Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

Раздел Дополнительное образование
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін

Мектеп директоры А.Килыбаева

«Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Сыныптан тыс ашық (сайыс) сабақтың тақырыбы: Өлең -сөздің патшасы,сөз сарасы

7 «В» 8 «В» сыныптары

Пән мұғалімі Бабагулова Г.С.









2015-2016 оқу жылы

Мерзімі 08.02.16

Пәні қазақ тілі

Сыныптан тыс ашық (сайыс) сабақтың тақырыбы: Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік мақсаты:қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту;

Тәрбиелік мақсаты:адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;білімге,өнерге,еңбеккорлыққа,адалдыққа тәрбиелеу:

Дамытушылық мақсаты:Абайдың шығармаларының тереңдігін сезіндіру,өлеңдерін мәнерлеп оқуға,жатқа айтуға баулу,әндерін үйрету,қарасөздеріне терең бойлауға баулу,сахналық шеберлікке баулу;

Күтілетін нәтиже: Абайдың өмірі мен шығармаларымен танысады.

Деректер: А.Құнанбайұлының портреті плакаттар,буклеттер.альбомдар,ұлағатты сөздер,кітаптар,журналдар,афоризмдер

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Сіздерді қазақтың ұлы ақыны,бас ақыны Абай Құнанбайұлына арналған «Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы» атты 7-8-сыныптар арасында өтетін сайысымызды тамашалауға шақырамыз.

Жүргізуші:Қадірменді көрермен, сіздерді әділ- қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Сайысқа түсетін оқушыларды қол соғып қошеметпен ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Сөз кезегі ұлы ақын туралы баяндамаға беріледі.

Баяндамашы: 10 «В» сынып оқушысы Ансатова Алия

Жүргізуші: Сайыс алты бөлімнен тұрады.

1-бөлім: «Мүшәйра» деп аталады.

Ұлы ақынның: Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

деп өзі жырламақшы әрбір оқушы ақын өлеңдерін жатқа айтады.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар.

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй - деп ақын атамыз жырламақшы кезекті әсем әнге береміз.8 «В» сынып оқушысы Бондаренко Марияның орындауында Абайдың әні «Көзімнің қарасы» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: 2-бөлім «Зеректік» деп аталады

Әрбір оқушы Абайдың қарасөздерінен үзінділерді жатқа айтып жарысады.

Жүргізуші: Үйренеміз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып,ән шырқап,

Би билеп те береміз.

Келесі кезекте өз өнерін ортаға салатын 7 «В» сынып оқушысы Дергачева Дарияның «Гүлдер-ай» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: 3-бөлім «Сахна шеберлері» деп аталады.

Әр сынып Абай Құнанбайұлының аудармаларынан (мысал) сахналық көрініс көрсетеді.

Жүргізуші: 7 «В» сынып оқушысы Кадылбекова Ұлжанның орындауындағы ақынның әні «Желсіз түнде жарық ай» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:4-бөлім «Құйма құлақ» деп аталады. Әрбір оқушы ұлы ақын туралы афоризмдер айтып сайысқа түседі.

Жүргізуші: 7 «В» сынып оқушысы Дергачева Дарияның орындауындағы «Қамажай» атты биді тамашалаңыздар.

Жүргізуші:5-бөлім «Постерлер» деп аталады. Әр сынып өздері жасап келген постерлерін (қабырға газеттерін) қорғайды.

Жүргізуші: 6-бөлім «Жорға» деп аталады.Бұл бөлімде әрбір оқушы берілген сұрақтарға дұрыс әрі жылдам, мүдірмей жауап берулері тиіс.

Жүргізуші: 1.А.Құнанбайұлы қай жылы туылған?

2. А.Құнанбайұлы қай жерде дүниеге келген?

3. Ақынның қанша қарасөзі бар?

4.А.Құнанбайұлының немере ақын інісі кім?

5.Абайдың әкесінің аты кім?

6.Абайдың қанша баласы болған?

7.Ақынның анасының аты кім?
8.Абайдың шын аты кім?

9.Жақында ақынның қанша жылдығы аталып өтілді?

10.Абайдың анасының аты кім?

11.Абайдың мәңгілік ғашығының есімі кім?

12.Абайдың сүйікті інісің аты кім?

13.Абайды орыстың қай ақынына теңейді?

14.Абайды Абай деп еркелетіп атаған кім ?

15.Абай туралы роман эпопея жазған қай жазушы?

Жүргізуші: Әділ- қазылар өздерінің әділ бағаларын дайындағанша Бондаренко Марияның орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Құрметті сайысқа келген мұғалімдер,оқушылар ! Бүгінгі 7-8-сыныптар арасында өткен «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» атты сайыс өз мәресіне жетті.Көніл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рақмет!Сөзімнің соңын қоғам қайраткері елім деп еңіреген қазақтың біртуар ұлы Әлихан Бөкейхановтың сөзімен аяқтағым келеді: «Өлеңдерінен көрініп тұрғандай Абай асқан поэтикалық қуаттың иесі,қазақ халқының мақтанышы болды.Абай сияқты халықтың рухани шығармасын осыншама жоғары көтерген ақын әлі кедескен жоқ».Абаймен мақтанайық,Абайды мақтан тұтайық.Абайды оқудан ешқашан жалықпайық!

Жүргізуші: Ендігі сөз кезегі әділ- қазылар алқасы, өздеріңізге беріледі.


© 2010-2022