Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Болжалды келер шақ. 7-сынып

Раздел Дополнительное образование
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Болжалды келер шақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға келер шақ және оның түрлері туралы түсінік беру. Болжалды келер шақ туралы түсіндіре отырып, оны сөйлем ішінде ажырата білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық біліктері мен дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, байланыстырып сөйлеу қабілеті мен тіл байлығын молайту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа,үлкенді сыйлай білуге, жалқаулық пен жамандықтан аулақ болуғу тәрбиелеу .

Түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру, іздендіру, Блум таксономиясы

Көрнекілігі: Сөздік плакат

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу

Сыныпты түгендеу

Оқушы назарын сабаққа аудару

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

І Білу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жаттығу жұмыстарын және талдау жұмыстарын тексеру

Шығармашылық жұмыс 3 сөйлем талдау жұмысы

ІІ Түсіну

Жаңа сабақ

Ой шақыру.

Етістіктің шақтарын еске түсіру,

Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен-бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

(Жамбыл)

Атадан жақсы туған ұл

Атаның есіктегі басын төрге апарар.

Атадан жаман туған ұл

Атаның төрдегі басын есікке апарар.

Ата-ананың қадірін

Балалы болғанда білерсің.

Ағайынның қадірін

Қаралы болғанда білерсің.

Жанашырдың қадірін

Жалалы болғанда білерсің.

1)Оқушылардың өзіне оқыта отырып, тақтаға етістіктерді тауып, жаздырамын, құрамына қарай ажыратқызамын.

Апарар (алып бар+ар) - апар +ар

Білерсің - біл +ер + сің

2) Осы етістіктерден болымсыз етістік жасату

Апар (алып бар+ма+с+пын) - алып бар + ма + с + пын

Біл - біл + ме + с + пін

3) Ескі бише отырман бос мақұлдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

Отыр+ман - отыр + ма + с + пын

Тұр+ман - тұр +ма +с + пын

Ескерту: Болжалды келер шақ І ж. Жіктік жалғауында -пын, -пін ықшамдалып, -н түрінде ғана жұмсалады. Мұндай тұлғадағы етістіктер поэзияда жиі кездеседі.

4) Оқушылардың өзіне тұжырым жасатамын. Ережесін шығарту, жасалу жолдарын айтқызу

ІІІ Қолдану.

Жаңа білімді алғашқы тексеру және пайдалану кезеңі

( 117, 119-жаттығуларды орындау)

Өздік жұмыс

Терме диктанты

ІV Талдау.

Келер, жазар, көрінбес, оқыр сөздерін жекеше, көпше түрде жіктеу.

Сабақты қорытындылау.

V Жинақтау.

Етістікті болжалды келер шақ түріне айналдыр. (ауызша)

Ойна, арала, таныс, кел, үрле, аш, жатыр, күл

Үйге тапсырма.

1. 120-жаттығу (жазбаша)

2. ереже жаттау

3. Болжалды келер шақта «Менің арманым» ой толғау жазу

Бағалау. ( Оқушы белсенділігін, қызығушылығын ескере отырып бағалаймын)



© 2010-2022