Қазақ тілі сабағы. АЛТЫН КҮЗ. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Раздел Дополнительное образование
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

6-сынып


Сабақтың тақырыбы: Алтын күз

Сабақтың мақсаты: Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілінен білім беру

Білімділік.Жаңа тақырыпты толық меңгерту. Күз айларын дұрыс айтуға, жаңа тақырыпты жүйелі баяндау. Жаңа сөздермен сөйлем құрастырту

Дамытушылық. Тапсырмалар жазу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тілін, ойын белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік.Шыдамды болуға, бауырмалдыққа, ел намысын қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: кітап, суреттер, буклет.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау,

білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

Бір жылда қанша жыл мезгілі бар?

Оларды атап шық?

Жаз айларын ата?

Жазда оқушылар не істейді?

Қазір қай жыл мезгілі?

Қазір қай ай?

II Өткен сабақты қайталау:

1. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.

III Жаңа түсінікті қалыптастыру:

1) -Балалар, біз сендермен бүгінгі сабақта «Алтын күз» деген тақырыпты өтеміз.

2) Алтын күз туралы кіріспе сөз. 3) Жаңа сөздерді тақтаға жазып қою, таныстыру, айтқызу. Есте сақтауларын қадағалау.

Қаптау-скучиваться,собираться

Топ-топ - группой

Ерекше-особенный

Егін даласы-посевное поле

Қайнау-кипящий

Үздіксіз-непрерывно


  1. Сөздіктерді мұғалім оқиды.

  2. Мұғалімнің артынан қайталап оқу.

  3. Оқушылардың өздері оқиды.

Сөздіктерге сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңдар.

1-тапсырма. Суреттердің орнына тиісті сөздерді қойыпкүз туралы әңгімелестіру.

Күз келді. Күн суыта бастады, аспанды бұлт қаптады. Жиі-жиі жауын жауады. Жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр. Олардың түстері әр түрлі: сары,қызыл,жасыл. Олар жерге жайылған өрнек ұқсайды. Құстар топ-топ болып,жылы жаққа ұшты. Адамдар да жылы киіне бастады. Адамдардың күзгі еңбектері де ерекше. Егін даласында - қайнаған қызу еңбек. Комбайн мен тракторлардың гүрілдеген үні үздіксіз естіліп тұр.

2-тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.

Пысықтауыш,Анықтауыш,Толықтауыш

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланыста қолданылады.Сол байланыстың негізінде сөйлемдегі сөздердің белгілі орын тәртібі болады. Сөздердің орын тәртібі сөйлем мүшлері ыңғайында былай болады:

  1. Бастауыш баяндауыштан бұрын тұрады.

  2. Толықтауыштың өзінің толықтайтын сөзінен,анықтауыш өзінің анықтайтын сөзінен,пысықтауыш өзінің пысықтайтын сөзінен бұрын тұрады.

3-тапсырма.Сөйлемдерді дұрыс құрату.

3-тапсырма.Сөйлемдерді дұрыс құрату.


  • Күн,ұзарады,күзде,қысқарады,түн.

  • Жылы,ұшады,құстар,күзде,жаққа.

  • Егін,күздігүні,жинайды,диқаншылар.

  • Жеміс,піседі,бақта,бақшада,көкөніс.

  • Жиі-жиі, жауады,жаңбыр.

  • Ғажайып,ең,күз,айлары,бір,жылдың,айлары.

4-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алғызу.

5-тапсырма.Сызба бойынша күз туралы әңгіме құрастырыңдар.

Күз айлары



Ауа райы

молщылық



КҮЗ



жаңбыр

Жеміс,

жидек,

көкөніс

Суық жел


IV Жаңа сабақты бекіту: Жаңа сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қою:

1. Күз айларында неше ай бар?

2. Неліктен алтын күз деп атайды?

3. Фонетика дегеніміз не?

4. Дауыссыз, дауысты дыбыстарды ата?

5. Қатаң дауыссыздарды ата?

6. Үнді дауыссыздарды ата?

7. Ұяң дауыссыздарды ата?

V Сабақты қорыту: сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отыра, дағдыға айналдыру. Жаңа сөздерді қайталату. Түсінбегендерін сұрату.

VI Үй тапсырмасын беру: 49-50бет, 1-тапсырма. Ережелерді қайталау.

VII Бағалау: әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру. Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.


© 2010-2022