-жақты түсінікті тұлға ретінде қалыптасуына негіз қалыптастыра алады.

Келешек ұрпаққа білім беру стандарттары талабына, оқушыларға қосымша білім беруді енгізу өзектілігі: оқушылардың танымдық мотивациясын ынталандыру, жалпы білім берудің құрамдас бөлшегі, мектепте алған білімді, дағды, біліктерін практика жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін вариативтікті күшейту қажеттілігімен байланыстырылады. Қосымша білім беру жағдайында оқушылар өздерінің шығармашылық потенциалын, жаңа қоғамға бейімделу дағдысын дамыта алады және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болады.

Қазіргі таңда өсіп келе жатқан жасөспірімді ересек өмірге дайындауда қосымша білім беру жүйесінің рөлі артып келеді. Қосымша білім берудің оқытудағы іс-әрекетінің басты мақсаты: балаларға өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, қарым-қабілеті мен мүмкіндігін шыңдауға жағдай тудыру. Осы аталған мақсатқа жету жолында, тәрбиеленушіні объект емес, белсенді, дербес, жан-жақтылық қасиеттерін дамытуға жағдай туғызу нәтижесінде қол жеткізе алатын оқыту субъектісі ретінде қарау керек.

Қосымша білім беру жүйесінің оқу процессі, ештеңеге ұқсамайтын жеке дара сипаттарға ие:

  • Балалардың негізгі оқуынан бос уақытында бара алады, шығармашылық бағытын бала өзі таңдай алуымен және оқу жылы ішінде өз қабілетіне қарай қызығушылық түрін ауыстыра алуысен ерекшеленеді.

  • Еріктілігімен, өз бастамасын ортаға салу еркіндігімен, барлық қатысушылардың (бала, ата-ана, педагогтардың) белсенділігімен, қатаң регламенттің болмауы, қатаң талап қойылмауымен сипатталады.

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған, танымдық қызығушылығын арттырады және бірнеше шығармашылық түрімен бір уақытта айналысуға құқық береді.

  • Барлық қатысушылары үшін бейресми және жайлы түрде ұйымдастырылады.

Жаңа заман ағымымен өмірімізге қоса қарыштай енген жаңа ақпарттық технологиялардың соны лебі, балалардың қызығушылығын басқа арнаға бұрып алып бара жатқандай. Дегенмен, дәлелденген оқыту әдістемелеріндегі оқушылардың қызығушылығын тудыру әдістемесі әлі де болса, өз күшін жойған жоқ. Тек, ептеп жаңа технологиялармен толықтыруды ғана қажет ететіні белгілі. Мен де «Шаңырақ» клубының тәрбиеленушілеріне шығармашылықты, қызығушылықты арттыру мақсатында, балалардың қызығушылығын арттыру әдістемесін қолданамын. Қызығушылық «салдар ретінде, мотивациялық саланың күрделі үрдістерінің интегралдық көрінісі ретінде анықталады» және де бұл жерде қызығушылық және оқуға қатынас түрлерінің сараптап жіктелінуі маңызды. А.К. Маркова бойынша оқуға қызығушылық кең, жоспарланған, нәтижелі, процессуалды-танымдық және оны түрлендіруші болуы мүмкін.

Мұғалімге, оқуға қызығушылықтың пайда болуы үшін (танымдық қажеттіліктің қанағаттануын эмоционалдық бастан кешіру ретінде) жағдай жасаудың және қызығушылықтың өзінің қалыптасуының маңыздылығын көптеген зерттеушілер атап көрсеткен. С.М. Бондаренко жүйелік талдау негізінде оқушы үшін қызықты болуын ықпал ететін негізгі факторларды атады. Осы талдауға сай, оқуға қызығушылықты тудырудың маңызды алғышарты ретінде іс-әрекеттің кең әлеуметтік түрткілерін тәрбилеу, оның мағынасын ұғыну, өз іс-әрекеті үшін зерттеп отырған үрдістерінің маңыздылығын түсіну болады.

Оқуға қызығушылықты қалыптастыруда проблемалық ситуацияны жасау, ол оқушылардың өздерінде бар білім қорымен орындай алмайтын қиындықтармен қақтығыстыру үлкен рөл ойнайды; қиындықпен кездесе отырып, олардың жаңа білімдерді алудың немесе бұрынғы білімдерді жаңа жағдайда қолданудың қажеттілігіне көздері жетеді. Үнемі қауырттылықты - талап ететін жұмыс қана қызықты. Ақыл-ойдың қысылуын қажет етпейтін жеңіл материал қызығушылық тудырмайды. Оқу іс-әрекетіндегі қиындықтардан өту-оған деген қызығушылықтардың пайда болуының маңызды шарты. Оқу материалының және оқу міндетінің қиындығы қай кезде қызығушылықтың өсуіне әкеледі десек, онда тек қиындық шама жетерлік, жеңе алатындай, болған кезде ғана, кері жағдайда қызығу тез төмендейді.

Оқу материалы және оқу жұмысының тәсілдері жеткілікті түрде сан-алуан болуы керек. Әр түрлілік оқушылардың оқу барысында түрлі объектілермен қақтығысуымен ғана емес, сондай-ақ бір объектіде жаңа жақтар ашылу мүмкін болуымен қамтамасыз етіледі. Оқушыларда танымдық қызығушылықты қоздырудың амалдарының бірі-шеттеу, яғни оқушыларға үйреншікті және күнделіктіден жаңаны, күтпегенді, маңыздыны көрсету. Материалдың жаңалылығы - оған қызығушылықтың пайда болуының аса маңызды алғышарты. Алайда, жаңаны танып білу оқушыда осы уақытқа дейін жинақталған білімге сүйенуі тиіс. Бұрын меңгерілген білімді пайдалану - қызығушылықтың пайда болуының маңызды шарттарының бірі. Оқу материалына деген қызығушылықтың пайда болуының мәнді факторы - бұл эмоционалдық бояу, мұғалімнің жанды сөзі. Яғни, клуб бағытына қызығып келген оқушыларды отырығызып қойып, тағамның құнарлылығын, қолданысқа ену тарихын әңгімелеп беру, олардың қызығушылығын жояды. Сол себепті, практикалық жұмыс барысында, жоғарыда келтірілген ақпараттарды айта отырамыз және сабақ соңында түрлі деңгейлік, жағдаяттық тапсырмалар арқылы пысықтаймыз. Тәрбиеленушілердің әр сабақтан өзіне қажетті білім алып кетуі үшін белсенді оқушылармен жұмыс шарасында жекелей тапсырмалар, ізденіс жұмыстар тапсырылады. Яғни, ол оқушы келесі сабаққа белгілі бір азық-түлік түрі туралы ізденіп, материал жинақтап, өзге оқушыларға таныстырады. Практикалық жұмыстан кейін, дайындаған тағам түрінің пісуін күтіп отырған уақытты тиімді пайдаланып қалуға тырысамын. Жалпы өмірде болатын тәрбиелік мәні жоғары, ата-ананы сыйлау, дос бола білу, білім алудың маңыздылығы жайлы, адами құндылықтар қалай бағаланады, біреуге жақсылық жасау қаншалықты қуаныш сыйлайтыны жайлы көркем әңгімелер, оқиғалар баяндап беремін.

Әрбір адамда жаңа нәрсеге деген құлшыныс болады: біз жаратылысымыздан таныс емес жәйттерге әуеспіз, соларға қызығушылық танытамыз. Тіпті кішкене нәрестелер де жаңа ойыншықты көргенде, біраз уақытын оны зерттеуге (жан-жағынан мұқият қарап, қолымен ұстап дегендей) жұмсайды.

Өз мүдделері мен қажеттіліктерін айқындауы («Не білгім келеді?») әр оқушы өзінің сабақ процесіне тікелей қатысы бар екендігін сезіндіреді. Сол арқылы оқушы өзін сабақтың тыс бақылаушысы емей, оның белсенді қатысушысы ретінде таниды. Өз кезегінде бұл жәйт оның белсенділігін арттырып, сабақ тақырыбына деген ынтасын жоғарылатады. Оқушылардың еңбегіне бағалау кезінде мына ережеге сүйенемін:

  • Өз оқушыларыңыздың дамуына көмектесу.

  • Зорлап ынталандыру тиімсіз болуы мүмкін.

  • Оқушыларды маңызды мәселелерді шешуге тартып отырыңыз.

  • Нақты және орындалатындай мақсаттарды белгілеңіз.

  • Сабақтарда әр түрлі тәсілдерді қолданыңыз.

  • Еркіндік ұстауына мүмкіншілік туғызыңыз.

  • Адал және татулық қарым-қатынасты ұстаныңыз!

Көбінде, кыз балалар да ер балалар да, ас әзірлеу процесіне қатысқанды ұнатады. Себебі, үйде ондай жұмыстарды сеніп тапсырмайтыны немесе ас әзірлеуді енді үйреніп жүрген болғандықтан болар. Әсіресе, салаттар түрлерін, ұннан жасалатын тәтті бәліш, өзге ұлт асханасына қатты қызығушылық танытады. Берген білімнің нәтижесін, қаншалықты қабылданғанын байқау үшін, міндетті түрде тәрбиеленушілерді «бағалау» арқылы қол жеткізуге болатыны бәрімізге мәлім. Міндетті түрде әр сабақтан кейін, оқушылардың жетістігін түрлі смайликтер берумен, өзін-өзі бағалау картасын үлестіру арқылы жүзеге асырамын. Жұмыс жоспарындағы әр пунктті аяқтаған соң, «Не білдік? Не үйрендік?» тақырыбында түрлі клубішілік сайыстар, «Достарды шайға шақырайық», тест тапсырмалары т.с.с.білімдерін тексеріп, берген жауаптарына қарай, қатысым белсенділігіне қарай мониторингтік көрсеткіш ретінде шеберліктерінің өсу деңгейін анықтап отырамын. Әр практикалық сабақ кезінде әр оқушыға шығармашылығын, фантазиясын салып, өз жұмысын ерекше етіп жасауын талап етемін. Балалар бірінікін бірі қайталамау мақсатында, түрлі фигура жасап, барынша тырысады. Оқушының барлық жұмысына мән беріп, қадағалаушы, ұйымдастырушы педагог болуы шарт екенін айтпаса да білесіздер. Сол себепті, мен де өз тарапымнан ескертулер мен мадақтаулар айтып баға беремін және балаларға достарының жұмысына баға беруін, өз ойын еркін айтуын да ұмыт қалдырмаймын. Өз еңбегінің нәтижесін көру оқушыларға үлен «қуаныш» сыйлайды әрі достарының пікірін білу олар үшін маңызды.

Сонымен қатар, қалалық семинар барысында, келген қонақтарға үйірме оқушылары, қазақ халқының ұлттық қонақ күту салтына жетік екенін және Қытай халқының шай ішу церемониясын сахналап көрсетті.Сол сияқты, жинақ дәптерлерінің ұқыптылығын, мейлінше көп ақпарат жазылуына да баға беремін. Бұл жұмысты да тәрбиеленушілер жарыса орындайды. Нәтижесінде жеке заттарына таза, ұқыпты қарау әдетіне бейімделу жағынан да тәрбиеленушілерімнің жетістігін бақылап жүрмін.

Мен өзімнің бүгінгі баяндамамды, өз тәжірбиемде сүйенетін және жұмыс әдістемемде кеңінен қолданатын Ян Амос Каменскийдің сөзімен аяқтағым келеді:

«Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:-не естіп,не оқысам да,соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді,ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен.Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне өздеріне шәкірттер тауып,оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады».

«...педагогикалық әңгіме өткізуге төселу үшін тіпті дарынды адамның өзіне де көп еңбек керек.» деген Константин Дмитриевич Ушинскийдің қанатты сөзін өміріме де, ұстаздық қызметіме де серік етемін.









© 2010-2022