Спецкурс «Дәстүр және этнодизайн»

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Түсіндірме хат


Қазақстан Республикасының Техникалық және кәсіптік оқытуды дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты техникалық және кәсіптік білімін реформалау арқылы Техникалық және қызмет көрсету саласында еңбек ететін болашақ мамандары сапалы және бәсекелеске сай дайындау. Бәсекелеске сай мамандарды дайындаудың сапасын жоғарлату сабақтардың барысында және сабақтан тыс жұмыс барысында жүзеге асады.

Бүгінгі күнде колледж жаңа ой қабілеті және жаңа көзқарастары қалыптасқан жас мамандарды дайындауды өз міндетіне алып отыр. Теориялық сабақтарда және кәсіптік тәжірибе сабақтарында алған білім және дағдылармен ғана шектелмей, кәсіптік білім бағдарламасының үстінен білімдерін кеңейтуді талап етеді.

Осы «Дәстүр және этнодизайн» арнайы оқу курсына 40 сағат бөлініп отыр, және болашақ халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін болашақ мамандарға эстетикалық көзқарас қалыптастыру және Қазақ халқының рухани және мәдениет байлығымен танысу арқылы шығармашылық қабілеттерін оятып жоғары патриоттық сезім қалыптастыруды мақсат етеді. Сонымен бірге инновациялық технологияларды, фото, видео материалдарды интернет ресурстардан қолдану арқылы креативті, жаңашыл идеяларды өз мамандығымен байланыстыру жолдарымен таныстыру.

Өз мамандығы бойынша білімдерін, қызығушылықтарын кеңейтуге мүмкіндік туғызған жағдай, колледж оқушыларға таңдаған мамандығы бойынша өздерінің ерекше мүмкіндіктерін ашып, болашақ мамандықтарында іске асырып, жоғары сапалы, бәсекелеске сай болу сезімдерін туғызады.

Осы бағдарлама оқушыларға оқып жатқан мамандығы бойынша бағдарламадан тыс жаңа білімдерін толықтыратын шығармашылық дәрежеге жетуге жол беріп, көзқарастарын жаңа сатыға шығаруға мүмкіндік береді.

Мақсатына жету келесі міндеттерді орындау ақылы орындалады:

  • қызмет көрсету мамандықтары жайында білімдерін тереңдету;

  • таңдаған мамандығы бойынша қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

  • тәжірибе дағдылар мен ұсталықтарға көзқарастарын кеңейте түсіріп, болашақ шығармашылық мүмкіндіктеріне сын тұрғыдан қарау арқылы өз мүмкіндіктерін талдап, болашағын жоспарлау, өз жолын іздеу негізінде болашақ мамандығын меңгеруге ынталандыру

Курс бағдарламасы бойынша жұмыс істеу сан алуан әдістер арқылы жүргізіледі қарастырады. Осы бағдарлама бойынша оқытуды жүзеге асыру теориялық білім беру сабақтары қосалқы тәжірибелік жұмыстарды өтrізген жөн, олар білім алған тақырыптарды болашақта тәжірибе түрінде қолдануға мүмкіндік береді. Оқыту барысында оқушылар эскиздерді, презентация, роль ойындар, жаттығуларды, жобаларды және т.б. жұмыс түрлерін орындаулары қарастырылады. Сонымен қатар эвристикалық әңгіме, тыныштық сәті, оқу материалды мәселені шешу, интернет ресурстарын қолдану сияқты және т.б. әдіс-тәсілдерді қолдану қарастырылады.

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында заманауи техникалық құралдарды, бағдарламаларды, журналдар, каталогтармен жұмыс тәжірибе алады, мұражайларға, көрмелерге экскурсиялар, сонымен бірге Семей педагогикалық институтының бейнелеу өнері және сызу кафедрасымен, тігіс және әсемдік салондарымен ынтымақтық жұмысы шаштараз, тігіншілер, визажист, маникюр болашақ мамандарға таңдаған кәсібі бойынша көркем-сән өнерін түсінік алуға ықпал етіп, қызығушылықтарын арттырады.

Жоспарланған нәтижеге және негізгі түсініктерін меңгеру мақсатымен бағдарлама материалы жеткілікті мерзімдерге бөлінген.

Берілген курс бойынша дайындық нәтижесін анықтау мақсатымен қорытынды бақылау жобасын қорғау түрінде өткізіледі.


«Дәстүр және этнодизайн» арнайы курсының тақырыптық жоспары

№ р/с

Тақырыптар

Сағат саны

Кіріспе. Пән және оның мақсат-міндеттері

Қазақтың ою өрнектері

2

Қазақтың ұлттық киімдері Ол - өте құнды тарихи-мәдени мұрамыз

4

Қазақ халқының ұлттық киімнің негізгі түрлері

2

Киімдердің әлеуметтік дәрежесі

2

Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар


Қазақ ұлттық бас киімдер және олармен байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар

2

Қазақ ұлттық Сырт киімдер және олармен байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар

2

Қазақ ұлттық Неке киімдері және олармен байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар

2

Қазақ ұлттық Сәбилер киімдері және олармен байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар

2

Қазақ ұлттық Аяқ киім және олармен байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар

2

Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Қазақ ұлттық әшекейлері және олармен байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар

2

Бұрынғы кездегі шашты жинау дәстүрі және шашпен байланысты ырымдар мен тыйымдар

2

Қаралы киім. Хиджаб қазақтың дәстүрлі киімі болып саналмайды!

2

Шет елдерінің киім тарихы

2

Бұл не деген мәдениет? Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сөздер жастар үшін таңсық емес.

2

Адамның келбеті мен киімі және шаш(прическа) сәйкестігі - гармония

2

Заманауи модельерлердің қазақ киімінің идеялары.

2

Шығармашылық жұмыстар (эскиз, баяндама, ЭССЕ)

6








Спецкурс «Дәстүр және этнодизайн»
















© 2010-2022