Презентация по казахскому языку на тему Коучинг

Раздел Дополнительное образование
Класс 9 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг тақырыбы: Заманауи оқыту әдістемелерінің негізгі -7 модуль

№1

Коучинг сабағының тақырыбы:

Заманауи оқыту әдістемелерінің негізгі -7 модуль

Коучинг сабағының мақсаты:

Мақсаты: Бірінші деңгей бағдарламасының мақсат, міндеттері жайлы түсінік беру. Кәсіби біліктілікті арттыруға коучинг әдісінің тиіміділігі, оқытудың 7 модулінің идеялары туралы ой талқылау, іс жүзінде қолдануды үйрету .

Табыс критерийлері

Мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы замануи түсініктері қалыптасады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілді игереді. Әріптестерге бағыт-бағдар беріліп, оқыту арқылы өзгерістердің тиімділігін бақылау.

Негізгі идея

«Бізді өзгертетін 7 модуль» атты мұғалімдерге арналған таныстырылым ұйымдастырдым. Мұндағы мақсатым: бағдарламаның негізгі идеяларымен таныстыру, қызығушылық танытып, білімін жетілдіргісі келген мұғалімдермен бірігіп шығармашылық топ құру. Курстың негізгі идеясы мен мақсат міндеттері презентация арқылы таныстырылды.

I деңгей бағдарламасының құрылымы

Бағдарламаның негізгі міндеті - мұғалімдердің педагогикалық тәжірбиесін жетілдіру мен бағалауға бағыттау.

Бірінші деңгей бағдарламасының мазмұны: "XXI ғасырда нені оқыту керек?",

"Мұғалімдер оқушыларды қалай дайындайды?" .

Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім,күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып, оның еркіндігін,белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады. Кембридж тәсілдері өзіндік жеті модульден тұрады: 1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
2) Сыни тұрғыдан ойлау;
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;
4) Білім берудегі АКТ пайдалану;
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық

Ұйымдастыруда алғашқы қадам оқушыларды топқа бейімдей отырып, сыныпта психологиялық атмосфераны қалыптастыру бағытында болуы керек. Сондықтан оқушыларды топқа бейімдеу үшін түрлі психологиялық тренингтер өткізіп, сабаққа қатысты топтастыру жүргізу қажет.

Ресурстар

флипчарт, маркер, қайшы желім,стикерлер, тапсырмаларға арналған қағаздар.

Барысы

Кезеңдері

Уақыты

Жұмыс барысы

Психологиялық тренинг

2 мин

Психологиялық ахуал. Шеңберге түрады. Әр адам өз есімінің басты әрпінен басталатын сын есім ойлайды. Келесі адам өз есіміне қоса алдыңғы адамның есімін қосып айтады. Мысалы Бақытты Бибинур, Ақылды Ақпейіл, ғалым ҒалҒалия...

Ұйымдастыру

5мин

Коучинг тақырыбымен таныстырып, мақсат қойғызу. БББ кестесін беру

Топқа бөліну

3 мин

Әр жыл мезгіліндегі туған күндері бойынша топқа бөліну



Ой толғау





Қорытынды

Бағалау

15 мин





5 минут

6 минут

5 минут

4 минут

7 модуль анықтамасын топтарға бөліп тастау. Әр топ «Тыңдап отырған үштік» әдісі бойынша бір - біріне түсіндіреді. Шарты: Қатысушылар үш- үштен бөлінеді. Біреуі сөйлеуші, сұрақ қоюшы, жазып отырушы. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, мәтінді түсіндіреді, пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады. Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алап отырады. Соңында жазып алушы қорытындылайды.

Презентация по казахскому языку на тему КоучингПрезентация по казахскому языку на тему Коучинг

«Қаздар» атты видеоролик көрсету. Видеороликте не көрсетілді. Түртіп алып отырады. Көріп біткен соң 7 модуль бойынша

не жұмыс жасауға болады, модульдерді қалай ықпалдастырады.

7 модуль туралы түсінгендерін постер арқылы қорытындылау.

Эссе жазу «Модульдер ықпалдастығы»

БББ кестесіӘр топ бірін -бірі бағалайды. Кері байланыс

Презентация по казахскому языку на тему Коучинг















Ұйымдастыру әдістері. «Орныңды жылдам ауыстыр

Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді . «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.

Әрбір ұстаз кез-келген жағдайлардан, педагогикалық әрекеттен өзінің шеберлігімен жол тауып шыға білу керек емес пе?

Олай болса біздің қазіргі ойын жаттығуымыз сіздердің шеберліктеріңізді, өздеріңізді терең тануға, сондай-ақ өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін тануға көмектеседі. - Жоба идеясының 1

қызықтылығы, креативтілігі 2

- Ойларын дұрыс , тартымды,

түсінікті жеткізу 1

-Тақырыпты толық ашуы. 1

- Топ ынтымақтастығы 1

© 2010-2022