Сабак жоспары Абайдын кара создери

Раздел Дополнительное образование
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Абайдың қара сөз жазудағы ерекшелігін меңгерту. Афоризм жазудағы ақынның тіл шеберлігін таныту Тәрбиелік: Оқушыға көркем ойдың айнасы - көркем сөз екендігін үйрету, сауаттылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Танымдық белсенділіктерін арттыру, сын тұрғысынан ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс. Түрі: дәстүрлі сабақ.

Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Көрнекілігі: Абай қарасөздері, Абай афоризмі, интерактивті тақта

Барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрауАбай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Абайдың өлеңдерін тақырып бойынша топтастыру, табиғат, адамгершілік, өнер - білім лирикасы.

ІV.Жаңа сабаққа әзірлік.Абайдың өмірінің соңғы кезінде жазған шығармаларын кім біледі? Қанша қара сөзі бар?

V. Жаңа сабақ. Мағына тану. Міне, өздерің айтқандай Абай ХІХ ғ. 90-ж. өзінің ой толғаныстарын қара сөздермен жазған:Өз шығармасын қара сөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қара сөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы.Алтынсариннен басталады.Одан әрі қарай дамытушы Абай болды. Абайдың қара сөздері көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер.Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық ғибрат беруді көздей құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі беруге тырысады.Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой пікір білдіру үлгісінде құрылған.Қара сөздерінің жалпы саны - 45. Оларды тақырып жағынан бірнеше топқа бөлінеді.

1.Халық тарихы, ел басқару мәселесі: 13,8,22,38,7,41,42,46 сөздер.

2.Оқу - ағарту ғылым, өнер - білім: 12,8,10,17,18,25,32,33,38,43 сөздер.

3. Еңбек, шаруашылық, тұрмыс туралы, адамгершілік: 14,15,17,18,21,22,28,34,42,44сөздер.

4. Діни имандылық, өмір сырлары туралы: 12,13,15,17,31,35,36,37 сөздер.

Абай қара сөздерінің жанрлық түрлері. Мақала мысал өсиет афоризм дидактикалық насизат өсиет көркем сөз

VI. Сабақты бекіту.Қорытынды сөз. «Қара сөздері» Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады. Себебі 1900 - 1904 жылдар аралығында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған. Сөйтіп ол 1904 ж. 23.VI. 59 жасында дүниеден қайтты.Абайдың қара сөздерін тақырыптық тұрғыда талдау.

VII. Бағалау.

VIIІ. Үйге тапсырма: Абайдың қара сөздерін жаттау.







© 2010-2022