I деңгей мұғалімінің Е есебі

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жәнімхан Нұрилаш Мұғалім портфолиосы Е есебі

I топ I деңгей

Көкшетау қаласы 22.04.2015ж

Енгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай білуге болады?

Бұл курс менің кәсіби педагогикалық тәжірибем мен рухани жетілуіме оң әсерін тигізді деп ойлаймын.Себебі алғашқы бетпе-бет кезеңінде алған білімді

« мектептегі тәжірибе» барысында қолдана отырып, өз бойымнан өткізіп барып,курстың маңыздылығын түсіндім. Зерттеу барысында мектептің даму бағдарламасына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп, нәтижелерге қол жеткіздім.Зерттеу жұмысынң ілгері басып орындалуына мектеп әкімшіліктері мен әріптестеріммің қосқан үлесі болды.( Қосымша №1)

Іс-тәжірибені зерттеу кезінде жоспарланған барлық жұмыстарым өз ретімен орындалды деп айта аламын. Оған дәлел мұғалімдермен,ата -аналармен, оқушылармен өткізген кездесулер барысында алынған сауалнамалар мен сұхбаттар.(Қосымша№2,3,4).Сауалнама нәтижесінде менің Неліктен, Қалай, Не өзгертуі керек? деген сұрақтарыма жауап тапқандай болдым. Осындай сұрақтарға жауаптар ала отырып мектептің дамыту жоспарына өзгертулер енгізу арқылы басымдықтарды анықтап,мектептің дамыту жоспарын топ мүшелерімен талдап, 6 апталық жоспарымды «4 сынып оқушыларының ынтасын арттырудағы топтық жұмыстағы диалогтік оқытудың маңызы» тақырыбында алдым. Жоспардың басымдылықтарын іске асыруда құрған кәсіби топ мүшелерімен «Өзгеріс не үшін қажет?» тақырыбында дөңгелек үстел барысында пікірталас өткізіп, Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз? Бұны қалай істейміз? Біз сыныпта не істеуіміз керек ? деген сұрақтарды негізге алып,әріптестерімнің ой-пікірін білдім.Тәжірибе барысында коучинг пен тәлімгерлік жүргізу жоспарын құрып, коуч және тәлім алушымен тығыз қарым-қатынаста,сыйластықпен сенімділікпен тәлімгерлік қызметін атқардым. (Қосымша №5,6,7) .

Коучинг №1 бойынша «Топтық жұмыста жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылар ынтасын арттыру»атты коучингтері өткізу барысында қол жеткізген нәтижелер:мұғалімдер өз сабақтарында топқа бөлу арқылы оқытудың тиімді екеніне көз жеткізді.Олар топтарда өзара қарым-қатынасқа түсе отырып,оқуға деген ынтасы артатынын білді.Сабаққа қатысу барысында «Миға шабуыл»,Джиксо,өзара бағалау,топ арасында бағалау ,кері байланыс жасау әдістерін сәтті қолданғандарына көз жеткіздім.

Коучинг №2 бойынша «Диалогтық оқытудың маңызы. Оқыту үрдісінде аталған модульді пайдалана білу», атты коучингтері өткізу барысында қол жеткізген нәтижелер: мұғалімдер сабақта жаңаша әдіс-тәсілдерді қалай тиімді қолданып, сабақта 7 модульді ықпалдастырып пайдананудың қыр-сырын үйреніп,өз тәжірибелерінде қолдана алды. Коучинг барысында «Автор орындығы» (Венн диаграмма,Эссе, Кейіпкерге мінездеме, Кейіпкерге хат, Рөлдік ойын т.б. ) стратегиялар қолданылып, топтар арасында бағалау және кері байланыс жасалды. Әр коучинг өткен соң мұғалімдермен кәсіби әңгіме жүргізіп отырдым.Мұғалімдердің сабақтарына кіріп, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды жазылуын, сабақта 7 модульдің ықпалдасуын байқап,қадағаладым. Сабақ барысында оқушылар топтық жұмысқа дағдыланып,берілген шығармашылық тақырыптарды орындау барысында оқушылар ынтымақтастыққа үйреніп, мұғалім мен сыныптастарының сұрақтарына жауап беріп отырды.Сабақ барысында мұғалімдер мен оқушылар әр түрлі бағалауларды жүзеге асырып қолдана алды.Әр сабақтың соңында оқушылар сабақтан алған көңіл -күйлері мен әсерлерін кері байланыс парағы арқылы білдіріп отырды.

Осы өткізген сабақтарынан енгізілдген өзгерістерді көре алдым,яғни бұл сабақтарда оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен белсінділіктері артып, топтық жұмыс жұмыс арқылы,бірлесе проблемаларды шешуге ұмтылыстарын байқадым.

Тәлім алушы -Б.Қ.Т 4 «в» сыныбында дүниетану «Лұқпан Хәкім» тақырыбындасабағына қатыстым.. Мұғалім сабақты үй тапсырмасын тексеруден бастады.Жаңа сабақты түсіндіріп оқушыларға тапсырмалар берді.Менің байқағаным сабақтың ұйымдасырылу кезеңінде оқушыларға психологиялық ахуал жасалмады,мұғалім көбіне сабақта өзі сөйледі,оқушылар сабақта нені түсінді, нені түсінбеді кері байланыс жасалмады.Оқушылар сабақта шаршаңқы отырды.Сабақ соңында тәлім алушымен кәсіби әңгіме жүргіздім.

Тәлімгерлік жасауда сұрақ қоюдың «сократтық» тәсілін қолдандым. Сұрақтар мынадай мазмұнды қамтыды:

1) «Сізге бүгінгі сабағыңыздан не ұнады, неге? 2) Сізге қай жерде оңай болды, неге? 3) Сабақта ең сәтті болған кезең қайсы болды, неге? 4) Не ұнаған жоқ, неге? 5) Қиындық қай жерде болды, неге? 6) Қай жерде қате кетті деп ойлайсыз? Неге қате деп ойлайсыз? Қате неден кетті деп ойлайсыз? 7) Келесі сабақта не істер едіңіз?»

Мен мақсатты түрде сұрақтың ретін әуелі сабақтың жақсы жақтарына тоқталып, эмоциялық жағымды ахуал туғызатындай етіп, сол арқылы мұғалімнің «қазір менің сабағымды талдайды» деген ішкі күйзелісінен туатын қарсылық реакциясын, яғни өзінің жасаған әрбір әрекетін, оқушының ісі мен жауабын сабаққа қатысқан мұғалімнің алдында барынша қорғауға тырысатын, сонысымен өзінің тәжірибе жинауына кедергі келтіретін психологиялық кедергісін жоюға тырыстым. Мұным бірден жеміс берді: мұғалімнің көзінде маған сенетінін, менен қолдау күтетінін байқадым.

Менің тарапымнан осындай психологиялық қолдау тапқаннан кейін, әріптесім өзіне қойылған, жауап берушіге кері әсер беретін «жағымсыз» сұрақтарға тура жауап берудің қиындығына қарамастан, мұғалім өзін-өзі жеңіп, яғни ішіндегі жалған намысты өлтіріп, өзінің сабақ беру тәжірибесіне сын көзімен қарай отырып талдау жасады. Бұрын мұндай әлсіз сабақтан кейін оны талдағың да келмейтін: өзіңе де абырой жоқ, мұғалімге де абырой жоқ, ертеңгі сабаққа құлшыныс та жоғалады, әуелі ары-беріден соң, мұғалімдіктен кетіп те қалғың келетін кез болатын. Ал мынау тәсіл, сұрақты тереңдете отырып, жанға тимейтін етіп, сөйте тұра туындап тұрған мәселені тап басатындай етіп қою тәсілі, сұрақ қоюшының да, жауап берушінің де ар-намысына, абыройына, беделіне нұқсан келтірмейді, әрі адамның өз қызметіне деген құлшынысына күш қосады екен.

Аталған әріптесімнің мен практика барысында қатысқан сабағына дейін қандай да бір себептермен өзінің сабақтарына менің кіргенімді қаламайтынын байқайтынмын. Сыннан қорқа ма, әлде өзінің әдістемелік және пәндік біліміне сенбей ме, қалай болғанда да менен алыс жүруге тырысатыны айқын көрініп тұратын еді. Өзімен оның сабағын сынау тұрғысынан емес, оған қолдау көрсету сыңайында сұхбат жасап, тәлімгерлік еткен соң, әріптесімнің маған жылы шыраймен қарап, менімен терезесі тең адам сияқты, өзін төменшік санамай қатынасқанын ол мұғалімнің өзгеріске ілесуі, менің тарапымнан жасалып жатқан мендегі өзгерісті қабылдауы деп бағаладым.

Келесі сабақты жоспарлауына көмек беріп,топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін,диалогтік оқытуды қолдануын өтіндім.

Бұл тәсіл құрдастар тобында өзара қарым-қатынасқа түсе отырып ,оқушы тарапынан оқуда маңызды рөл атқаратынын тәлім алушым 2 коучинг-сессия сабағынан түсінген еді.Сондай-ақ бұл тәсіл арқылы мұғалім оқу материалын түсіндіруі, оқушының оны меңгеруі;оқушыларды проблемаларды қоюға және оны шешуге қатысуға түрткі боладытынын айтып өттім. Қысқа мерзімді жоспарды құру барысында 7 модульді ықпалдастырумен қатар,смарт мақсаттың болуына аса көңіл бөлу керектігін түсіндірдім.

Тәлім алушым келесі жаңа стильдегі сабағын дүниетану пәні бойынша өткізуді жоспарлады.

Сабақты психолгоиялық дайындықпен бастап, оқушылар өздеріне ұнаған үй жануарлары арқылы топқа бөлінді. Оқушылар топтық жұмыстын ережесін еске түсірді.Сабақ үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде мұғалім оқушыларды ашық сұрақтар қою арқылы ойлануға, өз ойын ашып жеткізуге мүмкіндіктер жасады. Екінші мағынаны тану кезеңінде тапсырмалар бойынша 4 топ әуелі өлеңмен жұмыс жасады,бөлімдер бойынша талқылады,авторы туралы айтты, және берілген бөлімдер бойынша қара сөзбен мазмұндады.Осы жұмыстар барысында оқушыларда зерттеушілік әңгіме жүрілді.Оқушылар ынтымақтастықта,бірін-бірі тыңдай отырып,сабаққа белсенді қатысты.

  1. Қосымша №8,9) Іс-әрекеттке оқушылардың бәрі қатысып отырды. Үшінші ой толғау кезеңінде мұғалім «Төрт түлік малдар айтысы»тақырыбында 1 топқа тапсырма ұсынды. 2 топ : Мал өсіруші ферманың директоры. «РАФТ» стратегиясы: Р -директор, А -малшы, Ф -әңгіме,Т - төрт түлік малдың қорасы стратегиясы бойынша тапсырма орындады.Ал 3топ оқушылары «Төрт түлігім - асыл қазынам»атты эссе жазды. 4 топ оқушылары «Төрт түлік» тақырыбына «5 жол өлең»жазу тапсырылды.

Қорыту кезеңінде әр топ өз жұмыстарын талдап,постер жасай отырып,қорғады. Сабақ соңында қандай кері байланыс жасалды.Сабақтың алғашқы кезеңінде берілген бағалау парағының қорытындысы шығарылды.Менің бақылаушы ретінде осы сабақтан байқағаным оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас,пікірталасуы,топтық жұмыстағы ұйымшылдық, ынтымақтастықта жұмыс істегендігі. Сабақ соңында тәлім алушымен кәсіби әңгіме жүргіздім. (Қосымша №10)Ол өз сөзінде бүгінгі сабақ өз ойымнан шықты,сабаққа оқушылар бір кісідей қатысып,қызығушылық танытып отырғанын айты. Сондай -ақ, оқушылардың кері байланысын көре отырып, жіберілген олқылықтардын орнын толтыру керектігін түсінді.Оқушылардан сұхбаттар алынып,жүргізілген жұмыстардың тиімді және тиімсіз жақтары анықталды. Өзгеріс енгізу барысында мұғалімнің де, оқушының да белсенділігінің артқанын байқадым. Нәтижесінде тәлімгерлік жүргізу үдерісінде тәлім алушының әдістемесін жетілдіруге ықпал жасап, оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлесімді қостым деп ойлаймын.

«Lesson Stadu» іс-әректті зерттеу тобын құрып, өз тобымдағы мұғалімдер жиналып, нені, кімді оқыту керектігін анықтадық. «Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың ынтасын арттыру,диалогтік әңгімеге тарту» тақырыбында 4 «в» сыныбын зерттеу обьектісі етіп алдық. Осы сыныпқа «Lesson Stadu» тәсілі бойынша осы сыныпта дүниетану,әдебиеттік оқу пәндерінен іс-әрекетті зерттеу сабақтары жүргіздік. Сабақ жүргізбес бұрын 4- сынып ата-аналарымен, сынып жетекшісімен және мектеп психологімен әңгіме жүргізіп, осы сыныпты зерттеу алуға келісім алдым.

Зерттеу сабағын жоспарлап, сабақ өтетін сыныптан А,В,С деңгейіндегі 3 оқушыны анықтап алдық.(Қосымша№13) 1-сабақты мен өзім дүниетанудан «Отбасы - шағын қоғам.Қоғамдық топтар»тақырыбында өткіздім. Қалған топ мүшелері сыныпты және үш оқушының іс-әрекетін назарға алып қадағалап отырды.

Сабақта сергіту сәті жүргізіліп оқушыларды топқа бөлінді.Оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайтын жұмыстың түрлеріне топтық жұмыс, жұптық жұмыс, оқулықпен жұмыс түрлері берілді.(Қосымша №14) Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауда мадақтау, өзін-өзі бағалау,жұптар өзара бағалау, топтар өзара бағалаулар қолданылды. Зерттеу кезінде А,В,С деңгейіндегі оқушылардың сабаққа қатысуы,көңіл күйлері,сабаққа берген жауаптары қадағаланды.Сабақ соңында оқушылардан сұхбат алынды. Сұхбат барысында С деңгейіндегі оқушы ұяң өз ойын айтуға қысылатын бала болатын, бірақ осы сабақ оны қызықтырғанын айтып,ашыла сөйледі. Кері байланыс жасаған кезде оқушылардың біразы сергіту сәті ұнағандығын, бесінші сабақ болған соң шаршағанымызды ұмыттырды, әр сабақта осылай сергіту сәттерін жасап тұр жақсы болар еді деп өз ойларын білдірген.Сабақта қолданған ББҮ, венн диограмма, топтастыру әдістері ұнады деген оқушылар да болды, мұндай әдістер бізді ойлануға,ізденуге тартады деп кері байланыста көрсеткен.Яғни бұл дегеніміз сабақтағы қол жеткізген нәтижем деп түсінемін. Осы сабақтан кейін кәсіби топ мүшелері сабақты талдап,талқылап келесі сабақты жоспарладық.

Келесі сабақ әдебиеттік оқу пәнінен «Көптен безген көгермес» тақырыбында өтті. Мұғалім сабақ сергіту сәтінен басап, оқушылардың көңіл-күйін көтері, топқа бөліді.

Сабақта СТО әдіс-тәсілдері («Кубизм», «Әдеби үйірме», «5жолды өлең», «Еркін жазу» «Автор» орындығы),сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелесусияқты стратегияларды жүйелі қолданып ,оқушыларды ынталандырып,сабаққа тарта білді.

Екінші кезеңде әр топқа жеке тапсырмалар берді, Оқушылар берілген тақырып бойынша топта бірлесіп,өз ойларымен бөлісіп, сыни ойланып, оны флипчартқа түіріп, ортада қорғады. (Қосымша №13).Осы сабақта А деңгейіндегі оқушы топта қасындағы құрдастарына көмектесіп,өз ойын айтып отырды,бсабаққа белсенді қатысты.Топқа берілген шығармашылық тапсырмаларды орындауда көбіне өзі басшылық жасап отырды.Қалған оқушылар оны тыңдады,бір қарағанда «кумулятивтік»әңгіме орын алды.Келешекте осы әңгіме түрін зерттеушілік әңгімеге қалай ауыстыруға болады деген ойға келдім.

В деңгейіндегі оқушы өзін сабақта жақсы көрсете білді,сабақтың бар кезеңінде де белсене қатысып, мұғалім қойған сұрақтарға толық жауап бере алмады,бағыттаушылық нәтижесінде жауаптар беріп отырды.Шығармашылық тапсырмаларды орындауға белсенді қатысты. С деңгейіндегі оқушы да сабаққа сабақта белсенділік танытып отырды.Оған дәлел топтық жұмысты ұйымдастыру барысында ,тақырыпты талқылауда,оған да өз ойын ,пікірін білдіру ұсынылды. «ал енді сенің ойың қандай,деп оны әңгімеге тарту барысында ол шабыттанып,ізденіс жасап,сұрақтарға дұрыс,ұтымды жауап беруге тырысты.Және де топпен бірлесіп жазып, орнында жұмыс жасап отырды. 3. Ой қорыту кезеңінде 1топ оқушылары ой бөлісті,тақырыптың идеясын ашуға тырысты, мазмұндады;

2 топ оқушылары-Адал дос пен амал достың айырмашылығы туралы эссе жазды.

Ал 3 топ оқушылары тақырыпқа байланысты қосымша ақпарат табу,мақал-мәтел,нақыл сөз.Отбасы шежіресі туралы шығармашылық ізденісте жұмыс жасады.

Сабақ соңында Мен не білемін?,Нені білдім?,Нені білгім келеді? әдісімен кері байланыс болды. Топтағы бағалаушы оқушы оқушыларды толық бағалады және мұғаліім өз бағасын толықтырып қойды.Әр зеттеу сабақтары аяқалған соң оқушылардың ойын біліп сұхбат алып отырдым.Сұхбат барысында Д. есімді оқушы Лессон стади сабақтары бізге ұнады, себебі біз топпен жұмыс жасай отырып бір-біріміздің идеяларымызды тыңдап,проблемаларды бірлесіп шешіп отырдық,топ мүшелерінің өзінің атқаратын рөлдері болады. Осында әдістер бізді қызықтырды.Бұл сабақтарда топтық жауапкершілікті сезіндік деп өз ойын білдірді.Оқушылардың пікірлері мені қуантып тастады. Ендігі кезек сабақ өткізген мұғалімдердің пікірін білу болды. Осы ниетпен мұғалімдермен сұхбаттастым. Бастауыш мұғалімі Қ есімді әріптесім мен курстан өтпесем де осы бағдарламаның идеясын түсіндім, өз сабағыма өзгерістер енгізгеніме қуаныштымын, өткізген сабағымнан қатты әсер алдым, оған себеп оқушылардың бірлесіп,проблеманы өздері шешкендігі,тапсырманы орындағанда жауапкершіліпті сезінетіндігіне көзім жетті деп сөзінің соңында ризашылығын білдіре отырып,осы курысқа баруға ынтасының барын айтты. Зерттеу тобындағы мұғалімдер сабақ соңынада бірден талқылау жүргізіп отырдық. Талқылау барысында мынадай нәтижелердің жүзеге асқанын байқадық. Сынып тұтастай оқытылды, оқу сапасы көтеріліп қалды,сабақта смарт мақсат қоюды үйрендік, мақсат оқушының іс-әрекетіне негізделді.

Зертеу барысында арнайы бақылаулар жүргізіліп, бейне түсірімдер,фото суреттер жинақталды.Осы деректерге сүйене отырып , күнделікті өзімнің іс-әректіме рефлексиялық есеп беріп отырдым.

Тәжірибені өзгерту-бұл істеп жатқан ісімізді, түсінікті,біз қалай ойлайтынымызды, бір-бірімізге деген көз қарасымызды өзгерту.

Мен мектептегі тәжірибе кезінде әріптестерім мен оқушыларды,ата-аналарды жүз пайыз өзгерте алмасам да, коучинг және тәлімгерлік жұмыстарын жүргізу арқылы осы бағдарлама аясында әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақтарға енгізуде мұғалім, оқушы, ата-аналармен сұхбаттасу арқылы аз да болса, өз мектебіме өзгеріс енгізуге ықпал жасағаныма қуаныштымын.

Мектептегі алты аптаның соңында алынған бақылау нәтижесі төмендегідей көрсеткіштерді көрсетті.

I деңгей мұғалімінің Е есебі

-Мектепке білім алуға бар ынтаңмен келесің бе?деген сауалнамаға 69% оқушылар «ия»-деп, 6%оқушылар «кейде»деп,25% оқушы әлі де болса «жоқ»деген жауарты белгілеген.Алдыңғы сауалнамамен салыстырғанда бұл бағыт бойынша 10% көлемде артықшылықты байқаймыз.

-Мұғалімдер қолданатын әдіс-тәсілдер сіздерге оқу үдерісінде ойлануға,ізденуге ,алға ұмтылуға әсер ете ме? деген сауалға 69% оқушылар «ия»-деп, 20% оқушылар «кейде»деп, 11% оқушы әлі де болса «жоқ»деген жауапты белгілеген.Оқушылардың 19% ға өскен жағымды жауаптарын көріп отырмыз.

-Сыныпта жағымды орта қалыптасып өзіңізді еркін сезінесіз бе?деген сауалға алдыңғымен салыстырғанда 20% артықшылық көрінді.

- Оқыту мен оқу үдерісі сізді қызықтыра ма?деген сауалнаманың жауабы қуантарлық,69%,ол дегеніміз оқуда қолданылған әдіс-тәсілдердің оқушы ынтасына көп әсер еткені деп түсінем.

-Қазіргі мектептің жағдайы білім алушы ретінде сізді қанағаттандыра ма?деген сауалнамадан да 19 % артқанын байқаймыз.

Бұл сауалнамадан шығатын қорытынды мектеп ресурстарынан гөрі,мұғалімнің сыныпта ұйымдастыратын жұмысына көбіреке көңіл бөлсе,оқу сапасына едәуір артатынын айту керек.

Өткізілген жұмыстардың мұғалімнің ұйымдастыруына қаншалықты ықпал еткенін білу мақсатында ұстаздардан сауалнама алынды:

I деңгей мұғалімінің Е есебі





Мұғалімдерден алынған сауалнамада:

-Сабақта топтық жұмысты пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты деп ойлайсыз ба?

Мұғалімдердің 30 пайызы иә деп жауап беріпті,бұл жақсы көрсеткіш деп ойлаймын.Себебі,мұғалімдердің көпшілігі топтық жұмыс арқылы оқушылардың сабаққа денен қызғушылының артатынын түсінген.

-Сіз оқытудың жаңа әдіс -тәсілдерін үнемі сабақта қолданасыз ба? деген сұраққа мұғалімдердің басым көпшілігі 80 пайызы иә деп жауап берген.Яғни мұғалімдеріміз заман талабына сай, жаңа әдіс -тәсілдерді сабақта қолданғанынан байқадым.

-Оқушыларға білім сапасын арттыратын кері байланыс ұсынасыз ба? деген сұраққа мұғалімдердің 70 пайызы иә деп жауап берді.Бұл дегеніміз мұғалімдеріміз оқушылардың білімін бағалауда кері байланыстың пайдалы екендігін түсінгені.Кері байланыс жасай отырып оқушылардың оқудың қай деңгейінде екендігін анықтай алады деген сөз.

-Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік бересіз бе? деген мұғалімдердің 60 пайыз иә деп жауап берді.Яғни мұғалімдердің жартысынан көбі оқушыларға өз еркімен ізденіп оқуына бағыт беруді жөн деп санаған.

Ата-аналардан алынған сауалнама көрсеткіші төмендегідей нәтиже берді:

I деңгей мұғалімінің Е есебі




-Өздерін мектеп өмірінен хабардармыз деп санайтын ата-аналар 89% көрсетті.

- Баласының оқуына жауапкершілікпен қарайтындар-85%,

-Мектептің қазіргі ахуалы қанағаттананатындар-89%;

- Мектепте өтілетін іс-шараларға қатысу-50%;

- Балаңыздың оқуға деген ынтасында өзгеріс бар ма?-70%.

Сауалнамадан кейін Н есімді ата-анамен сұхбаттастым.Ол кісінің айтуынша баласы мектебінде,сыныбында болып жатқан өзгерістермен қуана бөліседі екен.

Бұл аз да болса мұғалімнің жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануының бір көрінісі болар.

Мектептегі тәжірибе мен үшін маңызды және пайдалы тәжірибе болды деп есептеймін.Бұл зерттеу барысындағы іс-әрекеттер өз білімімді жаңартуға және әріптестеріммен тәжірибе алмасуға қадам жасатты. Тәжірибе соңында құрылған кәсіби топ мүшелерімен әңгіме жүргізіп, олардың осы бағдарламадан алған әсерлері мен көзқарастарын сұрадым. Олар өз ойларымен бөлісіп, заманауи әдіс -тәсілдер оқушылардың білім сапасын көтеруге септігін тигізіп,мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етіп отырғандығын сөз етті. Осы әдіс-тәсілдер қолдана отырып, біріншіден өзіміздің көзқарасым өзгерсек, екіншіден сабақ жоспарлары мен сабақ өткізудің тәсілін де өзгерттік,үшіншіден- баланың еркіндігін шектемей,оқушылардың сабаққа ынтасы оянды, өзін-өзі реттеуді үйренді, бағалау тәсілдерін өзгерттік деп өз ойларымен бөлісті.Ұстаздарымыздың осындай аз уақыт ішінде жеткізген жетістіктері,әрине көңілге қуаныш ұялатады. Қазір өз сабақтарына өзгеріс енгізгісі келетін ұстаздармен сұхбаттасқанымда бастапқыдай емес,ұстаздарымыздың көзқарастары өзгергенін байқадым.Осы тәжірибе барыснда қол жеткізген нәтежелерімді болашақта мектебімнің дамыту жоспарына кіргізу үшін мынадай ұсыныстар жасар едім:

-Мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету;

-Оқыту мен оқуға жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану.;

-Мұғалімдердің теориялық білім дері мен тәжірибелік кәсіби дамуына

қолдау көрсету барысында коучинг және тәлімгерлі жүргізу;

- Мектеп тәжірибесін түрлендіру;

-Lesson Stadu зерттеу сабағының тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастыруды кәсіби тобыммен бірлесе отырып қолға алу;













I деңгей мұғалімінің Е есебі

I деңгей мұғалімінің Е есебіI деңгей мұғалімінің Е есебі



Қосымша№1 Қосымша№2

Мектеп директорымен кәсіби әңгіме Ата-аналардан сауалнама сәті

I деңгей мұғалімінің Е есебі

I деңгей мұғалімінің Е есебі


Қосымша№3 Қосымша №4

Оқушылардан алынған Мұғалімдерден алынған

I деңгей мұғалімінің Е есебісауалнама сәті сауалнама сәті

I деңгей мұғалімінің Е есебі







Қосымша № 5

№1 Коучинг барысында топтық жұмыс сәті

I деңгей мұғалімінің Е есебі

I деңгей мұғалімінің Е есебі













Қосымша №6

№2 Коучинг барысы «Зерттеушілік әңгімеге қалай жетеміз»?

I деңгей мұғалімінің Е есебі

I деңгей мұғалімінің Е есебі












Қосымша №7

Тәлім алушымен кәсіби әңгіме сәті

I деңгей мұғалімінің Е есебіI деңгей мұғалімінің Е есебі











Қосымша №8

№1 Lesson Stadu зерттеу сабағына жоспар құру сәті

I деңгей мұғалімінің Е есебіI деңгей мұғалімінің Е есебі



I деңгей мұғалімінің Е есебіI деңгей мұғалімінің Е есебіI деңгей мұғалімінің Е есебі

I деңгей мұғалімінің Е есебі

I деңгей мұғалімінің Е есебі

I деңгей мұғалімінің Е есебі




Қосымша№9

№1 Lesson Stadu зерттеу сабағы

I деңгей мұғалімінің Е есебіI деңгей мұғалімінің Е есебі

I деңгей мұғалімінің Е есебі

I деңгей мұғалімінің Е есебіI деңгей мұғалімінің Е есебі

I деңгей мұғалімінің Е есебі




Қосымша №10

№2 Lesson Stadu зерттеу сабағы


I деңгей мұғалімінің Е есебіI деңгей мұғалімінің Е есебі

I деңгей мұғалімінің Е есебі





























Қосымша №11

А,В,С оқушылар











16



© 2010-2022