Шәкіртсіз ұстаз - тұл

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шәкіртсіз-ұстаз тұл

Ұстаз болу-жүректің батылдығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу-мінездің күншуағы,

Азбайтұғын адамның ақындығы.

« Елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»,- деп Н.Назарбаев айтқандай, ұстаздық жолында үлесімнің бар екені мәлім. Білім мен тәрбие егіз ұғым. «Тәрбие жоқ жерде білім жоқ»,- деп А.Байтұрсыновтың сөзін тілге тиек еткім келеді.Мамандық таңдау жасөспірім шақта басталады.Жасөспірім шақта адам армандайды, ізденеді. « Армансыз адам-қанатсыз құспен тең ». Алдына мақсат қоя білген адам ғана биік белестерден көрінеді.Ізденістің арқасында көптеген ұлы ғұламалар артына тарихи із қалдырған.Осы ғұламалардың болашақ ізбасарлары бар десек те жаңылмаспыз. Қазіргі таңда оқимын деген адамға мүмкіндік те көп, жағдай да жасалған. Аудандық дарынды оқушылардың арасында қараша айында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Ескі қыпшақ тіліндегі есім сөздердің жасалу жолдары» атты тақырыбында мектебіміздің 10 сынып оқушысы Сансызбаева Ақтілек қатысып өз білім деңгейін көрсетіп, III орын иеленіп мектептің намысын жырта білді.

Кеше ғана мектебімізде өткен «Мұқағали-қазақ поэзиясының хантәңірі» атты тақырыпта өткен поэзиялық кешке 5-11 сыныптар арасындағы оқушыларымыз белсенділік таныта отырып, поэзия сүйгіш қауым екенін көрсете білді .Осындай шәкірттерімізбен мақтана аламыз.

Саналы да, парасатты шәкірттеріміздің саны арта берсін демекпін. Жас шыбық дегеніміз -Бала, ал ұстаз сол өсімдікті күтуші-Бағбан деген Белинскийдің сөзімен қорытындылағым келеді.

«Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Исмайыл Ұлжан Әбдіразаққызы



© 2010-2022