Коучинг М сабағында сөйлеу мен ойлауды дамытуда диалогтық оқытудың мүмкіндіктері

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг жоспары

Күні: 23. 02. 2016 жыл

Уақыты:

Коучинг тақырыбы: "Математикада ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытуда диалогтың маңыздылығы. "

Мақсаты : Коучингке қатысушыларға «диалогтік оқытудың» маңызын, оқу мен оқыту үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі ретінде диалогтік оқыту туралы ұғымдарын қалыптастыру және тәжірибелеріне енгізу әдістерінің жолдарын меңгерту. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарды саралауға бағыттау. Диалогтің маңызын ашу.
Күтілетін нәтиже: 1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.
2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады.
3. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі.
4. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.
5. Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.
6.Әңгіме түрлерінің айырмашылық біліп, тәжірибеде қолдана алады.

Негізгі идеялар

Диалог - мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
Сұрау және топтық жұмыс диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы

Материал мен жабдықтар

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, А.Әлімов "Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері", компьютер, флипчарт,

Қатысушылар: Семинарға келген қонақтар.

Уақыты

кезеңдер

Коуч іс-әрекеті

Мұғалімдер іс-әрекеті

3 мин

Психологиялық жағымды ахуал орнату

Қызығушылықты ояту

Ал қанекей алақандарымызды қосып бір-бірімізге жылы көзқараспен қарайық.

Алақандарын қосып бір-біріне деген жылы көзқараспен қарайды.

5 мин

Тренинг.

Сіз мені білесізбе.

Ұстаздар өздерін таныстырады.


3 мин

Топқа бөлу.

Ұстаздар түрлі түсті қағаздар арқылы топтарға бөлу.

Ұстаздар түрлі түсті қағаздар арқылы топтарға бөлінеді.

3 мин

Топтар бірі -біріне тілек тілеу.

Ұстаздарға Бұқар жыраудын 11-тілегі бойынша тілек тілеті.

Ұстаздар Бұқар жыраудын 11-тілегі бойын бойынша бір-біріне тілек тілейді.

3 мин

«Диалогтік оқыту» таныстырылымы

Коуч «Диалогтік оқыту» таныстырылымын көрсетіп, диалогтік оқыту маңызы, әңгіменің 3 түрі, диалогтік оқытудағы сұрақ түрлерінің маңызы туралы айтады.

2 мин

«Миға шабуыл»

1.Диалог дегенді қалай түсінесіз? 2.Сіз өз сабағыңызда диалогті қолданасыз ба?
3. Сіздіңше, сіздің сөйлеу уақытыңыз бен оқушының сабақтағы сөйлеу уақытының пайыздық көрсеткіші қандай? 4.Сіз оқушыға сабақ үстінде сыныптасымен сөйлесуіне жиі мүмкіндік бересіз бе? 5.Сабағыңызда оқушылар бір-біріне сұрақ қоюға жиі мүмкіндік бересіз бе? 6.Сіз сабағыңызда оқушылар сұрақ қою үшін қандай жағдай жасайсыз? Ол үшін қандай әдістерді пайдаланасыз?
7. Егер сабағыңызда оқушыларыңыз өз орныныда отырмаса өзіңізді қалай сезінесіз?

Мұғалімдер пікірлерін білдіреді.

20 мин

«Математиканы оқыту әдістемесі»

Жеке тапсырма:

1. Математика - білуге тиіс деректер, ұғымдар мен тәртіптер жиынтығы

2. Математика - бұл қоғамдық өмірдегі өте пайдалы құрал

3. Математика адамның талпыныстары арқылы жасалатын және қол жеткізілетін ұғымдардан тұрады

4. Жекелеген адамдар айналысатын нәрсе математика болып табылады

5. Математика - бұл адамдармен қарым-қатынас жасау, сол арқылы бірлесіп әрекет ету тәсілі.

Сұрақ: Әңгіменің қай түрі пайдаланылды?
Коуч кумулятивтік әңгіменің зерттеушілік әңгімеге айналғанына басымдық береді.

Қандай пікірлермен келісетініңізді, қандай пікірлермен келіспейтініңізді және неліктен келіспейтініңізді талқылаңыз.

Барлық топпен бірге бес тұжырымның әрқайсысының математиканы оқытуға қалай ықпал ететіндігін талқылау.

1.топтың әр мүшесі өздеріне берілген тапсырмаларды жеке орындайды. Бұл диологтың қай түріне жатады? 3.Жауап:
-Кумулятивтік әңгіме
4.Топтың мүшелері осы тапсырмаларды бірігіп постер жасап қорғайды. Мұғалімдер өзара пікір алмастырады. Ортақ шешімге келеді.

Бұл диологтың қай түріне жатады?
Жауап: Зерттеушілік әңгіме.

7 мин

Рефлекция

Дананың кілті тақырыбында ұстаздарға кері байланыс жасату.

Ұстаздар кері байланыс жасайды.

3 мин

Қорытыны.




Бөлтірік шешен: «Бала деген артта қалған із емес пе, дәулет деген қолда ұстаған мұз емес пе, бақ деген аспанда ұшқан құс емес пе? Бұл өмірдің мәні - сіз бен біз емес пе?!» деген екен. Олай болса, бүгінгі коучингіміздің тақырыбына сай мақсатқа жету үшін сіз бен біз болып табысқа жетуге атсалысайық демекпін.

"Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады"

Кері байланыс Сауалнама 1.Сіз үшін өткізген коучинг маңыздылығы қандай болды? .А) Өте маңызды- Б) маңызы жоқ 2.Өткізілген семинар қаншалықты дәрежеде сіздің кәсіби дамуыңыздың сұраныстарына сәйкес келеді? А) жоғары б )орташа В) төмен 3.Қатысушы ретінде семинарг сізге жаңа серпін бере алды

ма? А) Ия - Б ) Жоқ 4.Сіздің ойыңызша осы семинардың сізге пайдасы болды ма? А) Ия - 2.) Жоқ 5. Осы модульді өз сабақтарыңызда пайдаланасыз ба? А) Ия - Б) жоқ Сауалнамға 13 қатысты. Қорытындысында мұғалімдердің көпшілігі диалогтық оқыту туралы семинардың кәсіби сұранысына сәйкес келеті

Бірінші тілек тілеңіз,

Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Бір шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тіленіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз,
Алпыс басты Ақ Орда,
Ардақталған аяулың
Күнінде біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз,
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайыскан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.

Сегізінші тілек тілеңіз,

Сегіз қиыр шартарап
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз,
Төреңіз тақтан таймасқа.
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз,
Он ай сені көтерген,
Омырткасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Tap құрсағын кеңіткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір анырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Даусы Құдай саңкыған,
Назыменен күйдірген,
Кылығымен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.



Бағалау парағы

Бағалау критерийі

Диалогтік оқытудың мәні ашылды ма?

Мысалдар арқылы дәлелдер көрсете білді ме?

Топтық жұмыста топтар ыңтымақтастық орната білді ме?

Қорытынды

баға

І-топ


ІІ-топ


ІІІ-топ


ІV-топ




Бағалау парағы

Бағалау критерийі

Диалогтік оқытудың мәні ашылды ма?

Мысалдар арқылы дәлелдер көрсете білді ме?

Топтық жұмыста топтар ыңтымақтастық орната білді ме?

Қорытынды

баға

І-топ


ІІ-топ


ІІІ-топ


ІV-топ




© 2010-2022