Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары

Раздел Дополнительное образование
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С А Б А Қ № 2

Тақырып: Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейтқұл»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін толықтыру, қосымша жаңа мәліметтер беру.

2.Дамытушылық: есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамытып,тыңдай білу және оймен бөлісуәрекеттерін ұштастыру,мәтін арқылы сөз қорын байытып,ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ балаларына арнап оқулық жазған ұстаз, ғалым- Ы.Алтынсариннің еңбектеріндегі ғибратқа, өнегеге толы шығармаларын оқи отырып, оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, білімді, , өнерлі болуға баулу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,мәнерлеп оқу,сұхбаттасу,сұрақ-жауап,

Сабақтың көрнекілігі мен құралдары: Ы.Алтынсариннің портреті,тірек сызбалар, кітап көрмесі.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

I. Сабақтың тақырыбына қызығушылығын туғызу - побуждение.

* Ұжымдық жұмыс: оқушылардың Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру арқылы жаңа мәліметтер беру.

«Инсерт» стратегиясы.

Білемін

Білдім

Білгім келеді


II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу - осмысление.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1 топ - Ы.Алтынсарин кім? Ол қайда туған? Оның қандай шығармалары бар? Деген сұраққа «ассоциация» стратегиясы бойынша жауап беріңдер.

2 топ - «Қыпшақ Сейтқұл» мәтінді бөлшектерге бөліп, әр бөлшекке сәйкес 3-4 сұрақтан құрастырыңдар.

3 топ - «Салақтық» әңгімесін мәнерлеп оқып шығу. Не туралы айтылады?

III. Оқушылардың ой-пікірлерін білу - рефлексия

* Бағалау. Сарапшылар тобына сөз беру.

* Үйге тапсырма: «Қыпшақ Сейтқұл», «Салақтық» әңгімелерін оқып келу.


© 2010-2022