А. Құнанбаев Ғылым таппай мақтанба өлеңі 5класс

Раздел Дополнительное образование
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С. Бердіқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен



Ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбайұлы «Қыс» өлеңі

Сыныбы: 5 «б»

Пән: Әдебиет

Пән мұғалімі: Иманкулова Г.С






Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнабайұлымен таныстыру, адам бойында кездесетін бес асыл қасиет пен бес дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу;
ә) дамытушылық: мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
б) тәрбиелік: Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі арқылы адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу,үйрету, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сабақтың көрнекіліктері: А.Құнанбаевтың портреті, тірек сызбалар,

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, қазақ тілі, бейнелеу өнері жаратылыстану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. амандасу

  2. кезекшімен сұхбат

  3. шаттық шеңбері
    Мен бүгін өзіме жақсылық тілеймін
    Мен бүгін саған жақсылық тілеймін
    Мен бүгін бәріне жақсылық тілеймін / топта үлкен шеңбер құруға болады/

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өлеңді мәнерлеп оқу

Сұрақтарға жауап беру

Өз бетінше жұмыс (үйге беілген шығармашылық жұмысты сұрау)

Үй тапсырмасын бекіту (ашық тест арқылы балалар білімдерін бекіту)

  1. Абай «Қыс» өлеңінде қыс мезгілін кімге теңейді?

  2. Абай қыс мезгілін не үшін қатал қылып суреттеген?

  3. Неліктен қыс мезгілін «кәрі құдаң» деп атады?

  4. «Алты қанат ақ орда үй» неліктен шайқалады.

  5. Малшылар үстілеріне нені қабаттап киіп алды, неліктен?

  6. Жылқылардың титығының құруы не себептен деп ойлайсың?

  7. «Құр жібер мына ант ұрған кәрі шалды» деп неліктен айтты деп ойлайсыңдар?

3. Жаңа сабақ.

1.Қызығушылықты ояту

Абай деген сөзді естігенде көз алдарыңызға не келеді. Ойларыңды айтыңдар ауызша

2.Видео

(Абай Құнанбаевтың шығармашылығынан шағын деректі фильм көрсету)

2мин

3.Топқа бөлу.

(Кітап таңдау арқылы топқа бөлу. Кітап артына сө здер жазылып тұрады)

І топ Абай -ақын

ІІ топ Абай -аудармашы

ІІІ топ Абай -сазгер 4топАбай-философ 4.Топтық жұмыс. І топ Абай кім?

ІІ топ Абай аудармалары

ІІІ топ Абай өлеңдері

ІІІІ топ Абай әндері




5.«Ғылым таппай мақтанба өлеңі» (мәнерлеп оқу. музыка әуенімен

Кітаппен жұмыс. Бұл өлеңде ақын жастарды өнер-білімге, адамгершілік қасиеттерден мол үлгі алуға шақырады. Адам мінезіне жақсы қасиеттер үйірлетеді. Кез келген нәрсеге құмарта бермей, өмірде өз жолын табуға сілтей отырып, кімнің бойында әділеттік, мейірімділік, қайраттылық болса, мұндай қасиеттер оған жарасып тұрады деген ой айтады. Ол жастарға арнап көптеген өлеңдер жазған. Әр өлеңі нақылға, қанатты сөздерге бай. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді. Ғылым жолына ұмтылған жастарға айтар ақынның ерекше ескертуі бар. Ол - қандай нәрседен қашық болу, қандай нәрсемен дос болу. Ғылым жолы - әділдік жолы. Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды. Олай болса, ақын өлеңін мәнерлеп оқып, жалпы талдау жасайық.

Өлеңді мәнерлеп оқимыз. Мазмұнына талдау жасап, тақырыбын, көздеген идеясын ашамыз.

3.Дәптермен жұмыс. Өлеңдегі бес асыл іс пен бес жаман істі көшіріп жазып алыңдар. 2мин

4.Сөздікпен жұмыс. (Балалар түсінбеген сөздерін айтады. Мұғалім түсіндіреді.)

Топтық жұмыс

1.Фрейер моделі


2. Лексикалық журнал

Түсінбеген сөзі

Менің ойым

Негізгі мағына

Мағынаны тануға не көмектесті

Бұрын естіген сөзім

Не арқылы білдіңіз?

Нәфрәтлі


Ғибрәтлі


Талап


Рахым


3. Сергіту сәті. «Желсіз түнде жарық ай»

4.Жаңа сабақты бекіту.

«Ғылым таппай мақтанба өлеңіне Абайдың қай қара сөзі ұқсайды?

Абайдың «Он жетінші қара сөзі» (видео көрсетіледі.)

Абайдың он жетінші қара сөзі оқылады.

1 топ ақындар тобы Қайраттың айтқан сөзін, ойын түртіп алыңдар

2 топ аудармашыдар Ақылдың айтқан сөздерін түртіп аласыңдар

3 топ сазгерлер тобы Жүректің айтқан сөздерін түртіп алыңдар

4 топ философтар тобы Ғылым болып Қайраттың, Ақылдың, Жүректің айтқан сөздерін

тыңдап,дұрыс айттыма қорытынды дана пікір айтасыңдар.

4. Жаңа сабақты қорытындылау.

1.Жұптық жұмыс Тест сұрақтарына жауап беру.

«Бес жолды өлең» құру
Не? Ғылым
Қандай? Қызықты, қиын,
Не істеді? үйренді, ашты, оқыды
Не үшін? сырын білу үшін
Синоним білім

2.Оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу.

(Әр топ өз топтарының атына сай шығармашылық жұмыстар жасап айтады.

І топ. Абай -ақын Абайға арнау немесе Абай өлеңдерін жатқа айту.

ІІ топ. Абай -аудармашы Абай аудармаларын айту. Жазып келсе оқу.

ІІІ топ Абай -сазгер Абай әндерінен ән айту.

ІV топ Абай -философ Абайдың даналық сөздерін айту.

6. Бағалау. Білім миллонерін анықтау

7. Үйге тапсырма

Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау. Қосымша өлеңдерін, қара сөздерін оқу. 8.Рефлексия. «Остиннің көбелегі» 1. Бүгінгі сабақ сіздің ойыңызша бүгінгі сабақ қай дәрежеде болды? 2.Бүгінгі сабақта айтылған ақыл, кеңестерді кәдеңізге жаратасыз ба? 3.Ұстазға айтар тілегіңіз, өкпе -наз.


















© 2010-2022