Презентация по казахский язык и литературу

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Абыл ақын

(1777-1864)

Мақсаты: 1.Абыл ақын шығармашылығы мен өмірі туралы

түсініктерін қалыптастыру.

2.Абыл ақынның шығармашылығы туралы білімін дамыту.

3. Абыл ақынның шығармашылығын оқыту арқылы ақын-

жыраулардың шығармаларын оқып үйренуге, туған жер әдебиетін

білуге тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: тарихпен, өмірмен, әдебиет теориясымен.

Көрнекілігі: карточка, буклет, альбом, шығармалары.

Сабақты ұйымдастыру: Топтық, жалпы сыныптық .

1.Жалпы сыныптық тапсырма лекциядан үзінді жазу.

1.Топтық жұмысқа арнайы текстер беріледі.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ мазмұны: мәнділік.

Сабақ приципі: саналылық.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, әңгімелеу әдісі.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.

Жаңа сабақ .

Абыл ақынның өмірі мен шығармашылығы.

Эпиграф.

Арғымақ атта сын болмас,

Қиған қамыс құлақсыз.

Азаматта сын болмас

Арты болса тұяқсыз. (Абыл)

Абыл Өтембетұлы Маңғыстауда туып өскен. Суырыпсалма ақындығымен бүкіл Атырау аймағына танылды. Жыр сапарымен Хиуа хандығы, Қарақалпақ, Түрікмен ауылдарын да көп аралайды. Абыл «Ноғайлының қырық батыры» жырын сақтап, келер ұрпаққа жеткізушілердің бірі болды. Абыл ақынның бізге жеткен өлеңдері: «Сүйінқара батырға», «Құлбарақ батырға», «Естірту», «Қайыпалдыға айтқандары», «Баймағанбетке айтқандары», «Кәрілік»

Кәрілік

Жарлылық құрысын,

Әйтседе кісі өлмейді.

Кісі өлмегенмен ісі өнбейді.

Кәрілік бәрінен де жаман екен,

Адамды ұрмай - соқпай кісендейді

Абыл ақын 87 жас жасаған. Осы жасқа келгенде жазған өлеңі

Сексеннің бізде келдік жетеуіне,

Жаманның ергенім жоқ жетегіне.

Біз байғұс қалтақ-құлтақ етіп келдік,

Біздей шал жатып қалды төсегінде.

Ақын қай уақытта болса да, елдің қамын ойлаған. Елінің қамын ойламаған әкімдердің теріс қалықтарын бетіне басып, олардан тайсалмаған.

Баймағанбетке айтқаны:

Бапайдан туған әкең Айшуақ жан,

Табаның таймай тұр-ай мінген тақтан.

Делірген тажал сынды дәрежеңді,

Деп жүрсің құдай қорып, қыдыр баққан.

Толық ел - толықсыған көлін тастап,

Қаңғырған Қайыпалды тәңір қаққан

Ер өлді деп етек булап жылайтұғын

Бәйеке-ау, қай ісің бар елге жаққан?!- деп

Байлардың елге сүйкімсіз қылықтарын сөз етеді.

Халқымыздың салтында кісі өлсе, оның жақын жамағатына, халқына естіртетін болған.Мұндай қаралы-қазаны ақындар өлеңмен жеткізген.

Жиренше шешенің қазасын естірту

Естірту.

Қолыңда жүрген қасқалдақ,

Қара құсқа жем болар,

Өртенсе көлдің қоғасы.

Қайранда жатқан нән балық

Шағала құсқа жем болар

Су алса көлдің сағасы.

Арғымаққа тартқан ығыршық ,

Арқасына бекімейді

Үзілсе айыр тоғасы.

Атадан қалған ақ сауыт,

Шығыршығы шірісе,

Жегдедей болмас панасы.

Аруана түйе күңіренер,

Бауырынан алса баласын.

Ай тұтылды ұлысыңнан

Күн тұтылды шығысыңнан,

Емен сапты болат найза

Сынды дейді ұңғысынан.

Тау құлады шынарынан,

Айырылып шықты көзің шырағыңнан

Айырылдың жиреншедей ділмарыңнан

Көрсең көзіңнің Раушаны,

Көңіліңнің күш қуаты,

Жүрегіңнің ол дидары,

Көзіңнің ол жанары

Айырылдың әспеттеген перзентіңнен.

Оқушыларды үш топқа бөліп, тапсырма беру.

1топ. Абыл өмір сүрген кез-ел өміріндегі елеулі оқиғаларға толы еді. Хиуа хандығынан үнемі қысым көріп отырудан құтылудың мүмкіндігі жоқтығын сезген Адай батыры Сүйінғара Үргешбайұлы (1756-1841) 1832 жылы кіші жүздің батыс бөлімін билеуші Сұлтан Баймағанбет Айшуақовқа Россияға қосылу туралы уәде берді. Мұны естіген Хиуа ханы Аллақұл Маңғыстау елдеріне көп әскер жіберіп аяусыз талатқан. Абылдың бізге жеткен өлеңдерінде Хиуа ханның озбырлық, басқыншылығына қарсы күрескен айтулы батырларды тебіріне жырлаған. Соның ішінде ерекше айтатыны ел үшін жан қиған Құлбарақ батыр

...Аржағың ер Есболай, Итемгеннен,

Келеді айқын жүйрік ат өлгеннен

Қайтады қайран ерлер қауымына,

Ажалға өзі барып сүйкенгеннен.

Құлбарақ туып еді Табылдыдан

Жау көрсе, жаман қашар жабындығы,

Барды да, батыр жауда қапыда өлді

Тиді де ажал оғы қағындыдан

Тапсырма:

1.Өлеңді буыны, шумағына ұйқасына талда.

2.Өлеңнің тақырыбы, мазмұны туралы айт .

2- топ. Абыл Хиуа хандығына қарсы күресті бастаушы батыр

Сүйінғараны да жыр еткен.

...Сүйекем сапар шекті сексен бесте

Сисемде қалды жатып ою төсте

Қорлыққа көнбен деген бір пенде еді,

Ажалға ол да көнді салған іске.

Сен барда сүйеулі еді арқам жарға- ай

Қатепті қайыспайтын қара нардай

Аузына байтақ жұрты анталаған.

Сүйекем сөйлер еді қарқуардай

Тапсырма :

1. Сүйінғара батыр туралы әңгімелеңдер .

2. Қатепті қара нардай -,деген сөздің мазмұнын ашып түсіндір.

3-топ. Арғымақ атта сын болмас.

Арғымақ атта сын болмас,

Қиған қамыс құлақсыз.

Азамат ерде сын болмас,

Арты болса тұяқсыз.

Айдын көлде сын болмас,

Жағасы болса құрақсыз.

Асқар тауда сын болмас,

Бауыры болса бұлақсыз.

Ақ киікте сын болмас,

Арты болса лақсыз,

Жеті арнада сын болмас,

Аяғы болса тұрақсыз.

Тапсырма:

1.Азамат деген сөздің мағынасын түсіндір.

2. Арты болса тұяқсыз деген сөздің мағынасын ашып әңгімеле.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

  1. Абыл ақынның өмірі туралы не білесің?

  2. Абыл жырлаған Адай батырлары туралы білгендеріңді әңгімелеңдер.

  3. Үстем тап өсілдеріне арналған өлеңдері?

Үй тапсырма: «Арғымақ атты сын болмас»шығармасынан үзінді жаттау жаттау.

№1 Т.Әлиев атындағы орта мектеп



Пәні : Қазақ әдебиеті

Тақырыбы : Абыл ақынның өмірі мен

шығармашылығы

Сыныбы : 10-сынып

Мұғалімі : Н.Ақмолдаева





Жаңаөзен -2016ж

© 2010-2022