Статья на тему Мектепте өзгерістерді қалай еңгізетін боламын?

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепте өзгерістерді қалай еңгізетін боламын?

Американдық ғалым С.Бич: - «Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті. Сіз өзгересіз, себебі Сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын Сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін Сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет». Осы сөздердің мағынасына үңілетін болсам, мені өзімнің мектебімнің қазіргі жағдайы толғандырып отыр. Бірінші бетпе-бет кезеңін тамамдағаннан кейін мектеп тәжірибесін өзгерту үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланамын және оны қалай іске асырамын деген ой көкейімде тұрып мені мазалады. Мектебімнің тәжірибесін өзгерту және «мектептің қауіпті» жағдайынан шығу үшін өзімді көшбасшы екендігімді ескере отырып бұл өзгерістерді енгізу мақсатында жұмыс жоспарын жасадым.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасының (бұдан әрі - Бірінші деңгей бағдарламасы) мазмұны осы «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» мәселені шешуге бағытталған. Бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты педагог қызметкерлердің білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейтудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру; қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында қазақстандық мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету; (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, екінші басылым 2014ж.)

Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша бірінші бет пе - бет кезеңінде оқып жүргенде құрылған жоспарымның тақырыбы тәжірибе кезінде аудит жұмыстарының нәтижесінде анықталған басымдықпен сәйкес келді. Жоспарды құру барысында мектептің бастапқы ахуалын сол мектепте 20 жылдан астам жұмыс жасай келе, қоғамдық жұмыстарының басым бөлігіне қатысып жүргендіктен қазіргі жағдайы өзіме таныс. Сырттай ой жүгіртіп таразылағанның нәтижесінде таңдап алған тақырып пен сол тақырыпқа жасалынған жоспарды шығармашылық топпен бірлесе отырып іске асыруды дұрыс деген шешім қабылдадық. Жоспарымның тақырыбы «Оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру» деп таңдалды.

Таңдалған тақырып бойынша шығармашылық топпен бірлесе отырып жасалған жоспарды талдау нәтижесінде мектепті дамыту жоспарға критерийлер қойдық:

1.Мұғалімдер оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жолдарын біледі.

2.Оқыту мен оқу тәжірибесінде цифрлық ресурстарды пайдаланудың маңыздылығын мойындайды.

3.АКТ құралдары арқылы оқыту мен оқудағы түрлі стратегияларды қолданады.

4.Кездесетін кедергілерді анықтау үшін АКТ құралдарын пайдаланады.

5.Тиімді стратегияларды таңдайды, мұғалімдердің тәжірибесі жетілдіріледі.

«Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика және методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» [yandex.kz/search/?text] - қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың айтқанындай менің де мектебімде заман талабына сай жеті модуль идеясын іске асыра алатын, өз ісінің шебері деген атаққа ие бола алатын мұғалімдер болса екен деген ой түйіндедім.

Жоспарымның алғашқы іс шарасы шығармашылық топ құру болды. Шығармашылық топты құрған кезде мұғалімдердің біліктілігіне мектепке тиімділігіне, жоспарды іске асыра алатындығына қарай ұйымдастырдым. ІІ деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған екі мұғалімді: биология пәнінің мұғалімі А және информатика пәнінің мұғалімі Б-ны коучингтер өткізу үшін, ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша оқыған, өзінің тәжірибесінде курс идеясын тиімді пайдаланып жүрген қазақ тілі пәнінің мұғалімі Д-ны тәлімгер ретінде, 25 жылдан астам еңбек өтілі бар жоғары категориялы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Л-ны «Сыншыл дос» ретінде, жоғары білімді психолог маманы Н-ны, жоғары білімді, өз пәнін жетік меңгерген, 2014 жылы президент қоры ұйымдастырған «Білім» сайысына қатысып жүлделі бірінші орынды жеңіп алған, кейіннен президент резиденциясына шақырылып марапатталған, дегенмен сабақ берудің дәстүрлі әдісін ұстанатын жас маман қазақ тілі пәнінің мұғалімі М-ды тәлім алушыға өз еріктерімен таңдап алдым. Шығармашылық топ құрылған соң белгіленген жоспарды іске асыру үшін шығармашылық топтың: жұмыс тәртібін, ережесін, әр бір мүшесінің міндеттерін белгіледік.

Жоспар бойынша бастапқы ахуалды анықтағаннан кейін, жоспар бойынша коучинг пен тәлімгерлік үдерісін енгізу. Осы іс-шарадан күтілетін нәтиже: коуч пен тәлімгер өз жұмыстарын біледі, жүргізетін жоспарлы іс-әрекетті түсінеді, тәлімгер тәлім алушымен жоспарын құрайды, коуч жоспарлы түрде атқаратын іс-әрекеттерін зерделейді, коуч пен тәлімгер жұмыстарын жинақтап, жүргізеді. Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқитын мұғалімдер мектептің орта буын көшбасшыларына тәлімгерлік ететін болса, ал осы көшбасшылар коучинг арқылы өздерінің басқа әріптестеріне тәжірибелеріне деңгейлі бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыруға көмектесетін болады.

АКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек. Мысалы, жаратылыстану ғылымдары саласында желі арқылы қолжетімді көптеген модельдеулер (симуляциялар) бар. Модельдеу (симуляция) олардың әрекет етуі туралы мәлімет алу үшін жаратылыстану жүйелерін немесе адам жүйелерін ғылыми модельдеу үшін жиі қолданылады. Модельдеу баламалы шарттардың және іс-әрекет жоспарларының болжамды шынайы әсерлерін көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ модельдеу нақты жүйе, оған қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты қолданыла алмаған жағдайда немесе оның қолданылуы қауіпті болса не рұқсат етілмесе, жүйе енді жасалып жатқанда немесе мүлде жоқ болғанда қолданылады.

Алғашқы коучингіміз (қосымша 1) әріптестерге оқыту мен оқу үдерісінде АКТ құралдарын пайдалану арқылы түрлі стратегияларды қолдану жолдарын көрсетіп, кеңес беру мақсатында «Оқыту үдерісінде АКТ пайдалану арқылы мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру» тақырыбында өткіздік. Маған көмектескен ІІ деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған ұстаз информатика пәнінің мұғалімі Б. Мен өзім коучингке қатысып сырттай бақылау барысында байқағаным: катысушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенді қатысып отырды, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. «Менің атым Қожа» фильмінен үзіндіні өз бетімен интернеттен іздеді, оны талдады, «Мобильді телефон оқу үдерісінде» 30 сек. үзіндісін тауып оны өңдеп көшіріп алды. Топтық жұмыс нәтижесінде мұғалімдердің пікірлері тыңдалды, презентациялар жасалып қорғалды. Бағалау критерийлары жасалып, жұмыстар бағаланды. Қатысушылардың рефлексиясы постерларды қорғау барысында тыңдалды. Мұғалімдер тақтаға стикерлерін жапсырып коучингті бағалады. Осыдан анықталғаны: бұрын мұғалімдер білмеген, білсе де оқыту үдерісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды көп пайдаланбаған. АКТ құралдарын қалай және қай жерде тиімді пайдалануға болатындығы туралы ойланбаған. Апталықтар өткізу кезінде ашық сабақтарында, онда да жай бейнежазбаны көрсету үшін ғана пайдаланған. Ал, ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың көптеген басқа жолдары бар екендігін білсе де бастарын ауыртқысы келмеген. Дегенмен коучингке қатысу барысында жаңа білім алып, интербелсенді тақтаны дұрыс пайдаланбағандығын, проекторды тек бейнежазбаны көрсету үшін ғана, электронды оқулықтарды кітапханадан алуға болатынын білді. Интернет желісін өзінің жеке басының қажеттіліктеріне ғана емес, сабаққа керек мәліметтерді іздеу үшін, желі арқылы оқыту, кеңес беруге болатынын қарастыруға болатындығын түсінді. Бейнекамераны өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін тиімді пайдалануға болатындығы туралы анықтады. Сонымен қорыта келгенде мұғалімдердің пікірі бұрынғыдан біршама өзгерді. Оқыту мен оқу тәжірибесінде цифрлық ресурстарды пайдаланудың маңыздылығын мойындады. Коучингті өткізіп болған сон мұғалімдерді бақылау және әңгімелесу барысында сабақтарында АКТ құралдарын пайдаланатынын анықтадым. Сабақтарға қатысу барысында проекторды, интербелсенді тақтада флипчарттарды пайдаланып, интернет желісінен керекті мәліметтерді алып тәжірибесін өзгертіп жатқан мұғалімдерді байқадым. Бұл өзгеріс тек бастама деп ойлаймын, өзгеріс әлі алда. Әрине оқытуды өзгерту үшін, көптеген жылдар бойы қалыптасып қалған ұстанымды өзгерту үшін уақыт және ішкі тынбас еңбек керек. Болашақта менің мектебімде мұғалімдер өз тәжірибесінде АКТ құралдары арқылы оқыту мен оқудағы түрлі стратегияларды қолданады. Кездесетін кедергілерді анықтау үшін АКТ құралдарын пайдаланады. Тиімді стратегияларды таңдайды, мұғалімдердің тәжірибесі жетілдіріледі.

Келесі атқарған іс-шара тәлімгер және тәлім алушымен жүргізілген жұмыс. «Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады» (Garret-Harris & Garvey, 2005).

«Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен тәлім алушының арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі төмендеу мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі, себебі тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген» (Oxley, 2003). Тәлімгер ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша оқып сертификатталған, өзінің тәжірибесінде курс идеясын тиімді пайдаланып жүрген қазақ тілі пәнінің мұғалімі Д-ны тәлімгер ретінде, жоғары білімді, өз пәнін жетік меңгерген, 2014 жылы президент қоры ұйымдастырған «Білім» сайысына қатысып жүлделі бірінші орынды жеңіп алған, кейіннен президент резиденциясына шақырылып марапатталған, дегенмен сабақ берудің дәстүрлі әдісін ұстанатын жас маман қазақ тілі пәнінің мұғалімі М-ды тәлім алушыға өз еріктерімен таңдап алдым. Тәлімгер екеуіміз тәлімгерлік үдеріс қалай жүргізілу керек, тәлімгерліктің мақсаты неде, тәлімгер тәлім алушымен жұмыс жасау үшін жоспар қалай жасалады деген сұрақтарға жауап іздеп нәтижесінде тәлімгерлік жоспар құрдық. Жоспарда белгіленгендей тәлім алушының дәстүрлі сабағына қатыстық. Сабақты тәлім алушының рұқсатымен бейне камераға түсірдік. Тәлім алушының оқыту әдісі сол баяғы дәстүрлі түрде білімді дайын күйде ұсыну, оқыту барысында собақтың уақытының басым бөлігінде мұғалім сөйлейді де оқушыларға өз бетімен ойлануға, өзіндік пікірін айтуға аз уақыт бөлінеді. Мені таңғалдырғаны тәлім алушы жоғары білімді мұғалім дәстүрлі стильді ұстанатынын және одан басқа сабақ беру стильдарды түбегейлі қолдамайтыны туралы пікірі. Жоспардың келесі іс-шараларына, жоғарыда көрсетілген коучингтерге тәлімгер мен тәлім алушының қатысуын қадағалау нәтижесінде коучинг удерісіне қатысу белсенділігі мені қанағаттандырды. Тәлімгер Д. ІІІ деңгей бағдарламасын жоғары деңгейде меңгерген мұғалім тәлім алушының іс-әрекетіне бағыт бағдар беру арқылы тарту әдісін, кейде нұсқау беру арқылы итермелеу әдісін қолданып коучинг удерісіне белсенді қатысуына ықпал етті. Тәлім алушы тапсырмаларды орындағанда АКТ құралын пайдалануға мәжбүр болды: интернетпен жұмыс жасады, презентация құрды, интербелсенді тақтадағы флипчартпен жұмыс жасады, өзінің пікірін постерде бейнелеп, қорғады, тақтаға постерін жапсырып бағалады (қосымша 2).

Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер Д өзінің білімімен, тәжірибесімен тәлім алушы М мен бөлісті. Тәлім алушы М ды мектепті дамыту жоспары бойнша өткен коучингтерге қатыстырып білімін жетілдірді.

Әңгіме жүргізудің сократтық әдісі-(грек. Μαιευτική, сөзбе-сөз аудармасы - босанатын әйелге көмек көрсету) сұрақтарды шеберлікпен қою арқылы адам бойындағы жасырын білімді жарыққа шығару әдісі. Педагогика-да Әңгіме жүргізудің сократтық әдісі бағыттаушы сұрақтар мен пікірталастар орталық орын алатын оқыту түрі деп түсіндіріледі.

Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен тәлім алушының арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі төмендеу мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі, себебі тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген (Oxley, 2003).

Коучинг үдерісі

Коучтер - тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен

және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектеседі. Мұғалім өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында коуч мұғалімге көмек көрсетеді. Бұл ретте мұғалімдерге мақсат етілген нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірибесі аздау әріптестерімен жүргізілетін жұмысты болжау және жүргізу мақсатында, ол жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын-ала анықтай алу қабілетін дамытуға көмектесуге басты назар аударылмақ.

Коуч пен тәлімгер болып табылатын мұғалімдер үшін маңызы

Бірінші деңгей бағдарламасы тәжірибелі мұғалімдерді өз мектептерінде құзырлы коуч пен тәлімгер болуға үйретуге бағытталған. Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған мұғалімдер оқу қоғамдастығын құрып, жаңа идеяларды іске асыру үшін өз мектебінде тәжірибеге өзгеріс енгізуді және әріптестерімен жүргізілетін жұмысты ойластырып, оны жоспарлауды бастайды.

Коучинг пен тәлімгерліктің тиімділігін қамтамасыз ету үдерісі үш негізгі мәселені қамтиды:

1. Мәнмәтін. Бірден пайдалануға мүмкіндік болу үшін коучинг тәжірибесі мәнмәтінде болуы керек.

2. Өзектілік. Ақпарат пен ұсынымдар мұғалім үшін де және олар өткізетін оқу сабақтары үшін барынша өзекті болуы керек.

3. Жүйелі тәлімгерлік. Тәлімгер күнде қолдау көрсетіп отыруы керек: мұғалімдерге жақында алған дағдыларын бейімдеуде қолдау көрсетіп, олардың табысқа ұмтылуын қамтамасыз етуі қажет.

Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда жаңа формация мұғалімі - жаңа әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген, өз білімін үздіксіз жетілдіріп тұратын, шығармашылықпен жұмыс жасай білетін, мамандығын сүйетін, құзыретті, рухани дамыған тұлға деп білемін. Тек осы сипатқа келетін мұғалім бәсекеге қабілетті маман дайындауға құзыретті. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2 басылым. 2014ж.
1.12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасы.

4.Жалпы педагогика. 2009ж М.Жұмабаев.
5.Педагогикалық еңбектер .2008ж.



















Қосымша №1


Коучинг: ««Оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру» «


Коучинг сессия

Күні

Пән мұғалімдері

Тақырыбы

«Оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру»

Сілтемелер, үйлестірме материалы

Нұсқаулық, ресурс, видеороликтер, презентация «АКТ- құзыреттілік»

Жалпы мақсаты

Мұғалімдердің мүдделері мен қажеттілігіне сүйене, оқыту үдерісінде АКТ-ні пайдаланудың тиімділігін арттыру.

Күтілетін нәтиже

1.Мұғалімдер оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жолдарын біледі.

2.Оқыту мен оқу тәжірибесінде цифрлық ресурстарды пайдаланудың маңыздылығын мойындайды.

3.АКТ құралдары арқылы оқыту мен оқудағы түрлі стратегияларды қолданады.

4.Кездесетін кедергілерді анықтау үшін АКТ құралдарын пайдаланады.

5.Тиімді стратегияларды таңдайды, мұғалімдердің тәжірибесі жетілдіріледі.

Түйінді идея

Қазіргі қоғам коммуникацияның көпшілік түрлерін қолданады. АКТ-ні қолдану оқу үдерісінің тиімділігін арттырады және мұғалімдердің шығармашылық потенциалының қарқынын арттыруға мүмкіндік туғызады.

Өткізу кезеңдері

Уақыты

Қатысушылардың іс-әрекеті

Коучтің іс-әрекеті

Дайындық кезеңі

5 минут

Қатысушылар өз еркімен орналасады. Болжау сауалдары: «Оны неге көрсетті? Кімді таныдыңдар?»- сұрақтарына жауап береді.

«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетеді.

Кіріспе

6 минут

Қаншалықты ұялы телефонды пайдалану сабаққа әсер етеді?

«Мобильді телефон оқу үдерісінде» 30 сек. Үзінді.

Тапсырма

5 минут+3 минут талдауға

АКТ аббревиатурасы қандай қондырғылармен байланыстырасыз? Әр топтан бір адам шығып жазады.

Талдау барысын бақылайды және бағыттайды

7 минут+5 минут талдауға

Плакатқа мұғалімдердің АКТ-ні пайдаланудың «+» мен «-» қырлары талдап түсіреді.

Мұғалімдердің АКТ пайдалану

«+»

«-»

Топтық жұмыс. Пікірлерін тыңдайды

Тапсырма

Тапсырманы орындауға уақыт 15 мин+5 минут презентацияға

3 минут

Топқа бөлу:

«Монитор»

«Процессор»

«Принтер»

«Тышкан»

АКТ-ны кедергіден сабақтың мүддесіне қалай бұруға болады? (Мұғалімдердің мүдделері мен қажеттілігіне сүйене, сабақ беру барысында АКТ-ні пайдаланудың тиімділігін арттыру)

Талдау барысын бақылайды және бағыттайды

Презентацияны қорғау

Бағалау критерий

Рефлексия

Қандай жаңалық білдіңіз? (немесе білдіңіз, бірақ қолдану жолдарын білмедіңіз).

АКТ-ні пайдаланудың қандай жолдарын өзіңізге анықтадыңыз?

Пікірлерін агент арқылы гимназияның агентіне жіберу арқылы тақтаға жарияланады. Көңіл тақтасына аты-жөніңізді жазып, сәйкес смайликтің астына жапсырыңыз.

Қатысушылардың рефлексиясын тыңдаймыз.

Тақтаға стикерлер жапсырылады, бағалау парақтары

Қосымша №2












































Қосымша №3


Тәлімгерлік жоспары

Іс-шара тақырыбы

Мақсаты

Әдістері

Күтілетін нәтиже

ресурстар

Жауапты адамдар

мерзімі

1

Көшбасшы мен тәлімгердің кездесуі

Тәлімгер дайындау

Пікірлесу, әңгіме

Тәлімгер білім беру тәжірбесін жас маманға үйретеді

Үлестірмелі материалдар

Көшбасшы-1 деңгей мұғалімі

2 апта

2

Тәлімгер мен тәлім алушының бірлескен оқуы

Тәлімгер мен тәлім алушыға 7 модульдің стратегияларын үйрету

әңгімелесу

талдау

Бірлескен оқу нәтижесінде 7 модуль туралы мәлімет алады

Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдары бейнежазба

Көшбасшы-1деңгей мұғалімі

2 апта

3

Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу

Тәлімгер мен тәлім алушыға 7 модульдің стратегияларын сабақта пайдалануды үйрету

Сабақтар топтамасы

7 модульді ықпалдастырып сабақ өткізуді үйренеді, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлауды үйренеді, сакбақтың мақсаты туралы ойлары өзгереді

Оқушылар, шығармашыл топ, Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдары бейнежазба

1 деңгей мұғалімі

2-3 апта

3

Тәлім алушының бір дәстүрлі сабағына қатысу

Сабақтағы кедергілерді анықтау

Сабаққа қатысу

Тәлім алушыға қандай көмек керектігі анықталады

Оқушылар, шығармашыл топ, Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдары бейнежазба

тәлімгер

2 апта

4

Тәлімгердің үлгі сабағы

7 модуль стратегияларын пайдаланып,сыни тұрғысынан ойлау арқылы жаңа типті сабақ үлгісін көрсету

Кері байланыс

Кәсіби әңгіме арқылы, ашық қолдану арқылы жаңа типті сабақ үлгісін көрсетеді (топтық жұмыс)

Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдары бейнежазба

АКТ

Көшбасшы

Тәлім алушы

3апта

Тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы кәсіби әңгіме

Тәлімгергер өз тәжірибесімен бөлісу, тәлім алушының сабақтағы кедергілерін анықтау

Сабаққа қатысу, әңгімелесу

талдау

Тәлімгергер өз тәжірибесімен бөліседі, тәлім алушының сұрақтарына жауап, кәсіби әңгіме жүргізуді үйренеді

Бейнематериал

тәлімгер

3апта

6

Тәлім алушының кәсіби дамуына ықпал ету

Тәлім алушының оқыту тәжірибесіндегі кездескен кедергілерді жою әдістерін үйрету

Кәсіби әңгіме

Тәлім алушының оқыту тәжірибесіндегі кездескен кедергілерді жою әдістерін үйретеді,кәсіби дамуына ықпал етеді

Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдары бейнежазба

АКТ

Көшбасшы

Тәлімгер

4апта













© 2010-2022